ЕРКІНДІК ПЕН ТӘРТІП
Еркіндіктегі тәртіп – дәстүрлі мектепті жақтаушылардың
түсінуі ең қиын ұстаным – осы. Еркіндікке үйренген балалардың
сыныптағы тәртібіне қалай қол жеткізуге болады? Әрине, біздің
жүйемізде пән ұғымы әдеттегі түсініктен ерекшеленеді. Егер пән
еркіндікке құрылған болса, онда ол пән де міндетті түрде іс-
әрекетшіл, белсенді болуы тиіс. Әдетте индивид мылқау сияқты
үндемей, сал ауруымен ауыратындай еш қозғалыссыз отырса
болғаны, оны тәртіпті деп есептейміз.
Ал біз тәртіпті адам деп өзін-өзі игерген және өз жүріс-
тұрысын қандай да бір тұрмыстық тәртіп қажеттіліктеріне орай
ұйымдастыра алатын адамды айтамыз. Белсенділік тәртібі
ұғымын түсіну және меңгеру оңай емес, бірақ оның бойында ұлы
тәрбиелеу ұстанымы бар. Ол сөзсіз бағыну және қалт етпей
отыру талаптарына қарсы шығуды қолдайтын ұстанымнан түбе-
гейлі бөлек ұстаным.
Мұндай тәртіп бойынша жағдайындағы балаға ықпал етуші
мұғалім баланы өзі-өзіне патша еткісі келсе және балаға оны
үйренудің жеңіл жолын үйреткісі келсе, арнайы техниканы
меңгеруі тиіс. Бала бізде қалт етпей отыруға емес, қозғалуға
365
үйренетіндіктен, тиісінше мектепке емес, өмірге дайындалады;
қандай да бір іс-әрекеттерді орындап әдетке айналдыру және
оған жаттығу арқылы әлеуметтік өмірдің қарапайым әрекеттерін
оңай әрі дәл орындауға үйренеді. Баланың бойында біз баулитын
тәртіп сипатына қарай мектеп ортасымен ғана шектелмейді, ол
әлеуметтік ортаны да қамтиды.
Баланың еркіндігі ұжымның мүддесі шегінде болуы тиіс, ал
оның формасы тәртіптілік болуы тиіс. Сайып келгенде, біз
баланың бойынан өзгелерді қорлайтын және басқа адамдарға
жағымсыз әсер ететін немесе дөрекі, болмаса ожар көрінетін іс-
әрекеттердің бәрін жоюымыз керек. Пайдалы мақсатқа жұмса-
латын басқа әрекеттердің барлығы қандай формада көрінсе де,
оларға рұқсат етіліп қана қойылмай, ол тәрбиешінің бақылау
нысанына айналуы тиіс. <...> Біздің жүйеміз бойынша, тәрбиеші
балаларға активті емес, керісінше пассив әсер етуі тиіс. Бұл
пассивтілік өзі бақылағысы келетін құбылыстарға деген қызығу-
шылықтан, құмарлықтан тұруы тиіс. Мұғалім өзінің бақылаушы
ретіндегі жағдайын дұрыс түсініп, сезінуі керек; белсенділік
бақыланатын құбылысқа қатысты болуы керек. <...>
Мұғалімді мектептегі белсенді, өз еркімен әрекет ететін
жалғыз тұлға болуға тым ұзақ уақыт үйреттік; ұзақ уақыт бойы
мұғалімнің міндеті баланың бойындағы қандай да бір белсен-
ділікті басу болып келді. Балалар үйіндегі алғашқы күндерінде
мұғалім тәртіп пен тыныштық орната алмай әуреленіп, айнала-
сына сасқалақтап қарайлайды. Ол осы түрімен көпшіліктен
кешірім сұрап, өзінің кінәлі еместігіне куә болуын сұрағандай
болады. Біз оған алғашқы минуттарда тәртіпсіздіктің болатыны
сөзсіз екенін айтамыз. Ақырында, біз оны ештеңе істемеуге
мәжбүрлеп, тек бақылау жасауын сұрағанда, ол өзінің кеткенінің
дұрысырақ екенін, осыдан кейін өзінен қандай мұғалім шыға-
тынын алға тартады.
Өзінің міндеті – қандай әрекеттерге тыйым салып, қандай
әрекеттерді бақылауда ұстау керектігін ең соңында түсінгенде
ғана, ескі мектеп мұғалімі жанының қаңырап қалғанын түсініп,
бұл жаңа істің өз қолынан келетін, келмейтіндігіне күмәнмен
қарай бастайды. Шын мәнінде де, дайындығы жоқ ескі мектеп
мұғалімінің әлі ұзақ уақыт санасы сансырап, көп нәрсеге деген
күмәні оған маза бермейді...
366
Нотари өзінің «Менің миллионер көкем» атты романында
(қазіргі адами қасиеттерге қатысты сатира) тәртіпке үйретудің
ескі тәсілдерінің жарқын көрінісін өзіне тән айрықша мәнерде
сипаттап береді. Көкесі бала кезінен-ақ көптеген бейбас амал-
дары үшін кінәлі болып, ақыры бүкіл қала тұрғындары мен
туысқандары оны бір мектепке береді. Бұл жерде Фуфу, <...>
алғаш рет мейірімді болғысы келетінін түсінеді, өзінің кішкентай
тәтті көршісі сәби Фуфеттаның қарны аш және жейтін таңғы асы
жоқ екенін білгенде өте қатты толғанады.
Он посмотрел кругом, посмотрел на Фуфетту, взял свою
корзиночку с завтраком и, не говоря ни слова, поставил ее к ней
на колени.
Затем он убежал от нее прочь и, сам не зная почему
пригорюнился и залился слезами.
Дядюшка не мог бы объяснить себе причины неожиданной
вспышки.
Он впервые видел два добрых глаза, полных печальных слез,
впервые чувствовал волнение, и в то же время великий стыд
овладел им, стыд за то, что он может утолить свой голод на глазах
того, кому нечего есть.
Не зная, как выразить ей волнение своего сердца, что сказать
ей, чтобы она примяла жертву, его корзиночку, и каким
предлогом объяснить эту
жертву, он отдался во власть этого
первого глубокого движения cсвоей маленькой души.
Фуфетта в полном замешательстве быстро побежала к нему.
Ласково-ласково она отвела руку, которой он закрывал свое лицо.
«Не плачь, Фуфу» тихо, умоляюще говорила она. Можно было
подумать, что она обращается к своей любимой кукле, столько
одушевлен имя, столько материнской ласки было в ее лице,
склоненном над угрюмой фигуркой.
Потом девочка поцеловала его, и дядя мой, сдавившись
чувствам, переполнившим его сердце, обвил руками ее шею и
молча, сквозь слезы, поцеловал ее.
Наконец, глубоко вздохнув, он вытер с лица и глаз; мокрые
следы своего волнения и вновь улыбнулся... Резкий голос
раздался с другого конца двора: «Эй, вы там, двое! Живей идите
в комнаты!» Это была надзирательница. Она задушила первое
движение горячего сердца с тою же слепой жестокостью, с какой
367
действовала бы, разнимая двух дерущихся детей. Пора было
вернуться в школу – и дети должны были вернуться.
«Балалар үйіндегі» алғашқы күндерде менің тәрбиешілерім
де дәл осылайша істеді. <...>
Директор өзі пайдаланған материалдарды қорапқа салып
жатқан кезде оның қасына балалар келіп, олар да мұғалімге
ұқсағысы келгендіктен, заттарды жинаса бастайтын сәттері жиі
болып тұратын. Сол сәтте мұғалім бірден баланы қуып жібергісі
келіп: «Таста, бар өз орныңа бар» деп айтатын. Алайда осы амалы
арқылы бала көмек, қызмет еткісі келетінін білдірді, осылайша
балаға тәртіп сабағын беру керек болды.
Бір күні балалар күліп, әңгімелесіп жүріп, су құйылған
ыдыстың айналасына топтасып қалды, онда бірнеше ойыншық
қалқып жүрген болатын. Мектебімізде екі жарым жасар бір бала
бар еді. Ол топтан сырт жалғыз қалып қойды, бірақ оның түрінен
осы қызықты көруге деген құштарлық анық көрініп тұрды. Мен
оны алыстан бар зейініммен бақылап тұрдым; алдымен ол
балалардың арасынан өтіп, ортасына барғысы келді, бірақ оның
оған күші жетпеді, сол кезде ол айналасына жіті қарады. Оның
түрі ерекше қызық болатын. Сол кезде қолымда фотоаппара-
тымның болмағанына өкінемін. Оның көзі кішкентай орындыққа
түсті, ол орындықты балаларға қарай жылжытып, сосын соның
үстіне шығып қарағысы келді ғой деймін. Жүзі алабұртып, ол
орындықтың үстіне шыға бастады, бірақ сол кезде мұғалім апай
оны қолынан шап беріп ұстап алып, басқа балалардың бәрінің
төбесінен көтеріп: «Балақай, мында кел, сен де қара!» – деп, су
тұрған ыдысты көрсетті.
Бала суда қалқып жүрген ойыншықты көрді, бірақ ол
кедергілерді өз күшімен жеңу арқылы көргендегі қуанышты
сезіне алмады. Соншалықты көргісі келген қуаныш оған пайда
әкелмеді, өз санасынан сүзгіден өткізіп барып жасалған әрекет
оның жан қуатын дамытатын еді. Бұл жағдайда тәрбиеші
баланың өзін-өзі тәрбиелеуіне кедергі жасады, оған басқа игілікті
нәрсе істей алмады. Кішкентай сәби өзін енді жеңімпаз сезіне
бастаған еді, бір кезде ол қапсырып ұстаған тәрбиешінің қол-
дарында өзін сондай әлсіз екенін сезінді. Мені де қызықтырған
баланың жүзіндегі қуаныш, мазасыздық пен үміт әп-сәтте ғайып
болды...
368
Менің ескертулерімнен әбден запы болған тәрбиешілер
балаларға барлық еркіндікті беріп қойды. Балалар орындықтарға
аяғымен шығып, мұрнын шұқыса да, оған қарсы ешқандай қадам
жасалмады. Кейбір балалар жолдастарын түйіп-соғып кетіп
жатты, сол кезде мен ол балалардың жүзінен ашу, кекті көрдім,
мұғалім мұның ешқайсысына ешқандай мән бермеді. Сол кезде
мен де араласып, бала жамандық пен жақсылықты анық кө-
ріп, ажырата алуы үшін істеуге болмайтын нәрселерді үзілді-
кесілді қатаң түрде тоқтатып отыру керектігін көрсетіп отыр-
дым.
Тәртіпке, міне, осы қазық болады, оның негізін нақ осы-
лайша салу керек. Бұл алғашқы күндер мұғалім үшін бәрінен
қиын болары анық. Белсенді тәртіпке әдеттену үшін бала білуі
тиіс ең бірінші нәрсе – ол жамандық пен жақсылықтың айырма-
шылығын білу. Тәрбиешінің міндеті жақсылықты қалтқысыз-
дықпен, жамандықты белсенділікпен араластырмауын бақылауы
тиіс. Біздің ескі түсініктегі тәрбие осы жағынан кемшін болды.
Біздің мұндағы мақсатымыз – қалтқысыздыққа, пассивтілік-
ке, тілалғыштыққа емес, іс-әрекет, еңбек, жақсылық тәртібіне
үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |