357
Италиялық педагог, гу- манист Мария Монтессори өзінің мектепке дейінгі бала- ларды тәрбиелеудің ерекше әдісін енгізу арқылы әлемге танылды. Бұл әдісте ең бас- тысы – балаға өзін-өзі таны- туға және өзі әрекет етуге толық еркіндік беру. Психиатр және психо- лог, тәжірибелі бала дәрігері және философ, қажырлы ғалым зерттеуші, жаңа гуманистік идеялардың батыл, идеяшыл өкілі М. Монтессори көп уақыт өтсе де, әлі күнге тек педагог қауымның ғана емес, басқа да қоғам мүшелерінің назарын аударып келеді. Оның еңбектері туралы ондаған кітаптар жазылды, әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Монтессоридің педагогикасын біреуі қабылдаса, біреуі қабыл- дамайды, сынайды, бірақ бір анығы оның еңбегіне, идеясына ешкім селқос қарамайды. Мария Монтессори діни отбасында дүниеге келіп, қатаң тәртіпте өсті. 1896 жылы университетті бітіріп, Италияның медицина докторы атанған алғашқы әйел ғалымы болды. Ол алдымен арнайы мектеп, содан кейін кедей отбасыларынан шыққан және жетімдерге арнап, ақыл-есі кемтар балаларға арналған медицина-педагогикалық институтын ашады. Онда Монтессоридің «алтын материалды» деген атпен тарихта қалған түрлі дидактикалық материалдарды жасап шығарады. Осы материалдың арқасында қаріп жандар балалар дені сау балалар сияқты табысты оқи алатын болды. 1900 жылы Римде болған олимпиадада Монтессори мекте- бінің бастауыш сынып оқушылары әдепкі мектептен келген оқу- шылардың жазудан, есептеуден, оқудан озып түседі. Нәтижесі бірнеше рет тексерілді, бірақ оның нәтижесі еш күмәнсіз еді. Бұл оқиғаны Британия Сыртқы істер министрлігіне жасаған баяндамасында «Нағыз ғажайып дүние» деп атап өтті. Бірақ осыдан кейін Монтессори өз мектебіндегі дамуы жағынан артта қалған балаларды қалдырып, өз ісін дені сау