346
сөзіне байланысты. Әрі қарай, көрнекіліктің суреттеушілік,
символикалық түріне көшу мүмкіндігінше
жеке заттық көрне-
кілікке, шынайы заттар мен табиғи құбылыстардың алдын ала
бақылауына сүйенуі керек. Осы кезде танымдық тұрғыдан,
әсіресе бастауыш мектептерде, «жасандыға» қарағанда «табиғи»
көрнекілік маңыздырақ.
Көрнекілік – бұл нақты заттар мен құбылыстарға қатысты
танымдық іс-әрекеттің ерекше түрі, «бұл танымдық іс-әрекеттің
бірінші сатысын көрсететін және осы мағынада сөздік жоспарда
жасалатын
ақыл-ойлық
талдау мен синтездің алдында жүретін,
практикалық, нақты
талдау
мен синтез болып табылады». Соны-
мен қатар психологиялық мәліметтерге сәйкес, көрнекілік
қабылдау мен елестетуді біртұтас талдаулық-синтездік ақыл-ой
іс-әрекетінен оқшауламайды.
Керісінше, ол «осы үдерістерді
ақыл-ой іс-әрекетінің контексіне енгізуге және оны стимул-
дандыру мен жеңілдетуге мүмкіндік беретін құралы ретінде
көрінеді.
Психология мен дидактикада, жеке әдістемелерде білімді
тиімді игеру үшін бір ғана көрнекіліктің жеткіліксіз екені үнемі
айтылып жүр. Көрнекі құралдармен жұмыс барысында оқушы-
ларда көзбен көру бейнесі қалыптасады, көру бейнесі оқытылып
жатқан
зат туралы көп мәлімет береді, бірақ барлық мәліметті
емес. Сондықтан көрнекілікке «оқушының өзінің белсенді қыз-
метін қосу керек... Жұмысқа оның басы ғана емес, қолы да
қатысқан жағдайда материалды жан-жақты қабылдау жүргенде,
ол өз қалауы бойынша жылжыта алатын, оларды түрлі қатынасқа
түсіре алатын заттармен жұмыс істегенде, олардың қатынаста-
рын
бақылай алатын, бақылаудан қорытынды шығара алатын
дәрежеде болғанда ғана оқушының белсенділігі жоғары деңгейге
жетеді».
Осындай әдіспен, дидактикалық материалды қолмен ұстап
жұмыс істей отырып, оқушылар заттардың түрлі қасиеттерін
жан-жақты қабылдауға жағдай жасайды, ал
олардың қандай да
бір балалардың белгілі бір қарым-қатынастар туралы керекті
қорытынды шығаруына мүмкіндік береді.
Көрнекілік ұстанымы – дәстүрлі психология мен педагоги-
када жасалған жалпылау үдерісі мен оның өнімі түсінудің нақты-
дидактикалық және жеке-әдістемелік көрінісі болып табылады.
347
Көрнекілікті қолданудың әдісі мен тәсілдері мектеп жасындағы
даму сатысында жалпылауға сүйенеді. Көрнекіліктің сабақ
берудегі, әсіресе бастауыш сыныптарға сабақ берудегі маңыз-
ды рөлі жалпылауды дәстүрлі суреттеу тек қана теориялық
мағына бермейтінін көрсетеді. Бұл суреттеу оқыту тәжірибесінің
негізі
болып қызмет етеді, өз кезегінде, көрнекілік принципін
қолдану арқылы ол тұрақты түрде және кеңінен қолданыс
табады.
1923 жылы 28 желтоқсанда Ресейде
дүниеге келген. Психология ғылымдарының
докторы, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу
мемлекеттік университеті педагогика жәнс
педагогикалық психология кафедрасының про-
фессоры. Педагогикалық психология саласында
көптеген зерттеу еңбектер жазған. Бағдарла-
малық оқыту мәселесі бойынша жазылған
көптеген еңбектердің авторы, оның ішінде:
«Бағдарламалық оқытудың теориялық мәселе-
лері», «Білімді игеру үдерісін басқару», «Оқу
үдерісін автоматтандырудың жолдары мен
мүмкіншіліктері» (Т.В. Габаймен бірлесіп
жазылған), «Бағдарланған оқытудың теориялық мәселелері»,
т.б. еңбектері бар. Іс-әрекет теориясын жасауға өз үлесін
қосты. П.Я. Гальперинмен бірлесе отырып, ғылыми ұғымдарды
қалыптастырудың психологиялық жолдарын зерттеді.
Достарыңызбен бөлісу: