343
өздеріне мәлім және әдеттегі мәнділерін анық айтатын жаңа
белес болады. Мұндай ұғымдарды игеруге ақырындап, салыс-
тырмалы түрде ұзақ ауысу фактісі, жалпылаудың ерте әдістері-
мен осы үдерісті қандай да бір мезгілге дейін үйлестіру үдерісі
мектептегі оқыту жұмыстарын жете қадағалайтындарға жақсы
таныс. Атап айтқанда, бұл факт дәстүрлі дидактика мен психоло-
гияда таралған оқушыларда ұғым түзілу үдерісінің үзілмейтіндігі
туралы идеядан өзінің теориялық болмысын табады. «Мектепте
оқу кезеңіндегі бала дамуында сатыларға негізделген бөлулер
жоқ, олармен алдымен нақты, жеке ұғымдар дамытуға, ал сонан
соң белгілі бір жастан бастап, абстрактілі, жалпыламалық
ұғымдарды дамытуға болатын еді. Ұғымның түзілуін үзіліссіз
үдеріс деп қарастырған дұрыс, онда нақтыдан абстрактілі ұғымға
өту байқаусыз жүреді».
Достарыңызбен бөлісу: