Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


Дидактика мәселелері және оның ғылыми байланыстары



Pdf көрінісі
бет119/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Дидактика мәселелері және оның ғылыми байланыстары 
Дидактика мәселесінің қойылуы – адамның білім алу 
теориясының құрамдас бөлігі; ол осы өзара байланыстан туын-
дайды және дамиды. Дидактика оқыту көмегімен білімнің қалай 
жетілетіндігін білгісі келеді; ол білім үдерістерін ұйымдастыру 
мүмкіндіктеріне (және шегараларына) қызығушылық танытады. 
Дидактика білімді кездейсоқтықтың стихиялы еркіне бере 
салғысы келмейді; оны адам тұлғасының қалыптасуы жайындағы 
атақты ілім контексі – мүмкіндіктер, жағдайлар, білім «жаса-
луы», «өңделуінің» мазмұны және ұйымдасқан формалары 
қызықтырады. Бұл оның маңызды талабы мен проблематикасы. 
Егер біз білім берудің жоспарланған немесе ұйымдасқан 
үдерістерінің пайда болуы туралы сұрақтарды талқыласақ, 
дидактика мәселесінің қойылуының міндеті анықталады. Дидак-
тика мәселесінің қойылуының ұзақ тарихи даму үдерісін басынан 
өткізген Р. Альт феномендердің дидактикалық қатынастағы 
маңызды тарихи қайнар көзін көрсетеді. Өзінің «Адамзат дамуы-
ның ерте кезіндегі тәрбиелеу туралы лекциясында» ол алғашқы 
қауымдағы қарапайым дидактикалық феноменнің қалыптасу 
үдерісін, білімнің спонтанды, функциялы үдерістерінің оның 
алғашқы ұйымдасқан формасына біртіндеп өтуін талдап көрсет-
кен. 
Дидактикалық үдерістердің бастамасы жалпыланған тәжіри-
бенің ұрпақтан ұрпаққа берілуіне деген қоғамдық қажеттілікте 
жатыр... Дидактикалық үдерістер қоғам үшін маңызды тәжірибе-
нің қажеттісін өскелең ұрпаққа хабарлау, «жалғастыруға» деген 
қоғамдық қажеттіліктен туындайды. Дидактикалық проблемати-


311 
ка дамушы мәдени мұралар арасындағы қайшылықтардан, соны-
мен бірге білімнің жинақталған қоғамдық қоры мен олардың 
тікелей, таза эмпириялық шектелген мүмкіндіктерінің қайшы-
лықтары арқылы дамыды. Дидактика мәселесі қойылуының 
тарихы осы қарама-қайшылықты шешуге бағытталған күшті 
көрсетеді. Өз негізінде дидактика мәселесінің қойылуы ғылыми 
жалпы тәжірибеден ерекшеленетін қоғамдық тәжірибенің қа-
лыптасу үдерісін жоспарлы түрде өзара тасымалдау, содан соң 
білім берудің жеке үдерістеріне бағытталған. Білім беру үдерісін-
де индивидуум күрделі, өзіндік жолмен меңгерудің қоғамдық 
үдерісін тарихи түрде қайталайды. Мұнда сұрақ: «Мұны тұлға-
ның қалыптасу үдерісі үшін нәтижелі және тиімді түрде қалай 
іске асыруға болады?» – деген мағынада қойылады, бұл дидакти-
каның проблемасы болып табылады. 
Дидактика мәселесінің қойылуы – адами мәнді күштің кең 
мағынадағы меңгеру және даму стратегиясы болып табылатын 
білім беру теориясының бөлігі (аспекті, фрагменті). Дидакти-
калық үдерістердің негізгі сипатты көрінісі білім беру үдерісін 
басқару үшін біршама сәйкес жағдайдың арнайы құралдарының 
кешенін мектеп жағдайына азды-көпті сай келетін білім беру 
үдерістерін басқару үшін қолдану болып табылады. Дидактика-
лық үдерістерді тәрбие процеcінің ерекше тобы ретінде, егер біз 
тұлға қалыптасуының қоғамдық анықталатын үдерісінің жалпы 
функционалды мәнін ғылыми түрде талқыласақ қана түсінуге 
болады. 
Дидактика мәселесінің қойылуы адамның жалпы тарахи 
даму үдерісінің құрамына, оның қоғамдық-тарихи қалыптасу 
үдерісінің құрамына кіреді. Осыдан дидактиканың тарихилығы, 
тарихи өлшемі
алынады. 
«
Білімнің» 
тарихи үдерісі мен дидактика мәселесі қойы-
луының арасындағы байланысты бекіту үшін біз бірнеше тезис 
қалыптастырып көрейік. 
1.
Еңбек
үдерісінде өзінің табиғи қоршаған әлемімен жана-
суында адам өзіне екінші, жасанды қоршаған әлемді жасайды. 
Осы үдеріс барасында ол адами, барлық әлеуметтік, zoon 
politikon ретіндегі өзінің қоғамдық тіршілік иесін қалыптасты-
рады. Практикада қоршаған әлеммен белсенді жанасу бары-
сында, оның өзгеруі барысында қайта жасаулында адам өзінің 


312 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет