Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет118/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

 
 
 


306 
Клинберг Лотар
(1926-1999) 
Неміс педагогы, сабақтың құрылымы мәселелерін зерттеген 
және диалектикалық дидактиканы жазған ғалым.
 
Оқыту теориясының мәселелері 
Дидактика мәселесінің қойылуы мен қоғамдық сана 
формалары 
...Дидактиканың ең басты мәселелерін қарастырамыз: оқыту 
арқылы білім беру мүмкіндігі қандай? Білім берудің үдеріс 
ретіндегі және адамзаттық мәнді күшті меңгеру мен дамудың 
біршама сезілетін нәтижесі тұлғаның дамуы. Азаматтық мәнді 
күшті меңгеру – бұл біршама тар психологиялық және дидак-
тикалық мағынада оқу үдерісі деп атауға болатын жан-жақты 
қоғамдық үдеріс. Адамның оқуы өзінің жиынтығы мен көп 
деңгейлілігі бойынша көптеген ғылыми сұрақтардың, соның 
ішінде дидактикалық сұрақтардың қойылу пәні немесе бастапқы 
нүктесі болып табылады. 
Дидактика оқу үдерісінің қоғамдық детерминацияланған 
нақты тобын зерттейді; көбіне ол оқытуды ұйымдастырудың 
арнаулы формаларынан туындайтын оқу үдерістерін зерттеумен 
шұғылданады. Оқыту үдерісіндегі мұндай оқудың өзіне тән 
басты сипаты – басшылық. Оқыту – бұл оқу іс-әрекеті жоспарлы 
және жүйелі түрде қоғамдық мәнді білімді меңгеру мақсатында 
ұйымдастырылған білім берудің қоғамдық үдерістерінің ерекше 
формасы. Дидактикалық тұрғыдан оқуды мағыналы түрде 
анықтауға болады. Оқудың формалды механизмі мен абстрактілі 
үлгісін зерттеу дидактиканың міндетіне кірмейді. Оқудың 
қоғамдық детерминацияланған мазмұны тарихи материализмнің 
түпкі категориясы – 
таныммен 
тікелей байланысты 
меңгеру
категориясына бағдарланады. 
Оқу жанама түрде жасалуы керек. Бұл жанамалық әр түрлі 
болып келеді. Дидактиканы, әсіресе сабақ берудің аралық функ-
циясы қызықтырады. Дидактика сабақ беру мен оқу арасындағы 
сәйкестікпен айналысады, сонымен қатар оқу үдерісіндегі мең-
геру жүйесі мен сабақ берудің аралық жүйесін ұйымдастыру 
формасымен айналысады. Тарихи тұрақтылығы мен әлеуметтік 
нәтижелілігін көрсететін сабақ беру мен оқудың ұйымдасқан 


307 
формасы оқыту болып табылады. Бұл дидактикалық зерттеудің 
басым саласы. 
Дидактиканың өзекті сұрақтары бойынша дидактикалық 
әдебиеттер мен пікірталас материалдарын қарастырғанда бір 
мәнді кемшілікті айрықша бөліп көрсетуге болады: дидактика-
ның теориялық және әдіснамалық негіздері бойынша жұмыстар-
ға назар аударылмайды, дидактикалық талдаудың басында 
жауапты қажет ететін сұрақтар кешеніндегі оның орны үшін 
мәнді сұрақтар айтылып отыр. Ғылымның ғылыми-теориялық 
және әдіснамалық түсінігінің өзі оның ұқсастығының, мәселенің 
барлық спектрінің ерекшелігі мен талдау тәсілдердің бірлігі 
болып табылады. Бірақ бұл сұрақтың ғылыми тұрғыда қойылуы 
арнайы логикалық негізделуінің теориялық және әдіснамалық 
алғышарттарын кең түрде түсіндіруді ұсынады. 
Проблеманы мұндай жан-жақты қарастыру дидактиканың 
теориялық және әдіснамалық облысының бірқатар аспектілерін 
қозғайды, сонымен қатар бұл қарастыруды біз дидактикалық 
негіздерді ары қарай талдау және нақтылауды анықтаудың сти-
мулы ретінде бағалаймыз. 
Дидактика адамның әр түрде көрінетін, түрлі «облыстары» 
мен формадағы қалыптасуына дербес емес, жан-жақты қатынас-
ты білдіреді. 
Қоғамдық сананың барлық формасы мен әлеуметтік коммуни-
кация құралдары (идеология, ғылым, техника, өнер, тіл, т.б.) 
дидактикалық сұрақтар төңірегінде көрсетіледі, олар қайта білім 
берудің ерекше дидактикалық үдерісінің материалдық құндылық-
тары болып табылатын «білім беру әлемін» (А. Курелла) құрайды. 
Бірінші кезекте дидактика мәселесінің қойылуы тарихқа 
қатысты нәрсе тұрғысында тарихи феномен ретінде, өз тарихы 
бар пән ретінде және өз тарихының ғылыми жақтарын көрсететін 
жағдай ретінде бейнеленеді. Дидактика мәселесінің қойылу 
тарихының дидактикалық принциптердің қарапайым бейнеле-
нуімен ешқандай қатысы жоқ; керісінше, ол дидактикалық 
үдерістің тарихи үдеріс ретінде қарастырылуын талап етеді. 
Логикалық пен тарихилықтың бірлігі дидактикалық ойлау 
принципі ретінде әдіснамалық сәйкестік болып табылады. 
Дидактика мәселесінің қойылуына тарихи ықпал дидактика 
мен идеология өзара қандай байланыста екенін негізгі түрде 


308 
таныстыруға көмектеседі. Дидактика мәселесінің идеологиялық 
тұрғыда қойылуы арнайы дидактикалық сұрақтар қойылып және 
дамытылып отыратын қоғамдық-идеологиялық және нақты 
тарихи байланыстармен анықталған. 
Дидактика мәселесінің қойылуы идеологиясының маңызды-
лығы, сонымен бірге дидактикалық үдерістің идеологиялық 
функциясымен және тұлғаның қалыптасуы жөніндегі біліммен 
байланысты негізгі қоғамдық міндет ретінде идеологияға тән 
дидактикалық компонеттермен қорытындыланады. 
Дидактика мәселесінің қойылуын негіздеуде дидактика мен 
ғылым арасындағы сәйкестік ерекше мәнге ие. Дидактика ғы-
лымның зерттеу пәні әдістері мен баяндалу формаларының 
дифференцияланған бірлігіндегі білім беру маңызы, мүмкіндік-
тері мен тиімділіктері жөніндегі сұрақтар қояды. Дидактика 
адамзаттың жүйеленген тәжірибесіне – ғылымға қалай үйрету 
керектігі жайындағы сұрақтарға жауап береді. 
Өзінің білім беру функцияларын жүзеге асыру мақсатында 
ғылым мектептегі білім беруге қатысты оның барлық салаларын-
да және барлық деңгейінде «дидактикалық байытылуды» ғылым-
ның таза логикалық жүйелік құрылымынан оқу үдерісінің, оқу 
пәнін педагогикалық логикасына дидактикалық түрде «ауысты-
руды» қажет етеді. Бұдан дидактиканың негізгі сұрақтарының 
бірі – ғылым мен оқыту арасындағы, мысалы, оқу пәні мен 
ғылыми пән арасындағы қатынас туралы сұрақтар туындайды. 
Дидактиканың негізгі мәселелеріне, сонымен қатар өнерге, 
тұлғаның қалыптасу үдерісі «әдемілік заңдылығы» бойынша 
жүзеге асатындықтан кең мағынада алғанда эстетикаға қатысты 
мәселелер де жатады. 
Өнер білім берудің мазмұны мен тәсілі, мақсаты ретінде 
мәселенің алғашқы шебін, оның ішінде көркемдік мәселесін, ал 
кең мағынада алғанда эстетикалық білім беруді қамтиды. 
Сондықтан дидактикалық проблема түрінде сабақ беру үшін өнер 
элементтерінің жарамдылығы мен әлемді эстетикалық меңгеру 
ерекшелігі туралы сұрақ туындайды. 
Дидактика мәселесі қойылуының өзінде өнер мен эстетикаға 
сөздің тар мағынасындағы жақындығы сезіледі. Эстетикалық 
дидактика мәселесіне органикалық түр де тән. Оқыту, сабақ беру 
мен үйренудің «өнер формасы» (Р. Альт) сияқты, сонымен бірге 


309 
адами білімнің көркем ұйымдасуы ретінде эстетика заңдарына 
бағынады. Оқытудың эстетикасы туралы сұрақ жалпы эстети-
каның (жалпы педагогиканың) қолданбалы саласы ретінде қа-
жетті деңгейге көтерілуі және сәйкес тақырыптық жоспарда 
өңделуі керек. Дидактика бұл тек оқыту теориясы ғана емес, 
сонымен бірге тұлғаның қалыптасу үдерісінің арнайы ұйымдасу 
өнері туралы оқу.
Дидактика проблемасын тілдің қоғамдық феноменінен жеке 
алып қарастыруға болмайды: олар ең басынан бастап және 
қажетті түрде тілмен және оның коммуникативті, танымдық 
және білім беру функцияларымен байланысты. Біз «байланысты» 
деп білім беру мен тілдің (дидактикалық мақсатқа бағытталған) 
бір-біріне өмірлік мәнді қатынаста, ажырамас қатынаста екенін 
атап көрсету үшін айтамыз. Білім тілдің танымдық және 
коммуникативтік салаларында жасалады. 
Тіл – білім берудің маңызды мақсаты, мазмұны және құралы. 
Ол білімнің мазмұнымен бірге (барлық құралдар ішіндегі ең 
коммуникативтісі ретінде тіл адам мәдениетінің барлық салала-
рында білімнің қосымшасы болып жүреді; ол дидактикалық 
үдеріске әсер етеді, басқаша айтқанда, «оны алып жүреді») және 
«дидактика тілі» ретінде тілдің ерекше лингвистикалық феномені 
ретінде көрінеді. Мұндағы мәселе тіл қандай деңгейде дидакти-
калық феномен ретінде оқыту немесе дидактика тіл феномені – 
дидактикалық ойлау үшін әрекет стимулы ретінде көрінетін-
дігінде. 
Дидактикалық үдерістер ерекше түрде «техника» феномені-
мен байланысты. Дидактика мәселесінде техника түрліше 
көрсетілген: біріншіден, адам білімінің саласы (аз бөлігі) және 
білімнің мазмұны ретінде (мысалы, политехникалық білімнің 
жалпы социалистік білім берудің құрамдас бөлігі ретіндегі 
проблемасы), екіншіден, техниканың сабақ беруге тиімділігі 
проблемасы, ең соңында, техниканың дидактикалық үдеріске ену 
мүмкіндігі проблемасы. Осы арқылы біз дидактика мен техника 
арасындағы өзара байланысты 3 аспектіде талқыладық. 
Бірінші аспект: техника адам мүмкіндіктерінің көрінісі 
ретінде, «білім беру әлемінің» бөлігі, білім беру мазмұны деп 
қарастыру; екінші аспект: техника оқу пәні мен техникаға үйрету 
саласына жататын дидактика мәселесі ретінде; (мысалы, тех- 


310 
никалық оқыту). Үшінші аспект: техниканың дидактикалық 
үдеріске енуі («дидактикалық техника»). Соңғысы техникалық 
құралдар немесе коммуникативтік құралдар дидактиканың 
коммуникативтік үдерісті бекіту мақсатында немесе техниканы, 
жаппай коммуникацияның (оқыту телевизиясы, «оқыту машина-
лары», т.б.) техникалық құралдарын коммуникацияның дербес 
дидактикалық инстанциясы ретінде пайдалану арқылы болуы 
мүмкін. 
*** 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет