305
нін көрсетті. Ал енді қандай да бір оқиға туралы барынша жо-
ғары қарқында айтып көрсеңіз, ол минутына 180 сөзден әрі
аспайды.
Сабақтың сөздік қорының 2500-ге жетуі сирек кездеседі.
Жаңа әдістемелік жағдайда жұмыс істеу сабақтың сөздік қорын
1,5-1,7 есе көбейтуге мүмкіндік береді! Оған негізінен тірек
сигналдары көп себін тигізеді. Таңбалық бағдарларды пайдалана
отырып, оқушылар сөйлеу қарқынын еш қиындықсыз арттыра
алады, сөз арасындағы үзілістерді қысқартады, паразит сөздерді
барынша азайтады. Ал сұрақ-жауап алудың екі жаңа түрін – баяу
және магнитофон арқылы сұрақ-жауап алуды назарға алатын
болсақ, әр оқушының үлесіне тиетін сабақтың сөздік қоры
2,8-3,1 есеге арта түседі.
Ал жаңа жағдайдағы мұғалімнің сөзінің қарқыны 1,2-1,5
есеге көбейеді.
Мұғалімдер мен оқушылардың сөз қарқынының өсуі оқу
материалын қабылдау сапасына еш зиянын тигізбейді. Оның екі
түрлі себебі бар.
1. Сөйлеу қарқынын арттыру нәтижесінде үнемделетін
уақыт жаңа материалды екі рет, болмаса бірнеше рет баяндауға
мүмкіндік береді.
2. Мичиган университетінде қызық зерттеу жүргізілген
екен. Бір дәріс құрамы бірегей тыңдаушылардың екі тобына
оқылады. Бірінші топта дәрісті оқу әдеттегідей қарқында
жүрген және оны 45 минут бойына оқытушы жүргізген. Екінші
топқа осы дәрістің магнитофонға жазылған нұсқасын тыңдау
ұсынылған. Онда пленканы тездету арқылы дәріс қарқыны
12 минутқа дейін қысқартылған. Дәрістің дыбысталу сапасы
барынша жоғары болған. Осыдан кейін әр топта алдын ала
дайындықсыз емтихандар алынған. Тыңдаушылардың білім
деңгейлері екі топта да бірдей болып шыққан, өйткені сөйлеу
қарқынына қарай назар қою деңгейі де пропорционалды түрде
өсіп отырған.
(Шаталов В.Ф. Педагогическая проза /
ауд. Ж.М. Бектұрғанова. – Архангельск, 1990. – 383 с.).
Достарыңызбен бөлісу: