Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет115/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

1-сурет
 
Ол бір түсті кесте түрінде болса да, оның детальдарын түсіну 
қиын емес. Парақтың төменгі бөлігіндегі, сол жақтағы 40 саны – 
сабақтың реттік нөмірі. Оның қасындағы – үй тапсырмасы: 
§44 және 45. Ол оқушыға үй тапсырмасын күнделдіктеріне жазу- 


300 
дың, ол үшін сабақта, қоңырауда уақытты құртудың, күн-
деліктерінде ол жазуды таппағанда мұғалімдер мен ата-аналар-
дың ескертулерін естудің қажеті жоқ дегенді білдіреді. Типогра-
фиялық парақтағы қысқаша жазу болса жетеді – ешқандай 
тартыс жоқ.
Парақтағы суреттерге назар аударайық. Ол бірінен-бірі ажы-
ратылып көрсетілген 4 форма, түс және блок контурларынан 
тұрады. Оқу материалының блокқа бөлінуі екі мақсатты көздей-
ді. Біріншісі – балалардың есте сақтауларын жеңілдету және 
тірек сигналдарын түсіндіру. Екіншісі – ауызша сұрақ-жауап 
барысында әр оқушының жауабының шегарасын анықтау. Бұл 
сабақта магнитофонға 4 оқушы жауап беретінін түсінуге болады. 
Өздерінің жауаптарын магнитофонға жазуда барлығы тірек 
сигналдар парағын пайдаланады, мұғалім оны сабақ басталғанға 
дейін магнитофонның қасына қойып қояды... Тірек сигналдарын 
жазбаша түсіндіру – әр сабақта жаңа материалдарды түсіндірген-
нен кейін жүзеге асатын міндетті элемент болып саналады. Бұл 
жұмысты орындауға барлық оқушылар да дайын.
Бірінші блоктың тірек сигналдары бойынша әңгімелеген соң 
оқушы орнына келіп, тек соңғы үш блок суреттерімен жұмыс 
істейді, дәптеріне жазады. Бұл оған қалыпты қарқында жұмыс 
істеуіне және өзге де оқушылармен бірге дәптерін мұғалімге 
тексеруге уақытылы өткізуіне мүмкіндік береді. Мына бір 
нәрсені де айта кеткен жөн: оқу үдерісі барысында балаларға 
түсетін психологиялық ауыртпалықтарға жол берілмейді (өте 
маңызды!) және оқушылар да жақсы түсінеді. Өзара сыйластық, 
мұғалімнің мейірімді көмегі оқу үдерісінде сенімді психология-
лық ахуал жасайды. Ал ол оқушылардың оқу іс-әрекетінің 
сәттілігінің шешуші факторларының бірі болып саналады.
Үнтаспаға жазуға 2-3 минут уақыт беріледі, ал жазбаша 
жұмысқа берілген 12 минутта 4 баланың жауабы жазылады. Осы-
лайша, дәстүрлі сұрақ-жауап іске асқанға дейін оқу материалын 
айтуға 4 адам мүмкіндік алды және ол ауызша жауап үшін тағы 
да 4 баға алады деген сөз. Қайталап айтамыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет