Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет111/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Әліппе мейрамы 
Оқылым – танымға апарар жол
Егер қазір, әлден әліппе кезеңінен-ақ алты жасар «Алпамыс-
тарымды» оқылымның қиындықтарымен үркітіп алатын болсам, 
әліппедегі мәтіндердің кедейлігінен кітаптан ешқандай қы- 
зық таппайсың деген ой туғызсам, оларды А.С. Пушкиннің,
Л. Толстойдың, Ш. Руставелидің, Н. Бараташвилидің кітаптарын 
оқуға деген қызығушылықтарынан айырамын. Мен сол үшін 
сонша тырысқан жоқпын, сол себепті де мен алдыма әліппе 
кезеңінің аясын кеңейтуді көздеймін, бұл кезеңді «дайындықта 
оқитын оқушылардың» танымдық қызығушылықтарының дами-
тын кезеңіне айналдырғым келеді. Ал оны оқу дағдылары ар-
қылы қанағаттандыруға болады.
Балалардың оқу дағдыларын қалыптастыру үдерісі 
әлдеқайда кең, мазмұнды, эмоционалды, қызықты таным-
дық іс-әрекеттен тұруы керек, дағдыны қалыптастыру мақ-
сат болмауы керек, ол тек танымдық міндеттерді шешудің 
амалы ретінде қарастырылуы керек
.


290 
Бала – шексіздіктің моделі 
ХХ ғасыр несімен танылды? Атомды тануымен бе? Тек 
онымен ғана емес. Ол бала психикасының әлеуеті мен қабі-
леттерінің шексіздігін анықтауымен де аты шықты. Педагогика 
енді осыдан отыз жыл бұрынғымен салыстырғанда, дамудың 
әлдеқайда айқын әрі болашаққа апаратын перспективті линия-
ларын біледі. Оптимистік-шығармашылық оқу-тәрбие үдерісін-
де бекіп, дамытылатын баланың ішкі күшіне деген сенім қазір 
кеңес педагогикасының басты ерекшелігіне айналып келеді. 
Жас шектелеулеріне қатысты бұзылмас қамалдар көз алдымыз-
да құлап жатыр. Болашақта балалар өздерінің қабілеттерімен 
әлемді талай рет таңғалдырып, бала психикасы туралы ғалым-
дар мен мұғалімдер әлі талай рет бас қатыратынына менің 
сенімім мол. Егер Ғалам шынымен де шексіз әрі шектеусіз деп 
ойлайтын болсақ, мен үшін оптимист адам ретінде бала – осы 
шексіздік пен шектеусіздіктің жалғыз ғана жанды моделі. Егер 
педагог балаға оптимистік және шығармашылық көзқараспен 
қарайтын болса, баланың қабілетінде шек жоқ екенін көре 
алады. Кішкентай адамның ақылы мен жүрегіне апаратын 
жолдарды іздеу барысында осы орайда тапқан келесі парызым 
былай дейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет