290
Бала – шексіздіктің моделі
ХХ ғасыр несімен танылды? Атомды тануымен бе? Тек
онымен ғана емес. Ол бала психикасының әлеуеті мен қабі-
леттерінің шексіздігін анықтауымен де аты шықты. Педагогика
енді осыдан отыз жыл бұрынғымен салыстырғанда, дамудың
әлдеқайда айқын әрі болашаққа апаратын перспективті линия-
ларын біледі. Оптимистік-шығармашылық оқу-тәрбие үдерісін-
де бекіп, дамытылатын баланың ішкі күшіне деген сенім қазір
кеңес педагогикасының басты ерекшелігіне айналып келеді.
Жас шектелеулеріне қатысты бұзылмас қамалдар көз алдымыз-
да құлап жатыр. Болашақта балалар өздерінің қабілеттерімен
әлемді талай рет таңғалдырып, бала психикасы туралы ғалым-
дар мен мұғалімдер әлі талай рет бас қатыратынына менің
сенімім мол. Егер Ғалам шынымен де шексіз әрі шектеусіз деп
ойлайтын болсақ, мен үшін оптимист адам ретінде бала – осы
шексіздік пен шектеусіздіктің жалғыз ғана жанды моделі. Егер
педагог балаға оптимистік және шығармашылық көзқараспен
қарайтын болса, баланың қабілетінде шек жоқ екенін көре
алады. Кішкентай адамның ақылы мен жүрегіне апаратын
жолдарды іздеу барысында осы орайда тапқан келесі парызым
былай дейді:
Достарыңызбен бөлісу: