Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


Сабақтағы Момус пен Морфейдің күресі



Pdf көрінісі
бет110/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Сабақтағы Момус пен Морфейдің күресі 
Өзара байланыстылық заңы
Бір ана баласының сенбі күні мектепке апаруын жалына 
сұрағанын айтқан еді. «Бүгін демалатын күн ғой, жексенбі!» – 
десе, баласы анасына: «Ал мен онда демаламын!.. Неге мектепте 
демалуға болмайды?» – деп, баласы бой бермейді.
Иә, балалар мектепке, жолдастарына, педагогына, оқу 
жұмысына құштар. Неге? Оларды сонша не күш тартатын?
Педагогикалық үдерісте байқалатын бір арнайы объективті 
заңның барына сенгім келеді. Бұл заңды «өзара байланыстылық 
заңы» деп айтар едім:
Педагог әрдайым балаларына асығып, олармен кездес-
кен сайын қуанатын болсын; сол кезде балалар да мектепке 
асығып, әр кездеуге педагогымен бірге шын жүректен қуа-
натын болады
.
Маған бір ой келді: сабақтың қалай өткенін балалардан 
сұраған да дұрыс болатын шығар, олар маған қандай кеңес берер 
еді, сабақта қалай жұмыс істер еді? Мүмкін сабақтың алдында 
балалармен кеңескенім дұрыс шығар. «Балалар, рақмет сендерге! 
Сендерден өзімнің педагогикалық шеберлігімнің ұстаздарын 
таба алғаным бекер болмапты!». Мен ақыры мұндай тәжірибеге 
бармауға бел шештім: балалармен жұмыс істегеннен қуаныш 


289 
әкелмейтін сабақтарды өткізбеймін. Сол себепті де келесі мына 
парызды өзіме белгілеп қойды:
Сабақтан Морфейді – ұйқының құдайын қуып шығу 
үшін, Момусты – күлкі мен қалжыңның құдайын жиі шақы-
рып тұру
.
...Балалардың сенгіштігін пайдаланып, ...олардың ар-намы-
сына тиетін (балалар оның сондай ойын екенін байқамауы да 
мүмкін) ойындарды ұсынуға моральдық құқығым бар ма? Олар 
байқамайды, бірақ мен оны байқап тұрмын ғой, «Сен – итсің!», 
«Сен – маймылсың!» деп ойнау баланы сайқы мазақ қылу ғой. 
Орыс тілі сабақтарында маған және мен сияқты мыңдаған мұға-
лімдерге осы сияқты ойындарды ұсынатын кейбір нұсқаулық-
тарды көргенімде мен шегімді еріксіз тартамын. Таңданып, 
келесі парызды өзіме жазамын:
Балаларды – олардың әрқайсысын және әрқайсысын жеке-
жеке олардың мәртебесін асқақтататын, көтермелейтін ойындар-
ды педагогикалық деп есептеуге болады. Ал балалардың ар-
намысына аз болса да тиетін ойындар педагогикалық емес, олар-
ды сабақта өткізу – моральға қайшы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет