Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


баланың тәртібінің мәні балалықты тұншықты-



Pdf көрінісі
бет109/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

баланың тәртібінің мәні балалықты тұншықты-
рып басуда емес, оны басқа қалыпқа өзгертуде
екеніне бая-
ғыда көзім жетті. 
Біз балалардан педагогиканың көмегімен 
сендіре алмаған нәрсемізді талап ете алмаймыз
.
Балалар – өзгеруге ұмтылатын белсенді, қимылдағы арман-
шыл жандар. Олай болса, оларға саусақпен күш көрсетіп, іс-
әрекетінің салдарын ескертіп, мораль оқитын емес, олардың іс-
әрекетін ұйымдастырып, бағыт беретін орта қалыптастыру керек.
Балалардың үлкен азамат болуына көмектесу үшін олар-
дың бойынан өзіңді көре білуің керек; өз-өзіңді жетілдіру 
үшін оларды өзіңнің балалығыңның қайталануы деп қабыл-
дау керек; ең соңғысы, ізгі (гуманды) педагог болу үшін 
балалардың өмірімен өмір сүру керек
.
Педагогтың балаларға қоятын сұрағы әдістеменің ғана 
емес, бүкіл педагогиканың бір бөлшегі. Егер оған тереңірек 
үңілетін болсақ, одан күллі оқу үдерісінің бағытын, педагог-
тың оқушыларға қатынасын тануға болады; тіпті педагог-
тың өзін де тануға болады, себебі сұрақ-жауап – бұл оның 
педагогикалық шеберлігінің қолтаңбасы болып саналады
.
Ата-аналар жиналысы
 

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Біздің алғашқы 
жиналысымызға көпшілігіңіздің екеу болып келгендеріңіз қан-
дай жақсы. Отбасылық өмірдің ең маңызды күнімен, балала-
рыңыздың оқушы атануымен барлығыңызды құттықтаймын. 
Бүгіннен бастап балаларыңыздың өмірі түбірімен өзгереді – оқу 
олардың өміріндегі ең жетекші іс-әрекет түріне айналады.
«Балаңызды қоғамымыздың лайықты мүшесі етіп тәрбиеле-
гіңіз келе ме?» деп сұрасам, барлығыңызды бір ауыздан «Әрине, 
келеді!» деп жауап берерлеріңіз хақ. Бірақ адамның қалауы бір 
бөлек, ал тәрбие ісімен ақылмен айналысу басқа нәрсе.
Баланың отбасы мен мектептегі тәрбиесі бір-біріне қарама-
қарсы болмауы керек. Мектеп балаларды оқыту мен тәрбиелеуді 


285 
ұйымдастыратын басты орталық болғандықтан, ата-аналардан 
отбасы тәрбиесі талаптарын талап ете алады.
...Әрқайсысымыздың өміріміз бен іс-әрекетіміз шынайы 
ізгілікті қоғамның айнасы болып, оны дамытып, нығайтуы керек. 
Біздің педагогикалық іс-әрекетіміз де ізгіліктіліктен бастау алуы 
керек.
Ал ол оңай бола ма? 
Оңай болмасы анық!
Бізге қиын болатын себебі біздің бұл тәрбиеге қатысты 
тәжірибеміз тым аз. Балаларға ізгілікпен қарау бізден мынаны 
талап етеді: мұндай тәрбиенің өзгертушілік күшінің барына деген 
сенім, әр баланың бойындағы әлеуетінің шексіздігіне деген 
сенім, балаға үлкен педагогикалық шыдамдылықпен, кешіріммен 
қарау, оның жанындағы өзгерістерді терең түсіну.
Педагогикалық мәселелерді ізгілікті тәрбие жолымен шешу, 
әрине, тұлғаны тұрпайы басып-шаншу жолымен шешкеннен 
әлдеқайда қиын...
Ізгілікті тәрбиенің мәнісі неде сонда? 
Біздің тәрбиелік ниеттерімізге баланы өз еркімен, өзін 
өзгерту мақсатымен әкелу, баланы біз, ал олар өзін тәрбиелеуде 
өзіміздің одақтасымызға, жақтасымызға айналдыру; олардың 
ғылым-білімді жақсы көріп кетулеріне, өзіндік оқу-таным 
әрекетіне деген құштарлықтарын оятуға көмек беру.
Авторитарлық, императивтік тәрбие үшін ешқандай мәселе 
туындамайды, тек балаға қысымды күшейтсе, өзінің парызын 
орындауға мәжбүрлесе болғаны. Көптеген қысым жасау, 
мәжбүрлеу құралдары педагогикалық мәселелерді жояды, бірақ 
бұл жағдайдағы тәрбиенің ауаны баланың қабілетінің жан-жақты 
әрі толық ашылуына мүмкіндік бермейді, оның бойында толық 
тұлғаны қалыптастыруға көмектеспейді.
Бұл мәселелерді ізгілікті жолмен шешуге не кедергі болуы 
мүмкін? 
Бала табиғаты! 
Олар өте импульсивті, сезімтал жандар, бүгінгі қуанышта-
рымен, рақаттарымен өмір сүреді. Ал біз олардың бүгінгі 
өмірлерін ертеңгі жан-жақты, бай және мағыналы қоғамдық іс-
әрекетіне байлап қойғымыз келеді және біз ол іс-әрекеттің балаға 
бақыт және шын қуаныш әкелетініне сенеміз. Тәрбиеленуші мен 


286 
тәрбиелеушінің арасындағы осындай үрдістердің арасындағы 
қарама-қайшылықтарды қандай құралдардың көмегімен шешуге 
болады? 
Оқу үдерісі оңай үдеріс емес. Ол баланың ішкі күші мен 
қабілетінің дамуына ықпал етуі үшін қиын да болуы керек. Бала 
таным жолындағы қиындықтардан қорықпауы мүмкін, бірақ 
бірқатар себептердің салдарынан (менің ойымша, ең бастысы 
оқушылық парызды орындауға мәжбүрлеуден бе деп ойлаймын) 
оқуға деген ынтасы жоғалады. Баланың білімге деген шексіз 
құштарлығын оятып, қалайша дамытуға болады? 
Оның екі жолы бар: баланы тәрбиелеушілердің еркіне бағы-
нуға көндіру, мәжбүрлеу немесе оның өзін-өзі тәрбиелеуіне және 
өз бетімен білім алуына бағыт-бағдар беру.
Құрметті ата-аналар, мен сіздерді екінші жолды таңдауға 
шақырамын!
Біздің бала тәрбиесіндегі еңбегіміз бір-біріне қарама-қайшы 
болмас үшін, мен сіздерге кейбір нұсқаулар ұсынуды шештім 
және оларды басшылыққа алған жөн деп ойлаймын. Бұл 
нұсқауларды жазуда, шартты түрде мен оларды парыз (заповедь) 
деп атаймын, мен классикалық педагогикалық мұраларды, үздік 
мұғалімдердің тәжірибесін, коммунистік қоғам мұраттарын, 
сондай-ақ өзімнің педагогикалық көзқарастарымды басшылыққа 
алдым.
Оларды тәрбиенің мүлтіксіз кодексі ретінде қабылдамаған-
дарыңыз жөн. Сіздердің өз тәжірибелеріңіз, сіздердің барлығы-
ңыздың ортақ тәжірибелеріңіз оларға айтарлықтай жөндеулер 
енгізеді деп үміттенемін.
Тәрбиешінің он «парызы»:
1.
Ізгілікті қоғамда ғана тәрбие ізгілікті бола алады. Мұндай 
тәрбиенің басты ұстанымы – баланың тәрбие үдерісіне оң 
көзқарасын қалыптастыру, өзінің тәрбиесінде баланы өзіміздің 
ерікті көмекшіміз ету.
2.
Қарым-қатынас – адамдардың өмірінің мәні. Ізгілікті 
тәрбиенің ең басты әдісі – бізбен қарым-қатынасқа түсіру 
арқылы балаға қуаныш сыйлау: бірлесе тану, бірлесе еңбек ету, 
ойнау, демалу арқылы қуану.
3.
Күнделікті қайталанатын өмір және үлкендердің өзара 
қарым-қатынасы – болашақ адамның қалыптасатын ортасы бо- 


287 
лып табылады. Сол себепті де біздің күнделікті өміріміздің, біз- 
дің бір-бірімізбен қарым-қатынасымыздың балада қалыптастыр-
ғымыз келетін идеалға барынша сәйкес болуы маңызды. 80-жыл-
дардың тәрбиешілері ХХІ ғасырдың өкілдері болуы керек.
4.
Адамның адамға деген сенімі, адамның өзінің өмірлік 
көзқарастарына деген сенімі – адамдардың өзара қарым-
қатынасының толық жүзеге асуының, тұлғаның абыройын асқақ-
татудың негізі. Сол себепті де баланың бізге, өзінің тәрбие-
шілеріне деген, жолдастарына деген, адамдарға деген, өзіне деген 
сенімін дамытып, сол сенімін сақтауымыз керек.
5.
Социалистік қоғам – бір-бірімен тең, бір-біріне қамқор 
адамдардың қоғамы. Біздің тәрбие үдерісіміз де әр баланың 
тұлғасына деген сыйластыққа құрылуы керек, баланың бойында 
жолдастарына, жақындарына, жалпы адамдарға деген қамқорлық 
сезімін қалыптастыруы керек.
6.
Адам өзінің бойындағы барлық қабілеттер мен дарыған 
дарынының көзін ашып, дамытып, өзін керекті әрі ыңғайлы 
сезінетін, жасандылықпен асқақтатып, арын таптамайтын 
қоғамда ғана бақытты бола алады. Бала өзі өмір сүретін ортада да 
өзін осылай сезінуі керек.
7.
Бала – өте импульсивті жан, оларға бізді түсіну қиын 
болады. Балаларды біз – тәрбиешілер түсініп, олардың жанына 
керекті тәрбие жоспарларын құруымыз керек.
8.
Тәрбие – жасырын жүретін және ұзақ үдеріс, сол себепті 
де барлық нақты тәрибелік мәселелерді шешуде көрегендік, 
бірізділік пен шыдамдылық танытуымыз керек.
9.
Біз, тәрбиешілер, адам жанын түсінуде нәзіктікке, сергек-
тікке, мейірімді жүрекке, махаббатқа, шынайылыққа ие болып, 
көмекке келуге, қамқорлық қолдау көрсетуге дайын болуымыз 
керек. Мұның барлығы өзімізге және балаға деген талаптары-
мызбен, өсіп келе жатқан ұрпақтың алдындағы жауапкершілік 
сезімдерімізбен, Отанымыздың болашағына деген қамқорлығы-
мызбен үйлесім табуы керек.
10.
Ізгілікті тәрбиеге қайшы келетін, баланың тұлғасын 
басып-шаншитын авторитарлықтан және императивтіктен және 
оның айқайлау, балағаттау, арын таптау, сөзбен сынау, дөрекілік 
көрсету, күш көрсету, қорқыту, мәжбүрлеу сияқты формалары-
нан үзілді-кесілді бас тартуымыз керек.


288 
Бұл «парыздарды» жүзеге асырудың практикада дайын 
әдістемесі жоқ. Сол себепті де құрметті ата-аналар, балаларды 
ізгілікті бастаулармен тәрбиелеудің жолдарын үнемі іздеп, 
шығармашылық танытуымызға тура келеді! Біздің әр балаға 
деген ең жақсы қамқорлығымыз осымен өлшенуі керек!
Ал енді менің сіздерге бір аз ғана өтінішім бар. Таза парақ 
алып, сіздердің әрқайсысыңыз мектепке, мысалы, сыныптары-
мызды және дәліздерімізді көркейтіп, абаттандыруда, тәрбие 
жұмысын ұйымдастыруда қандай көмек қолын ұсынар едіңіздер, 
сол туралы жазып берсеңіздер. Балаларыңыздың мектептегі 
өмірін ұйымдастыруға қатысты қандай өтініштеріңіз болады, ол 
туралы да жазуларыңызды сұраймын.
Сіздермен бірлесіп жұмыс істеп, аз тәжірибе жинақтаған соң 
келесі айда тағы кездесіп, балаларымыздың тәрбиесі туралы 
әңгімелесеміз деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет