291
Бұл деген: денені түзеу, қаламды қолға алып, оң қолды
көтеру: «Мен дайынмын!» дегенді көрсету. Мен балаларға бір
қарап шығамын: тек біреуінен басқасының барлығы жазады, мен
оған ойына келген нәрсенің суретін салуға рұқсат бердім. Бәрі
дұрыс.
–
Бастаңдар! – деп, бәсеңдеу дауыспен айтамын.
Бұл командадан кейін әдетте біздің сыныпта өлі тыныштық
орнайды. Жазба жұмыста балаларды артық қимыл жасамауға,
шуламауға, жолдастарына сұрақ қоймауға – өзіне де, өзгеге де
кедергі жасамауға үйреттім. Егер кімде-кімнің сұрағысы келсе,
маған келіп, менімен сыбырлап сөйлесуіне немесе қолын көтерсе,
менің баратынымды айтып үйреттім.
Жазба жұмысы барысында өзіме парталардың арасымен
жүруге, біреуге ескерту айтуға, аяқтамаған шығармаларды қарау-
ға тыйым саламын. Оның мәні неде? Балалар өздерінің маңызды
іспен шұғылданып отырғанын және олардың ойын бұзуға ешкім-
нің құқығы жоқ екендігін түсінсін. Мен алты жасар «Алпа-
мыстарыма»: «Адам ойланып, ойға шомып, жақсы бір іспен
шұғылданып отырғанда өте әдемі көрінеді!» деп үнемі айтып
отырамын. Бұл сөздердің мағынасын түсіне ме олар? Бәлкім,
толық түсінбес. Бірақ есесіне, олар ойдың қаншалықты маңызды
айтылғанын сезгендеріне толық сенемін... Менің келесі парызым
сабақта ойыма келгенді істеуіме тыйым салады, себебі сабақ
менің емес, балалардың меншігі болып саналады. Ол былай
дейді:
Оқу-танымдық мәселемен айналысып жатқан балалардың
ойын бұзып, сабақта ойыңа келгенді істеуге болмайды. Әр
баланың тыныштықта жұмыс істеуге деген құқығына қол сұқпау
керек.
Достарыңызбен бөлісу: