292
Неге мен күнделікті оқу-тәрбие жоспарын партитура деп
айтамын? Бұл музыкалық термин өзіме сонша ұнағандықтан
ба?
Иә, бұл сөз маған өзінің мағынасымен ұнайды: ол оркестрге,
хорға, ансамбльге арналып жазылған
музыкалық шығармадағы
партиялардың немесе дауыстардың толық жазбасы дегенді
білдіреді. Мектеп күнінің партитурасында балаларды оқыту мен
тәрбиелеудің барлық болуы мүмкін әрі қажетті үдерістері туралы
жазып отыруды ойлаймын.
Менің бұрындағы стандартты жолмен сабақ жоспарын құ-
растыру тәжірибем мені қатты таңғалдырады: сұрақ-жауап, тү-
сіндіру, бекіту, үйге тапсырма. Мұндағы әр компонент үшін мен
бірнеше сұрақ, тапсырма ойлайтынмын. Бұл жерде қиын ештеңе
жоқ деп ойлайтынмын: сабақ үстінде
жағдайға сай қосымша
сұрақтар мен тапсырмаларды ойлай салу маған қиын ба? Ашы-
ғын айтсам, мен тіпті бұл схема-жоспарларға да қарсы болдым:
«Ол маған не үшін қажет? Ол формалдылық қой! Бастауыш
сыныпта қандай педагог алдын ала дайындықсыз сабақ өткізе
алмайды?»
Балалар, мектеп өмірі мені педагогикалық үдерісте қара-
пайым еш нәрсе болмайтынына үйреткенге дейін мен осылай
ойладым. Балалар –
менің ұстаздарым, менің тәрбиешілерім!
Олар мені олармен жұмыс істеудің қандай қиын екеніне үлкен
төзіммен үйретті, ақыры мен түсіндім: оларды тәрбиелеуді
жеңілдету үшін, мектепке күн сайын қуанып келулері үшін, менің
еңбегімнің жемісті болуы үшін ертеңгі күнді болжай алуым
керек, бүгінгі күннің мүмкіндігінше айқын және мақсатты
болуына қам жеуім керек. Бірақ бұл да жеткіліксіз:
тағы да
педагогикалық әуенді орындау өнерін игеру керек, оны да алдын
ала ойлап, бас қатырған жөн. Өйткені балалардың білімге, таным-
дық іс-әрекетке, педагогына деген қатынасы педагогикалық
әуеннің орындалу сапасына байланысты болады. Білім қанша-
лықты қызық, маңызды болса да, ол да балаларға қалай жеткізіл-
геніне байланысты!.. мектеп күнінің партитурасы бір күннің
жұмыс жоспары ғана емес, мен оған балаларға қамқорлықты қа-
лай көрсету керектігін, оларға қалай қуаныш сыйлау керектігін,
мен өзімнің педагогикалық өмірімді қалай сүру керектігімді
қосып дайындаймын.
293
Музыка және тәрбие! Музыка және оқыту! «Музыканың не
қатысы бар?» дерсіздер бәлкім.
Музыка теориясы тәрбие теориясы мен практикасы үшін
ізгілік пен қуаныштың жаңа бұлақ
көзі бола алады дегенге
сенімдімін...
Музыка – адам жанын ізгілендірудің бір негізі болып
саналады. Балаларға мектеп күнінің партитурасымен кіріп,
партитурасынан балалардың «жриамул» дауыстарын таба алған
педагог өзін қолында тәрбиенің сиқырлы таяқшасын ұстаған
мектеп күнінің дирижері ретінде сезініп, тәрбиенің сиқыры оның
шабыттандыратын, балаларға сенім ұялататын күшінде
екеніне
сенеді және өзінің педагог мамандығын таңдағаны үшін бақытты
болмауы мүмкін емес.
Педагогтың мектепке қатал жүрекпен кіріп, балалардың жа-
нын жаралап, мүгедек қылмағаны дұрыс; балалардың түсінбейтін
тәрбиелік импровизациясын тықпаламау үшін мақсатын айқын-
дамай, тәрбие беру ниетінсіз бармағаны жөн; өзімен бірге бір-
тектес және жалықтырғыш жағымсыз дүниелерді алып келмес
үшін, мектепке кешегі күнмен, жаңармай кірмегені жөн; балалар-
дың өздеріне, педагогына деген сенімсіздік ұрығын сеппес үшін
балаларға педагогикаға деген сенімсіз бармаған жөн.
Осылай
дұрыс, себебі ол әр баланың бастау бұлағы және ол өз қолымен,
өз іс-әрекетімен ертеңгі күннің іргетасын қалап жатыр. Бола-
шақтың іргетасын шабытсыз, сенімсіз, адалдықсыз қалауға
болмайды.
Менің тәжірибем келесі ойдың
дұрыстығына көзімді жет-
кізді:
Достарыңызбен бөлісу: