Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


Балалық «жриамули» кімге ұнаса, сол адамның педаго-



Pdf көрінісі
бет106/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Балалық «жриамули» кімге ұнаса, сол адамның педаго-
гикалық қызметке бейімі бар, ал кімде-кімнің оған деген 
құштарлығы болса, сол адам кәсіби бақытқа қол жеткізеді.
Менің бұған сенімім кәміл.
Менен не күтесіңдер, балалар? Сендердің жүздеріңдегі күлкі 
менің бойымда қуанышты сезім ұялатады. Өздеріңнің педагогта-
рыңа сондай ашық әрі аңғал көңілмен қарайсыңдар. Сендер мені 
әлі көрген жоқсыңдар, сонда да маған сүйкімді күлкілеріңді 
сыйлап, бейкүнә көңілмен қарап тұрсыңдар. Сендер нені қалай-
сыңдар? Менің сендерді ғылымның терең сырларына үйреткенім 
керек пе? Ал егер мен мейірімсіз, қатал болып шықсам ше, 
сендерді әр іс-әрекеттерің үшін жазалап, сендерге айқайлайтын 
болсам ше? Ол кезде де бәрібір ғылымға ұмтылатын боласыңдар 
ма? Жоқ, бұлай болмайтынына көзім анық жетеді. Сендер 
педагогты ғылымымен, ақылымен, жақсы ниетіне қарамастан 
жек көретін боласыңдар. Ендеше сендердің жүздеріңдегі күлкі 
нені білдіреді, одан нені оқуға болады? 
«Біз туғаннан мейірімді адамдармыз, бізді мейірімсіз адамға 
айналдыра көрмеңдер!» 
Айтыңдаршы, бұл сөздерді қайсысың айтқан?.. 
«Балалар, – мен сіздермен ойша тілдесіп отырмын, – біз 
бәріміз де мейірімдіміз, – деп айтқан сендер ме?»
«Иә!» – деп айтқан балалардың дауысы құлағыма келгендей 
болды.
«Балалар, бізді мейірімсіз адамдарға айналдыра көрмеңдер 
деп айтқан сендер ме?» 
«Иә... Иә!»
Ендеше, біздерден қандай педагогика шығатынын көрелік.
Педагогикалық уақытты есептеу бухгалтериясы 
Менің бұрыннан қалыптасқан әдетім бар: қыркүйек айы 
басталар алдында алдағы мектеп күндері мен оқу жылында 
болатын сабақтардың санын бастауыш мектептің төрт жылына 


279 
түгелдей, тіпті балалармен тікелей тілдесетін минуттарға дейін 
есептеймін. Соңында уақыттың жетіспейтінінен мазам кетіп, 
дұрыс жыртылып, жақсы даярланбаған педагогикалық егіске 
бірде-бір секундты зая кетірмеу үшін уайымдаймын.
Бала кезімізде ауыл балаларымен бірге жиған егіннің 
соңында қалатын қияқтарды теретінбіз. Әрқайсысымыз бір-бір 
қияқтан жинайтынбыз, бірақ бәрін бір жерге жиған кезде 
үлкендер қаншама астық зая кетіп қала жаздады деп таңғалатын.
Бірақ тастаған сәттен ғайып болатын секундтар мен 
минуттарды қалай жинауға болады? 
Кейде балаларға толы сынып бөлмелері мен мектептің 
дәліздері үздіксіз дән сеуіп, астықты жинайтын «педагогикалық 
комбайн» жүріп өтетін тәрбиелеуші, үйретуші егіс алаңы сияқты 
елестейді. Мыңдаған секундтар мен минуттардың ізі жоғалады, 
оларды ешқашан жинау мүмкін емес. Бұл бір қамсыз егіншінің 
дәндерді оңды-солды шашып, астық еккені сияқты көрініс. 
Дәндерді егіс алаңынан шығып қалып жатқаны, жыртылмаған 
жерге түсіп жатқаны ол үшін бәрібір. Сол сияқты қамсыз мұғалім 
де педагогикалық уақыттың баға жетпес, қайталанбайтын дән-
дерін оңды-солды шашады. Бұл баға жетпес секундтарды жинап, 
оларды мәнісімен, үнеммен, барынша сараңдықпен жұмсаса ғой, 
шіркін, бұл не берер еді? Біз оқу аптасын қиналмай-ақ бес күндік 
қылар едік, сабақтардың ұзақтығын қысқартар едік, үзілістің 
уақытын ұзартар едік... Ең бастысы, балалардың табиғи дамып 
отыруына кедергі болмас еді. Себебі әр оқушы үшін әрбір 
педагогикалық секунд өз уақытысында керек қой – ол ерте де, 
кеш те болмауы керек.
Педагогикалық секундтарды оңды-солды жұмсауға тіпті 
болмайды, себебі бізде ол өте аз. Оларды көбейтуге де, тоқтатуға 
да адам баласының күші жетпейді.
Бес күндік оқу мен 35 минуттық сабақтарды көп уақыттан 
бері өз тәжірибемде қолданып келемін. Сенбі күндері балалар 
үйлерінде болады, ал егер ата-аналары қаласа, оларды мектеп- 
ке әкелулеріне болады, мен оларға ойын, табиғатта дема- 
лыс, мұражайға, хайуанаттар бағына, циркке, киноға саяхат 
ұйымдастырамын. Бұл жағдайда уақыт жағы қалай болады? 
Мінекей:
Бір жылдағы оқу күндерінің саны – 170


280 
Дайындық сыныбындағы сабақтардың саны – 630 = 28800 
минут.
І, ІІ, ІІІ сыныптардың әрқайсысындағы сабақтардың саны – 
850 = 29750 минут.
Бастауыш оқудың төрт жыл ішіндегі сабақтарының саны – 
3230 = 113050 минут.
Дайындық сыныбындағы педагогтың балалармен белсенді 
қарым-қатынасына кететін уақыты (сабақтарда, үзілістерде, 
сабақтан кейін) – 32300 минут.
Педагогтың І, ІІ, ІІІ сыныптардың әрқайсысында балалармен 
белсенді қарым-қатынасына кететін уақыты – 39950 минут.
Педагогтың бастауыш оқудың төрт жылында балалармен 
белсенді қарым-қатынасына кететін уақыты – 154700 минут.
Оқу жылы қандай ұзақ көрінеді! Ал өсіп келе жатқан 
баланың өзгеру үдерісі осыншама қысқа уақыттарға қалайша 
сыйып кеткен! Мектептегі 3230 сабақтың ішінде бала адам 
танымастай болып өзгереді: дене тұрпаты жағынан да, ой-өрісі 
жағынан да. Осыншама сабақ олар үшін көп пе? Олардың санын 
көбейту керек пе? Бастауыш оқудың 4 жылындағы педагогтың 
балалармен қарым-қатынасына кететін уақыттың (154 700 минут) 
баланың өмірінің 4 күнтізбелік жылдағы уақытымен (2103380 
минут) пайыздық қатынасы қандай? Ол ... шамамен 7 %! Бастауыш 
мектеп оқушысының тек 7 % уақыты ғана мектеп тәрбиесіне жұм-
салады екен! Ал дайындық сыныбында одан да аз – шамамен 5,5 %. 
Менің уайымым көбейіп кетті. Мүмкін 5 күндікті енгізудің, 
сабақты 10 минутке қысқартудың қажеті жоқ шығар. Бірақ 
сабақтың қысқа болғаны балаларды жемісті жұмыс істету үшін, 
ойландыру үшін маған керек. Педагогикалық қайшылықты 
жағдайда қалған сияқтымын. Не десем екен... өмірді жақсы 
көретін, өз ісіне берілген адам әрдайым қайшылықпен өмір 
сүреді. Мен ертеңнен бастап басшылыққа алатын келесі ұстаздық 
парызымды жазамын:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет