Қабілет және дарындылық.
Дарындылық пен қабілетті зерттеуге қатысты кейбір
ойлар
1. Психологияда қалыптасқан дәстүрлі түсінік бойынша
«дарындылық» ең алдымен сандық ұғым ретінде қарасты-
рылады. Дарындылыққа сандық тұрғыдан келу әдетте қандай
дарындылық туралы сөз болып отырғанына қарай: «жалпы
дарындылық» дейтін дарындылық, музыкалық дарындылық,
техникалық дарындылық, т.б. түрлеріне байланысты жалпы
айтумен шектеледі. Ал осылардың әрқайсысына қатысты мәселе
тек көп жағдайда бұл дарындылықтар субъектінің бойында қан-
шалықты, оның «деңгейі», т.б. қандай дегенде ғана көтеріледі.
Соңғыда көрсетілген міндетті шешу мақсатында болуы мүмкін
тестілердің неше түрі жасалуда.
Борис
Михайлович
Теплов
(1896-1965)
261
Дарындылық мәселесіне мұндай таза сандық тұрғыдан келу
теориясы мен жоғарыда айтқан Спирменнің ілімінен теориялық
бастау алды. Оның ойынша, «ақыл-ой дарындылығы» «ақыл-ой
жігерінің» санына қарай анықталады. Дарындылыққа сандық
түсінік берген келесі зерттеуші Лазурский адамның дарынды-
лығы «түптеп келгенде адамның нервтік-психикалық жігерінің
әлеуетті қорына немесе басқа терминді қолданып, психикалық
белсенділігінің аз немесе көптігіне байланысты» деп тұжырым-
дайды. Шын мәнінде, Лазурский дарындылықтың сапалық
айырмашылықтарын да табуға тырысты, бірақ оның механистік
ұстанған қағидалары, оның бастау көзі сандық айырмашылық, ал
сапалық айырмашылық сандық айырмашылықтан шығады деп
есептеген жалған көзқарасы дарындылықтың сапалық айырма-
шылықтары жөніндегі қате тұжырымға әкеліп, ол ойлары
жоғарыда аталған «психикалық деңгейлер» туралы ілімінде
көрініс тапты. Лазурскийдің ойынша, бұл жоғары, орта және
төменгі «психикалық деңгейлер» дарындылықтың түрлі сандық
сатылары болып табылады, бірақ бұл сатылардың арасында
сапалық та айырмашылықтар бар. «Түрлі деңгейлердің айырма-
шылық белгілері тек сандық қана емес, сапалық жағынан да
көрінеді», ал бұл автордың ойынша, «санның сапаға айналуының
жарқын көрінісі болып табылады». Сатылардың арасындағы
мұндай сапалық айырмашылықтарды Лазурский келесі бағыт-
тарда көрсетеді: 1) адамның тұлға ретінде рухани бай болуы;
2) психикалық белгілерінің айқындығы, күшті болуы; 3) саналы-
ғы және идеялығы; 4) тұлғаның зейін қою деңгейі; 5) тұлғаның
қоршаған өмірге бейімделу сипаты; 6) дүниетанымдық құнды-
лықтары. Бұл тұжырым диалектілік сияқты көрінсе де, тым
механикалық және мүлде жалған екенін дәлелдеудің қажеті жоқ.
...Мейман өзіне тән формалды-логикалық пайымдау мәне-
ріне салып, дарындылық мәселесін үш тұрғыдан зерттеуге
болатынын төтесінен жазады: «1) Біз дарындылықтың сапалық
жағын ескермей-ақ, сандық тұрғыдан анықтауымызға болады...:
бұл – адамдардың дарындылығының өлшемі... 2) Бұлайша зерт-
теу егер біз дарындылық деңгейін жекелеген қабілеттермен, яғни
ес, қиялмен байланыстырып қарайтын болсақ, бұл міндетті сапа-
лық зерттеулермен байланыстыруымызға болады 3) Біз дарынды-
лықты таза сапалық тұрғыдан зерттей аламыз». Кейінгі түсін-
262
дірулеріне қарайтын болсақ, соңғы міндет олардың типоло-
гиялық айырмашылықтарын анықтау болып табылады.
Дарындылыққа бұл тұрғыдан келіп, оның «сапасымен санас-
пай» «сандық анықтауға тырысудың» заңды екенін мойын-
дауының өзі керемет. Ал осы тұрғыдан анықтаудың буржуазия-
лық психологияда үстемдік етуі бұдан да керемет. Ол күллі
тестологияға негіз болған.
Ол дарындылықты кез келген тестілерде автордың ыңғайына
қарай «жоғары нәтиже беретін қабілет» ретінде «өз еркімен»
анықтауына мүмкіндік береді.
Мейманның дарындылықты сапалық зерттеуді қажет ететін
тұстарын түсіндіруі де ерекше назар аударарлық. Оның ойынша,
ес, қиял, т.б. осы сияқты абстрактілі түсіндірілетін, жекелеген
қабілеттер қамтитын салаларға қатысты дарындылық деңгейле-
рін өлшеуде мұндай сапалық зерттеулерді қолдану абзал. «Ақыл-
ой дарындылығын» ғана емес, ес немесе қиялға қатысты дарын-
дылықты да «өлшегеннен» зерттеу сапалы болары күмәнді деп
ойлаймын. Америкалық психологтардың көбі мұндай зерттеуді
де сандық зерттеу деп есептеп, сол ойларымен мақтануы, менің
ойымша, дұрысырақ па деймін.
Оған Старчтың мына пайымдауы жарқын мысал бола алады:
«Адамдардың арасындағы айырмашылықты сандық дегеннен
гөрі сапалық деген жөн. Яғни адамдардың барлығындағы реф-
лекс, инстинкт, қабілеттер бірдей: барлық адамдардың қабылдау,
ажырата білу, зейін қою, жадыда ұстау, ойлау және т.б. қабілет-
тері бар. Демек, адамдар сапасы жағынан да бірдей қаруланған
деген сөз. Сол себепті адамдардың арасындағы айырмашылық,
шын мәнісінде, әрбір индивидумда бар түрлі қабілеттердің
күшінде және түрлі айырмашылықтардың тұлғаның бойында
берілу жолдарында».
Дарындылық мәселесіне біз буржуазиялық психологиядағы
мұндай дәстүрлі қатынасқа қарама-қарсы көзқарас тұрғысынан
келуіміз қажет: дарындылық мәселесі ең алдымен сандық емес,
сапалық мәселесі болып табылады. Психологияның мақсаты
дарындылықты өлшеудің тәсілдерін емес, түрлі саладағы адам-
дардың дарындылықтарын талдаудың жолдарын практикада
көрсету болу керек. Мәселе бір адамдардың көбірек, ал кейбіреу-
лерінің азырақ дарынды екенін анықтауда емес қой. Ең маңызды-
263
сы сан жағынан емес, сапасы жағынан әр адамның дарындылығы
әр түрлі және қабілеттері де сан алуан болып келеді. Дарынды-
лыққа тән мұндай сапалық айырмашылықтар бір адамның бір
салада, ал екінші адамның екінші бір салада дарынды болуымен
немесе бір адамның техникалық, екіншісінің музыкалық дарын-
дылығының болуымен сипатталмайды. Музыкалық дарынды-
лықтың өзінде де бірінің композиторлыққа, ал екіншісінің орын-
даушы-пианист болуға дарынды болуымен де сипатталмайды.
Дарындылықтың басты сапалық айырмашылығы мынада: тіпті
пианино ойнауға деген дарындылықтың өзі әр адамда сапасы
жағынан әр түрлі болып келеді. Осы тектес сапалық айырма-
шылықтарды талдау дарындылық психологиясының басты мін-
деті болып табылады.
Мұндай талдау жекелеген қабілеттерді анықтап, зерттеуге
әкеледі. Бірақ Старчтың ізімен дарындылық жекелеген қабілет-
терден құралады деп ойлауға болмас. Дарындылық қабілеттердің
айрықша, сапалы үндесіп келуі, демек, дарындылықтың сапалық
ерекшеліктерін оған негіз болған қабілеттерден қарапайым жол-
мен шығаруға болмайды. Осылайша қабілеттерді анықтаудың өзі
де дарындылық мәселесін сан мәселесімен шешуге әкелмейді. Ол
аз десеңіз: қабілеттерді зерттеу де ең алдымен сапалық зерттеу
бола алмайды. Дарындылық туралы жоғарыда айтылғандардың
барлығын қабілеттерді айтқанда да қайталауға болады. Мәселе
бір адамның музыкалық тыңдау қабілетінің жақсы, ал екіншісі-
нікінің нашар болуында ғана емес: әр адамда музыкалық қабілет
сапасы жағынан әр түрлі болуы мүмкін. Қабілеттердің арасын-
дағы осы тектес сапалық айырмашылықтарды табу айрықша
маңызды міндет болып саналады. Бұл бағытта психология прак-
тика үшін маңызды көптеген көмектерді көрсете алады. Әрине,
қабілеттерді зерттеуде сандық әдістің мүмкіндігін мүлде жоққа
шығаруға болмайды. Сандық әдісті тек сапалық зерттеуден соң
жүргізіп, содан шығарып, сапамен анықталса ғана шартты түрде
қарапайым қабілеттерді зерттеуде қолдануға әбден болады.
Дарындылық психологиясының орталық мәселесі адамдарды
дарындылық көлеміне қарай алалау емес, дарындылық пен қабі-
леттердің сапалық ерекшеліктерін ғылыми талдаудың жолдарын
қалыптастыру болып табылады. Бұл үшін адамның қаншалықты
дарынды немесе қабілетті екені емес, дарындылығы қандай және
264
бұл адамның қандай қабілеттерге ие екенін анықтау маңызды
болмақ.
4. Жекелеген қабілеттерге не жатады және белгілі бір іс-
әрекет түріне қарай дарындылыққа негіз болатын қабілеттер
қандай деген мәселелер дарындылық психологиясындағы маңыз-
ды мәселелердің бірі болып табылады. Лазурский өз заманында
бұл мәселені шешуде маңызы бар бірқатар озық пікірлер айтқан
болатын. Ол негізгі «бейімділіктерді» анықтаудың 4 өлшемін
(критерийін) көрсеткен болатын:
а) «Салыстырмалы түрде алғанда бейімділік күрделі емес,
қарапайым болады». Менің ойымша, бұл сөздер дұрыс берілген
ойды дұрыс жеткізіп тұрған жоқ. Оған ұйытқы болған негізгі
идея мынау: қабілеттердің күрделі кешенінен тұратындықтан
оны қарапайым қабілет (әсіресе негізгі қабілет деп) деп атау
орынсыз. Бір мысал келтірейін. Музыкалық-педагогикалық прак-
тикада «нотаны қағаздан оқуға деген қабілет» туралы көп айты-
лады. Бұған қатысты кейбір адамдардың, тіпті арнайы музыка-
лық жоғары білімі бар адамдардың бұл қабілеті жоқ екендігі
таңданбасыңа қоймайды. Шын мәнісінде барлығына ортақ
болатын қабілет болмайды. Нотаны қағаздан оқу өте күрделі
білікті қажет етеді; оны тез әрі оңай үйрену әр адамда әр түрлі,
ол нақты бір қабілетке байланысты емес, ол көптеген қабілеттер-
дің үйлесімділігіне байланысты болады. Қағаздан жақсы оқитын
екі адамға екі түрлі қабілеттің үйлесімділігі негіз болуы мүмкін.
Бұл мәселенің дұрыс шешімі теориялық қана емес, педагогика-
лық та маңызды тұжырымдар жасауға әкелетіні анық.
ә) «Бұл бейімділіктің... әр түрлі тұлғаларда даралық (инди-
видуалдық) ерекшеліктерге ие болуы мүмкін». Бұл өлшемнің
болуы сөзсіз және оның практикалық мәні де талас тудырмайды.
Қабілет индивидуалды-психологиялық ұғым: қандай да бір да-
рындылықты оған негіз болған қабілеттің психикалық ерекше-
ліктері деп қарау ақылға сыймайды...
б) Бұл бейімділіктің айрықша көп өрісті болып келуі. Бұл
өлшем дарындылықтың өзін талдау үшін емес, яғни жекелеген
қабілеттерді анықтау үшін емес, әрбір қабілеттің мәнін бағалау
үшін сөзсіз маңызды. Мысалы, абсолютті есіту жиі кездесетін
қабілет болып табылады. Оның музыкалық дарындылық үшін
маңызын анықтауда бұл фактіні назардан тыс қалдыруға болмай-
265
ды. Бірақ бұдан, бір жағынан, абсолютті есіту ұғымынсыз музы-
калық қабілеттерді зерттеу мүмкін деген түсінік тумауы ке-
рек.
в) Бейімділікті басқа негізгі бейімділіктермен біріктіретін
көптеген байланыстардың болуы. Бұл өлшем мен үшін айтар-
лықтай маңызды емес көрінеді, өйткені өзге қабілеттермен «көп-
теген байланыстармен бірікпейтін» қабілеттердің болуы мүмкін
емес. Бұл тезиске «Мінез туралы ғылым очеркін» жазу кезіндегі
Лазурскийдің психикалық өмірді жекелеген бейімділіктердің
қосындысы деп пайымдаған механикалық түсінігі әсер еткен.
Қабілет қандай болсын өзімен-өзі өмір сүрмейді, ол денесінде
жаны бар адамның нақты іс-әрекетінде ғана өмір сүреді. Сол
себепті қандай да бір қабілеттің басқа қабілеттермен байланысы
бар ма, жоқ па деп бас қатырудың қажеті жоқ: қабілет жалаң
түрінде (бұл байланыстардан бөлек) шынайы өмірде емес, тек
ғалымның миында ғана өмір сүруі мүмкін.
Бұл өлшемнің орнына маңыздырақ басқа өлшемді ұсынған
жөн: бұл қабілеттің сөз болып отырған нақты іс-әрекет үшін
маңыздылығы. Бұл өлшем принциптік мәнге ие, өйткені бір
жағынан, қабілеттерді өзіне қатысты іс-әрекеттерден тыс қарауға
болмайтынын көрсетеді, екінші жағынан, қабілеттер қандай да
бір іс-әрекетті психологиялық зерттеу барысында ғана «анықта-
лады».
«Қабілеттерді таңдау» мәселесі олардың жіктелуі мәселесі-
мен де байланысты. Қабілеттерге қатысты жалпы психологиялық
схема бойынша жасалған жіктеулердің қай-қайсысы да жақсы
болса, пайдасы жоқ, ал жаман болса, зиянды деп ойлаймын.
Жалпы психологиялық дәстүр тұрғысынан жасалған мына бір
жіктеме мысал болуға өзі сұранып тұр, осыны қарастырып
көрелік: 1) қабілеттердің ақыл, сезім және ерік болып бөлінуі
және 2) қабылдау, өңдеу, реактивті психикаға қатысына қарай
бөлінуі. Басқа да бар көптеген қабілеттер қанша талдасаң да бұл
топтамалардың ешқайсысына келмейді: музыкалық есіту қабі-
леті деген ақылдың қабілеті ме, әлде сезім қабілеті ме? Ол қабыл-
даушыға жата ма, әлде өңдеуші немесе реактивті қабілет түріне
жата ма? Бұл сұрақтарға жауап беру мүмкін емес, өйткені қабі-
леттердің қай-қайсысы да бұл топтамалар тұрғысынан қарағанда
әлдеқайда көпқырлы болып келеді.
266
Қабілеттерді жіктеу нақты іс-әрекетке сәйкес келетін түр-
леріне қарай психологиялық тұрғыдан талданып жасалуы керек.
Бұл мәселені шешудің менің ойымша, басқа жолы жоқ.
5. Аталған мәселеге қатысты қозғалуы тиіс келесі сұрақ –
жалпы және арнайы дарындылық турасында болмақ. Біздің көз-
қарасымыз бойынша, бұл мәселеде жалпы дарындылық турасын-
да емес, нақты бір іс-әрекетке деген дарындылық туралы айтаты-
нымызды ескеріп отырғанымыз жөн. Әрине, біз «жалпы дарын-
дылық» ұғымын айтудың өзі дұрыс па? деген сұрақтың жауабын
анықтап алуымыз керек.
Жалпы дарындылықты іс-әрекетке қатысынсыз қарастыра-
тын болсақ, әрине, бұлай айту қате болатыны сөзсіз.
Біздің көзқарасымызға қайшы келетін жалпы дарындылық
туралы түсінікке Штермов түсінігі классикалық мысал бола
алады (Intelligenz), ол оны «толығымен фомалды қабілет», «бағ-
дарланбаған қару», «нақты бағытқа байланбаған, кез келген
бағытта қолданылатын, барлық нәрсеге жарайтын құрал» деп
анықтайды. Геллерштейннің анықтамасы да сәл жұмсартылып
берілгенмен, түбірі мағыналас болып келеді және оның анық-
тамасының аздап өзгертілген нұсқаларын басқа көптеген
авторлардан да көруге болады: «Егер дарындылық қандай да бір
мамандыққа бейімделу белгілерінен көрінетін болса, онда кәсіби
дарындылық туралы айтқан жөн. Егер ол өмірдің түрлі жағдай-
ларына тез әрі дұрыс бейімделіп, түрлі білімдерді меңгеруге және
жақсы қабылдауға мүмкіндік беретін болса, онда ол жалпы
дарындылық деп айтылады». «Кез келген жаңа жағдайға бірдей
бейімделе алатын» адам болмайды. Ал егер осы «идеалға»
жақындайтын адамдарды бар дейтін болсаңыз, оларды «жалпы
дарындылыққа» ие адамдар деу орынсыз болар.
Меніңше, жалпы дарындылық туралы С.Л. Рубинштейннің
мына бір айтқан ойлары көкейге қонады (ол соңына дейін
жеткізілмесе де): «Арнайы қабілеттер іс-әрекеттің жекелеген
салаларына қатысты анықталады. Қандай да бір арнайы қабілет-
терден индивидумның адамзаттың іс-әрекетінің жалпы формала-
рына бейімделген жалпы қабілеттері көрінеді».
Бұл пайымдаудан екі анық дұрыс айтылған ойды ойып
көрсету керек. Біріншіден, жалпы дарындылықты арнайы дарын-
дылықтың «ішінен» таба алатындығымыз, екіншіден, жалпы
267
дарындылықты да адамзаттың іс-әрекетіне сәйкестендіре қарас-
тыру керектігі.
Менің ойымша, жалпы және арнайы дарындылық туралы
емес, сөзді дарындылықтың жалпы және жекелеген тұстары
жөнінде қозғаған дұрысырақ па деймін. Шынында да, мысалы,
музыкалық дарындылық туралы сөз таластыра отырып, біз
шындап қарасақ, мәселен композиторлық дарындылықтан ерек-
шелендіріп, орындаушылық дарындылықты құрайтын тұстарын
айтамыз. Сондай-ақ адамды скрипкадан гөрі, фортепиано
ойнауға және нақты стильдегі және мәнердегі шығармаларды
шебер орындауға мүмкіндік беретін дарындылық қырлары тура-
лы айтамыз. Бірақ, сонымен қатар музыкалық дарындылықтың
кез келген музыкалық іс-әрекетке қатысты қырларын, музыканы
тыңдауға да, оны орындауға да, композитордың іс-әрекеті үшін
де маңызды әрі ортақ болатын қырларын сөз етеміз. Бұдан
тереңдесек, музыкалық дарындылықтың музыкалық іс-әрекет
үшін ерекше болмаса да, кез келген көркем іс-әрекетпен ортақ-
тасатын кез келген көркем дарындылыққа қатысты қырларын
анықтай аламыз.
Демек, кез келген дарындылықтың әрі жалпы, әрі жеке
тұстары болады. Іс-әрекеттің түрлі формаларының жалпыға тән
жақтары болатындықтан да «жалпы дарындылық» туралы көп-
теген іс-әрекеттерге қатысты кең ауқымда сөз қозғау орынды...
«Дарындылық» ұғымын, жоғарыда түсіндіруге тырысқа-
нымдай, адамдардың қоғамдық өмірінің нақты формаларынан
тыс қарастырудың мәні жоқ. Бұл ойды нақты қоғамдық форма-
цияға қатысты қолданылғанда ғана мән-маңызға ие болатын
«жалпы дарындылық» турасында да қайталауға болады. Кеңес
Одағы азаматтарының алдында туындайтын сан алуан іс-әрекет-
терді сәтті орындау үшін маңызды болып табылатын психикалық
ерекшеліктер туралы айта аламыз. Мұндай ерекшеліктерді
зерттеу «жалпы дарындылық» мәселесін қарастырады. Бірақ бұл
буржуазиялық қоғам ғалымдарының айтып отырған «жалпы
дарындылық» туралы ойларынан мүлде басқа. Капиталистік
қоғамда айрықша құрметке ие, бірақ кеңестік өмірде жоқ іс-
әрекет түрлері аз емес (мысалы, Т. Драйзердің «Қаржыгер»
немесе «Титан» романдарындағы қаржыгер Каупервудтың іс-
әрекеті немесе үйреншікті бужуазиялық парламентарияның іс-
268
әрекеті). Кеңестік құрылыспен бірге қалыптасқан басқа іс-әрекет
түрлері аз емес. Ең маңыздысы, іс-әрекет түбірімен өзгерді, соған
сәйкес олардың адамға қоятын талаптары да түбірімен өзгерді.
Демек, «жалпы дарындылық» ұғымының мағынасы да біз үшін
буржуазиялық ғалымдар түсінетін түсініктен басқаша болмасына
еш себеп жоқ.
Адамзат тарихына үңілер болсақ және оған объективті
тұрғыдан келер болсақ, адамның жан-жақты дамуына оның
табиғаты емес, тек қоғамдық өмірдің жағдайлары ғана себеп
болатынына көптеген мысалдар табуға болады. Энгельстің Қайта
өрлеу дәуірінің қайраткерлері туралы жазған айшықты ой
тізбектерін алсақ та жеткілікті. Бұл дәуірдің кейінгі дамыған
капитализм үстемдік құрған ғасырлардан басты ерекшелігі –
өзінің ұлы қоғам қайраткерлерінен орасан зор жан-жақтылықты
талап етті. «Бұл адамзаттың басынан өткерген, өзінің титан-
дарына зәру болып, ойы мен құмарлығы және мәнері өзгеше, әр
қырлы және ғылыми ойлауы бөлек титандарды барынша мол
дүниеге келтірген айрықша прогрессивті төңкеріс болды. Сол
кездегі буржуазия үстемдігінің негізін қалаған адамдар буржуа-
зиялық-шектеулі ғана бола алмады, басқасының бәрі болды.
Керісінше, олар өз заманының азды-көпті қызықты жақтарына
құмартты. Ол кезде алысқа саяхат жасамаған, төрт немесе бес
тілді жетік меңгермеген, шығармашылықтың бірнеше саласында
жұлдызы жанбаған ірі адам жоқтың қасы болатын... Леонардо да
Винчи ұлы суретші ғана емес, ұлы математик те, ұлы механик те,
инженер де бола білді, оның қосқан маңызды жаңалықтары үшін
физиканың түрлі салалары оған айрықша риза болар... Альбрехт
Дюрер суретші, гравер, мүсінші, сәулетші болды, сондай-ақ ол
айрықша маңызды идеяға бай, кейінірек Монталамбердің және
бекіністер туралы жаңа неміс ілімінде дамытылған фортифи-
кация жүйесін ойлап тапты. Макиавелли мемлекет қайраткері,
тарихшы, ақын және сонымен бірге жаңа заманның әскери
жазушысы болды, бұл айрықша айтып өтуге лайықты құрмет.
Лютер шіркеуді авгиев атқорасынан тазартып қана қойған жоқ,
неміс тілінің де «атқорасын» қалпына келтірді, қазіргі неміс
прозасын жасады және XVI ғасырдың марсельезасына айналып,
жеңіс рухымен сусындалған хоралдың әнін де, мәтінін де жазды.
Ол дәуірдің адамдары кейінгі дәуірде қабылдап алғандардың
269
әрекетіне бұғау салып, жарымжан еткен еңбек бөлінісінің құл-
шылығына әлі түспеген болатын». Дамыған капитализм дәуіріне
қарап, біз мұндай жан-жақтылыққа үлгі болар, тең келер мысал
таппаймыз. Сол себепті де Гете, Ломоносов, Лейбниц секілді тұл-
ғалардың данышпандығынан гөрі, адам айтқысыз жан-жақтылы-
ғына қарай аты аңызға айнылған тұлғалар сияқты көрінуі де
таңғалдырмайды.
XIX ғасырдың көптеген айтулы талантты тұлғалары бір
мамандықтың иегерлері болып келеді. Бұл талас тудырмайды.
Бірақ бұдан олардың барлығы біржақты дарындылыққа ие,
өздеріне танымалдылық әкелген дарындарынан басқа дарындары
болмады деген тұжырым жасалмаса керек. Алайда бұл тұжырым
көп жағдайда тиісті нәрсе ретінде қабылданады. Бұл турасында
күні бүгінге дейін жағымсыз жағынан танылып, сөздері
жағымсыз көзқарас тұрғысынан бағаланып келген Гальтон тура
айтқан. «Менің байқауымша, – деп жазды ол, көзге айдай анық
көрініп тұрған дарындылыққа тым көп назар аударылады,
адамның тек бір бағытта көбірек жұмыс істеуіне байланысты ол
басқа бір салада жетістікке жете алмас еді деп ойлап, шешімді
асығыс шығарады. Дәл осылайша пайымдайтын болсақ, қара
шашты қызға өлердей ғашық болған адам сары шашты қызды
мүлдем жақсы көре алмас еді деп те тұжырымдауға болар еді».
Шынында да, адам өмір бойы бір бағытта жұмыс істегендіктен
сол салада үлкен, кейде тіпті ұлы жетістіктерге жеткен болса,
басқа іс-әрекет саласында бұл адамның ешқандай таланты мен
қабілеті болмады деп, түбірімен заңсыз шешімдер шығарып
жатамыз. Шын мәнісінде бұл мысалдан тек бір ғана тұжырым
шығаруға болады: капиталистік құрылыс жағдайлары адамды тек
бір ғана, көп жағдайда тар саладағы мамандықтың иесі болуға
мәжбүрлейді. «Талант тек қана бір қырлы» деген тұжырымның
шындыққа жанаспайтынына көз жеткізу үшін шығармашылық-
тың түрлі салаларындағы ірі қайраткерлердің өмірбаяндарына
терең зейін қойсақ жетіп жатыр. Мәселен, Гогольдің актерлік
таланты сияқты, Грибоедовтың музыкалық таланты, Шевчен-
коның бейнелеу, музыкалық таланты кез келгеннің ойына келері
хақ. Бірақ бұл мысалдар ешқандай да ескерілуі тиіс ерекше
жағдайлар емес: керісінше толықтай бір қырлы талантқа ие болу
ерекше жағдай болуы керек шығар.
270
Бұл
пайымдауды
дәлелдеу
үшін
арнайы
зерттеулер
қажет
.
Ол
бұл
жұмыстың
міндетіне
енбейді
.
Мен
тек
ірі
музыканттар
-
дың
ғұмырнамасынан
бірнеше
мысалдар
берумен
шектелемін
.
Ш
o
п
e
ннің
айрықша
актерлік
,
әдеби
және
бейнелеу
өнеріне
қабілеті
болған
.
Френкельдің
кітабынан
алынған
үзінділер
былай
дейді
: «
Бет
бұлшық
еттерінің
айрықша
икемділігінің
,
бет
-
жүзінің
кескін
-
келбетін
құбылтуға
деген
сирек
кездесетін
қабілетінің
арқасында
Шопен
аңыздағы
Прометей
сияқты
кез
келген
тұлғаға
оңай
ене
алатын
.
Әрине
,
ортадағы
адамдардың
әсіресе
күлкілі
сәттерін
дәл
,
тез
тауып
сипаттауына
мүмкіндік
беретін
оның
байқағыштық
қабілеті
де
үлкен
рөлді
атқаратын
». «
Бөтен
көзден
қанша
жасырғысы
келсе
де
,
күлкіліні
қырағылықпен
танитын
таланты
болатын
.
Кейбір
адамдардың
бет
-
әлпет
қимылда
-
рын
,
қозғалыстарын
,
мінезіне
тән
белгілері
мен
мимикасын
ол
өте
шебер
жеткізетін
».
Шопенді
зерттеуші
келесі
биограф
Ст
.
Тарновский
былай
деп
жазады
: «
кн
.
Марцелина
Чарториж
-
ская
бізге
Шопен
ең
шебер
әрі
қызықты
мимиктердің
бірі
болатын
,
ол
киім
кимей
-
ақ
,
ешбір
актерлік
құралдарсыз
-
ақ
бет
-
әлпетін
,
мүсінін
,
жүрісін
әп
сәтте
өзгертіп
салатыны
соншалық
,
оған
жақын
таныстарының
өзі
оны
танымай
қалатын
деп
айтатын
.
Вокаж
и
М
-
м
Дорваль
сынды
сахна
саңлақтары
мұндай
талантты
,
мұндай
тума
комиктік
қабілетті
ешқашан
көрмеген
-
дерін
айтып
ағынан
жарылатын
».
Шопеннің
әдебиетке
,
сурет
салуға
деген
қабілеті
де
күмән
тудырмайды
.
Соңғы
қабілеті
оның
бойында
ертеректе
7
жасында
-
ақ
байқалған
.
Френкель
оның
өмірінің
осы
кезеңі
туралы
әңгімелей
отырып
,
былай
жазады
:
«...
Бала
суретті
ерекше
ықыласпен
салатын
,
бұл
салаға
деген
сирек
кездесетін
қабілеті
барын
көрсететін
». «
Жасөспірім
кезінде
Шопен
таныстарының
портреттерін
тіпті
жаман
емес
салатын
,
ұқсастығымен
,
комикалық
кескін
-
келбеттерді
дәл
бейнелеп
көрсетуімен
таңғалдыратын
». «
Шопен
6
жастан
поляк
тілінде
,
француз
тілінде
өлең
жаза
бастаған
;
жасөспірім
кезінде
үйде
қойылатын
спектакльдерді
жазумен
әуестенген
;
көңіл
-
күйі
жақ
-
сы
сәттерде
Шопен
түбі
жоқ
қазынадай
өлеңді
ағызатын
».
Вебер
автобиографиялық
әңгімесінде
бейнелеу
өнеріне
деген
қабілеті
бала
кезінде
музыкалық
қабілетінен
кем
түспеге
-
нін
жазады
. «
Мен
уақытымды
бейнелеу
өнері
мен
музыкаға
тең
бөлетінмін
.
Бейнелеу
өнерінің
түрлі
салаларында
бірталай
сәтті
271
талпыныстар
жасадым
,
маймен
жаздым
,
пастел
,
миниатюралар
салдым
,
граверлік
инені
де
қолданатынмын
.
Бірақ
бұл
сабақтар
біртіндеп
азайып
,
музыка
менің
санаммен
бірге
өзінің
әпкесін
ақыры
ығыстырып
тынды
».
Дегенмен
бейнелеу
өнеріне
деген
талантын
бала
кезінде
музыкалық
таланты
«
ығыстырған
»
болса
,
Вебердің
келесі
бір
қыры
–
әдебиетке
деген
қабілеті
туралы
сөз
басқаша
.
Жас
кезінде
оның
жазушы
болуға
шын
ниеті
болған
.
Оның
соңында
айтарлықтай
өлеңдері
мен
өлең
мәтіндері
, «
Музы
-
канттың
өмірі
»
атты
аяқталмаған
шығармасы
, «Schiambeisser»
атты
новелласы
және
басқа
да
көптеген
сыни
мақалалары
қалды
.
А
.
Н
.
Серовтың
өмірбаянынан
да
біздің
көзқарасымызға
қызықты
болатын
деректер
табуға
болады
.
Ол
бала
кезінде
бейнелеу
өнеріне
ерекше
қызығып
,
ал
музыкаға
аса
құлықсыз
болған
;
музыкаға
«
бала
кезінен
еш
қызықпағанын
»
өзі
де
мойын
-
дайды
».
Тіпті
музыкаға
қызығушылығы
ерекше
күшті
бола
бастаған
жасөспірім
кезінде
де
ол
оның
жалғыз
құмарлығы
,
ерекше
артық
көрінген
қабілеті
болмаған
еді
;
Құқықтану
учили
-
щесін
бітірген
кезінде
де
жас
Серов
музыкаға
да
,
бейнелеу
өнеріне
де
,
әдебиетке
де
бірдей
қызығатын
.
Бейнелеу
өнеріне
деген
қызығушылығы
ересек
жасқа
жеткенде
де
өшпеді
.
Өзінің
өмірбаяндық
хатында
ол
өзінің
бойында
«
портреттердегі
ұқсас
-
тықтарды
,
көз
тоқтататын
тұстарды
тез
байқап
,
пейзаж
орта
-
сында
суреттеудің
неғұрлым
дұрыс
орнын
табуға
тамаша
қабі
-
леті
»
барын
жазады
.
Серовтың
әдеби
қабілетінің
мінсіздігі
дәлел
-
деуді
қажет
етпейді
:
ол
сын
саласында
айрықша
байқалды
.
Россиниге
қатысты
оның
әдеби
таланты
туралы
үлкен
сеніммен
айтуға
болады
: «
Россини
өзінің
опералары
үшін
қанша
қаласа
,
сонша
өлең
жазады
»,
ал
оның
актерлік
таланты
туралы
ерекше
тоқталған
жөн
.
Ол
туралы
Стендаль
мынаны
жазады
:
«
Россини
өзінің
айналасындағы
адамдарды
мазақтауға
деген
айрықша
талантқа
ие
». «
Италияның
,
бәлкім
әлемнің
бірінші
комик
әртісі
Вестрис
оған
актерлік
кәсіпке
деген
ерекше
таланты
барын
айтқан
».
Россини
қатысқан
әуесқой
қойылымды
көрген
басқа
бір
италияндық
ірі
актер
«
Италияда
оның
ойынын
ұмытты
-
ра
алатын
екі
актер
жоқ
»
деген
екен
.
Ауқымды
дарындылықтың
үлгісі
боларлық
ерекше
қызықты
тұлға
–
С
.
И
.
Танеев
.
Ю
.
Померанцевтің
айтуынша
,
ол
«
бейнелеу
272
–
ол
үшін
carriere manquee»
деп
айтып
жүргенді
ұнатады
екен
.
Ол
бейнелеу
өнеріне
ешқашан
арнайы
оқымай
,
өзінің
досы
Влади
-
мир
Маковскийдің
кеңесін
тыңдай
отырып
,
майлы
бояулармен
портреттерді
кескіндеуде
бірталай
сәтті
қадамдар
жасаған
.
Сергей
Ивановичтің
поэзия
туралы
да
carriere manquee
деп
айтуға
құқығы
болатын
деп
,
Померанцев
әділ
бағасын
береді
.
Қалжың
өлеңдер
,
тіпті
поэмалар
жазу
оның
сүйікті
істерінің
бірі
болған
.
Жарияланған
шығармалары
оның
өлең
жазу
техникасын
айтар
-
лықтай
меңергендігін
көрсетеді
.
Оның
Чайковскийге
жазған
хатынан
үзіндісі
де
осыны
айтады
: «
Жақында
мен
Селишеге
(
Танеевтің
досы
Масловтардың
қожалығы
)
баяғыда
жазып
бітірген
поэмамның
бір
үлгісін
жібердім
.
Ол
148
өлеңнен
тұрады
.
Мен
оны
1,5
күн
бойы
жаздым
».
Дарындылықтың
табиғатын
терең
түсінуде
Танеевтің
келесі
қыры
–
оның
ғылымға
деген
дарыны
ерекше
маңызды
.
Танеев
ғажайып
композитор
және
пианист
болумен
бірге
ұлы
теоретик
ғалымның
жарқын
бейнесін
үйлестіре
білді
.
Танеевтің
ғылыми
ойларының
музыкалық
-
теориялық
және
музыкалық
-
тарихи
мәселелермен
шектеліп
қалмауы
,
әсіресе
өнеге
тұтарлық
:
оның
ғылыми
танымы
мен
қызығушылықтарының
аясы
айрықша
кең
болатын
.
Бұл
орайда
Танеевтің
кітапханасына
З
.
Ф
.
Савелованың
жасаған
сипаттамасы
айрықша
қызықты
,
онда
Танеевтің
қандай
кітаптары
болғаны
туралы
ғана
емес
,
қандай
кітаптарды
және
қалай
оқығандығы
жөнінде
материалдар
беріледі
.
Сергей
Ивановичтің
хаттарда
,
күнделіктерде
,
жазу
кітапшаларында
айтқан
,
оның
ғылыми
ойының
тереңі
мен
кеңдігін
танытатын
кейбір
сөздері
үлкен
қызығушылық
тудырады
.
Тек
бір
ғана
мысал
келтірейін
,
оның
23
жасында
жазған
жазба
кітапшасынан
үзінді
.
Онда
ол
жақын
күндерге
жоспарлаған
,
айрықша
ауқымды
жұмыстарының
бағ
-
дарламасын
сипаттайды
.
Жоспарларының
ортасында
арнайы
музыка
сабақтарымен
бірге
тарихты
оқу
жоспары
берілген
.
«
Менің
тарихты
оқып
білгім
келеді
;
тура
айтатын
болсақ
,
тарихты
білу
бәрін
білу
деген
сөз
».
Осы
пайымының
дәлелі
ретінде
күрделі
ойлардың
тізбегі
беріледі
,
онда
жас
музыкант
шынайы
диалектиканың
шыңына
шығады
: «
Осылайша
,
әрбір
зат
тізбектің
бір
бөлшегі
болып
шығады
,
ол
сол
арқылы
жан
-
жаққа
тарайды
.
Мұндай
тізбектер
шексіз
көп
және
олардан
кейбір
бөлшектер
уақытқа
тартылса
,
келесілері
кеңістікке
кетеді
.
Сонда
273
әрбір
заттың
өзі
осы
тізбектер
қиылысатын
орталық
болып
табылады
»... «
Адамзат
,
адамзат
қоғамы
,
адамның
қолымен
жа
-
салған
заттардың
тізбегін
қалпына
келтіру
,
келе
жатқан
жолын
тауып
көрсету
–
тарихтың
қолынан
келетін
іс
». «
Сонымен
,
тарихты
оқи
бастаймын
.
Кездейсоқ
алатын
басқа
білімдердің
барлығын
осы
орталыққа
топтастырамын
:
бәрін
тарихқа
әкеле
-
мін
».
Танеев
бұл
бағарламаны
шынында
да
өмір
бойы
ұстанып
өткен
:
бұл
идеялар
оның
өз
бетімен
білім
алу
барысында
ғана
емес
,
оның
музыкалық
-
теориялық
және
ең
ғажабы
–
компози
-
торлық
жұмысына
да
жеткшілік
еткен
.
Мінсіз
,
тіпті
кейбір
жағдайларда
айрықша
әдеби
қабілет
туралы
көптеген
ірі
композиторларға
қатысты
да
сөз
етуге
болады
.
Вагнердің
,
Лист
,
Шуман
,
Римский
-
Корсаков
,
Чайков
-
ский
,
Мусоргский
,
Гуго
,
Вольф
,
Корнелиус
,
Гуно
,
Галевидің
есімдерін
атап
өтейін
.
Көптеген
музыканттардың
бейнелеу
өне
-
ріне
деген
қабілеттерінің
айқын
көрінгені
айтылады
(
Мендель
-
сон
,
Доницетти
,
Шпор
,
Боальде
,
Иоганн
Штраус
және
т
.
б
.).
Қандай
да
бір
нақты
іс
-
әрекетке
деген
арнайы
қабілеттер
турасында
емес
,
дарындылықтың
кеңдігінің
терең
көрінуі
туралы
айтар
болсақ
,
бұл
тұста
сөз
музыкалық
дарындылықтан
гөрі
одан
да
«
жалпы
»,
кең
нәрсемен
байланысты
екенін
дәлелдеу
үшін
Бетховен
,
Чайковский
,
Римский
-
Корсаков
,
Лист
немесе
Вагнер
сияқты
тұлғаларға
психологиялық
талдау
жасудың
өзі
жеткі
-
лікті
.
Осы
тектес
деректерді
еш
қиындықсыз
тізе
беруге
болады
.
Бірақ
оның
қажеті
шамалы
.
Берілген
материалдар
көрнекті
музыканттардың
музыкалық
емес
басқа
да
таланттары
мен
дарындарының
болғанын
дәлелдейтін
деректерді
қарапайым
кездейсоқтық
деп
түсіндіруге
болмайтынына
көз
жеткізеді
.
Соған
қарамастан
бұл
деректерді
«
ескерту
»
ретінде
қарастыруға
болады
.
Буржуаз
психологтардың
көпшілігіне
қарсы
шыға
отырып
, «
талант
,
ол
көп
қырлы
»
болады
деп
тұжырымдауға
толық
құқығымыз
бар
.
Мұнымен
белгілі
бір
саладағы
кез
келген
таланты
бар
қайраткер
міндетті
түрде
басқа
салаларда
да
көрнекті
қайраткер
болуы
тиіс
,
музыкант
әрі
бейнелеуші
,
әрі
ақын
,
әрі
актер
немесе
ғалым
болуы
керек
деуден
аулақпын
.
Сөз
мамандықтың
санында
емес
,
дарындылықтың
кең
болатынды
-
ғында
және
оны
жан
-
жақты
дамытуға
болатындығында
.
Адам
-
274
ның
бір
ғана
мамандығы
болғанмен
,
сонымен
қатар
кең
әрі
жан
-
жақты
болуы
мүмкін
.
Теориялық
тұрғыдан
бұл
жерде
сөз
бір
адамның
бойында
болатын
түрлі
дарындылықтар
немесе
талант
-
тар
туралы
болып
отырмағанын
ерекше
атап
өткен
маңызды
...
Сөз
түрлі
дарындылықтың
болатыны
жөнінде
қозғалмауы
керек
,
тұлғаның
бойындағы
дарындылықтың
күрделі
әрі
кеңдігі
турасында
сөз
қозғаған
жөн
.
Түрлі
салаларда
сәтті
әрекет
ету
мүмкіндігі
,
ең
алдымен
,
іс
-
әрекеттің
әр
түрі
үшін
маңызды
болып
табылатын
дарындылықтың
бірқатар
жалпы
тұстарымен
түсін
-
діріледі
.
Көпқырлы
дарындылық
туралы
ғылыми
мәселедегі
негізгі
орталық
–
осы
.
Мәселені
басқа
қырынан
қарастыратын
болсақ
,
бір
тұлғаның
бойында
түрлі
дарындылықтардың
болуын
«
кез
-
дейсоқтықпен
»
түсіндіру
орын
алады
.
Бірақ
өмірбаяндық
де
-
ректерден
көргеніміздей
,
өмірден
алынған
мысалдар
«
кездейсоқ
сәйкестік
»
болжамына
түбегейлі
қарама
-
қайшы
келеді
. «
Түрлі
дарындылықтардың
арасындағы
байланыстар
»
туралы
мәселе
адамдардың
бойында
шынымен
кездесетін
дарындылықтардың
күрделі
түрлерін
талдау
мәселесімен
алмастырылуы
керек
,
соның
ішінде
дарындылықтың
неғұрлым
жалпы
және
нақты
тұстарын
анықтау
мәселесімен
алмастырған
жөн
Достарыңызбен бөлісу: |