Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет102/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Теориялық білімдерге жетекші рөл
беретін ұстаным білік пен 
дағдының маңыздылығын және олардың бастауыш сынып оқу-
шылары үшін қажеттілігін төмендетпейді. Эксперименталдық 
оқытуда дағдыларға ерекше мән берілгенін бағдарламалардан, 
әдістемелік нұсқаулықтардан, оқу материалдарынан, оқулықтар-
дан көруге болады. Ал дағдыны қалыптастыру жолдары туралы 
мәселеге келер болсақ, ол шынымен де дәстүрлі әдістемеге ұқса-
майды. Эксперименталдық оқытуда дағдыны қалыптастыру жал-
пы даму барысында, тіпті одан да терең ұғымдар мен қатынас-
тарды, байланыстарды түсінуі барысында жүзеге асырылады.


256 
Жоғары қиындық деңгейінде оқыту ұстанымы эксперимен-
талдық оқыту жүйесінің негізгі басты ұстанымы бола тұра, келесі 
бағдарлама материалын меңгеруде 
жоғары қарқынмен алға 
жүру 
ұстанымымен тығыз байланысты болып келеді. Өткен 
материалды бірнеше рет және бір қалыпты қайталай беру кедер-
гілер туғызады, тіпті жоғары қиындық деңгейінде оқытуға 
мүмкіндік бермейді. Себебі оқушының оқу әрекеті «жауыр бол-
ған жолмен» жүзеге асады.
Жоғары қиындық деңгейінде оқыту ұстанымына қызмет етсе 
де, аталмыш ұстанымның өзіндік даралық ерекшеліктері де бар. 
Ол үнемі алға қозғалып отыруды талап етеді. Оқушының ақыл-
ойын түрлі мазмұнда үздіксіз байытып отыру барысында алын- 
ған ақпараттарды терең түсінуге жағымды жағдай жасайды, 
себебі ол білімдер тұтас жүйелі білімдердің құрамдас бөлігіне 
айналады.
Бұл жерде оқушыларға сабақ барысында барынша көбірек 
мысалдар беріп, жаттығу жасатып, тағы да басқалай жұмыстар-
мен әйтеуір құр қол отырғызбау мақсат емес. Мәселе онда емес. 
Жоғары қарқынмен алға жүру сабақты асығыс жүргізуді, оқушы-
ларға асығып, барынша көбірек ақпарат беру дегенді білдірмейді. 
Рекордтың соңына түсу біздің эксперименталдық жүйеміз үшін 
жат нәрсе. Сондай-ақ бір қалыпты қайталаулар да бізге жат. 
Жоғары қарқында оқыту алынған білімдерді әр қырынан тануға, 
оны терең тануға және өзара байланыстыра білуге үйретуге 
мүмкіндік береді. Бұл ұстаным сандықтан гөрі, сапалық қасиетке 
ие. 
Теориялық білімдерге жетекші рөл беру ұстанымы 
оқу 
үдерісіне оқушылардың саналылығы 
ұстанымы негізінде жаңа 
мазмұнға ие болады. Бұл ұстаным жалпыға мәлім білімнің сана-
лылығы ұстанымына әрі жақын, әрі айтарлықтай айырмашылық-
тары да бар.
Саналылық ұстанымы дидактикада түрліше түсіндіріліп 
жүр... Берілген анықтамаларды салыстыра келе, саналылыққа тән 
ұқсастықтарды атап өткен орынды: оқу үдерісінің барлық 
буындарында қажет, оқушының оқу материалын түсініп, оны 
практикада қолдана білуі ескеріледі, білімді саналы меңгеру 
барысында жүзеге асатын ойлау операциялары көрсетіледі. Ең 
маңыздысы, оқушылардың оқу еңбегіне қатынасына ерекше мән 


257 
беріледі. Осының арқасында саналылық ұстанымы оқушының 
тек интеллектуалдық әрекетімен ғана шектелмейді. Өкінішке 
орай, оның бұл қыры толық ашылмаған.
Қарапайым саналылық ұстанымы ұғымы және оқу үдерісіне 
оқушылардың оқу үдерісіне саналылығы ұстанымы саналылық-
тың сипат-белгілеріне, нысанына қарай ерекшеленеді. Алғашқы-
сында саналы әрекет сыртқа, яғни ақпарат және меңгеруі тиіс 
білік, дағдыға бағытталса, соңғысында саналы әрекет ішке, яғни 
оқу әрекетінің барысына бағытталған.
Ұсынып отырған ұстанымымызды бастауыш сыныптарда 
математиканы оқытудан алынған үлгі арқылы нақтылап түсін-
діруге болады. Мысалы, көбейту кестесі тақырыбын өткенде 
дәстүрлі әдістемеде көбейту кестесін толық меңгертуге көмекте-
сетін түрлі тәсілдер қолданылады. Әдістеме авторларының 
айтуынша, оларды қолданған кезде «бұл бөлімді үйрену мерзімі 
қысқарып, көптеген қиындықтар шешіледі» (Основы методики 
начального обучения математике / под. ред. А.С. Пчелко).
Біз оқу үдерісінде оқушының материалды меңгеру жолдарын 
түбегейлі түсініп алғанын, оның кейбір элементтерін жаттап 
алудың қажеттілігіне, оны үйренудегі қателіктердің себебіне, т.б. 
өзінің көзі жетіп, түсініп алғанын қалаймыз. Осылайша, мысалы, 
3 х 3 = 9 деп басталатын «3» санының көбейту кестесі жай беріле 
салмайды. Оған алдымен сұрақ қойылады: «3» санының көбейту 
кестесінде 3 х 2 неше болатынын неге жаттамай-ақ білуге 
болады?!». Кестені салыстыру арқылы оқушы бұл сұрақтың 
жауабын таба алады: «3» санының көбейту кестесінде 3 х 2 
қатары жоқ, оны жаттаудың қажеті жоқ, себебі 3 х 2 = 6 және 2 х 
3 = 6 болады. Ал 2 х 3 = 6 «2» санының көбейту кестесінде бар 
(қараңыз: Занков Л.В. Учебник математики для І класса).
Бұл ұстаным математиканың басқа да бөлімдерін оқытуда 
ғана емес, сондай-ақ басқа пәндерде де қолданылады. Мәселен, 
балалар орфографиялық ережелерді оқығанда өзара ұқсас 
мысалдарды араластырып ұсыну тәсілі бар. Эксперименталды 
оқыту жүйесінде балаларға мұндай жағдайда айрықша байқампаз 
болу керектігі түсіндіріледі, себебі бұл ережелерді бір-біріне 
ұқсас болғандықтан шатастырып алуға болады. Осылайша, 
білімді және дағдыны игеру барысы саналы ұғыну нысанына 
айналады.


258 
Меңгерілетін білімдердің бір-бірімен байланысын, мәселен, 
дұрыс жазу ережелері мен есептеу операцияларының арасындағы 
айырмашылықты игеру, қателіктердің пайда болуы және олар-
дың алдын алу механизмдері оқушылардың айрықша оқып-білу 
нысаны болып табылады.
Еңбек сабағында бұл ұстаным балалардың назарын жасала-
тын нысанды жоспарлауда қажетті операциялардың өзара бай-
ланысты, бірізді болуын, жұмыс барысында оны жан-жақты 
қадағалау қажеттілігін санамен ұғыну арқылы жүзеге асыры-
лады.
Сонымен, біз эксперименталдық оқыту жүйесінде қолданы-
латын 4 ұстанымды қарастырдық. Оларды іске асыру оқытушы-
дан 
барлық
оқушылардың, соның ішінде әлсіз оқушылардың да 
жалпы дамуын қамтамасыз ету үшін жүйелі әрі мақсатты жұмыс 
жүргізу қажеттігін көрсетеді. 
Біздің ұстанымдар өзара тығыз байланысты. Алайда бұл 
байланыстардың барлығы бірдей емес: олар түрліше іске асады, 
рөлі мен қызмет жағынан бір-біріне ұқсамайды. Эксперимен-
талды оқыту ұстанымдары бастауыштағы білім мазмұны арқы-
лы, ал әдістемелік жағы пәнді оқыту жұмыстары арқылы іске 
асады. Эксперименталды оқыту жүйесі тек бір ғана пәнді немесе 
оның бір бөлігін емес, бастауышта білім беру жүйесін толық 
қамтиды. Жүйенің негізіне жеке-дара тәртіптер емес, олардың 
органикалық байланысы алынады.
Дидактикалық ұстанымдарды жеке-дара іске асыру қате: 
оның біреуі бір бөлімді оқытуда, ал екіншісі тағы басқа жағдайда 
қолданылады деп айту қате. Әрбір ұстаным дидактикалық 
жүйедегі өзінің рөлі мен қызметін атқарып, өзге ұстанымдармен 
байланысы тұрғысынан ерекшеліктерге ие болады.
Біздің дидактикалық ұстанымдарымыз эксперименталдық 
жүйеге іштей қызмет етеді де, оқу жұмысымен шектеліп қал- 
майды. Дәстүрлі әдістемеде ішкі таным үдерісіне қатысы жоқ 
оқу мотивтеріне айрықша рөл беріледі. Ең күшті мотив ретінде 
жақсы немесе өте жақсы баға алу саналады. Мұндай мотивке 
басымдық берілген кезде, қиындықтарды жеңу тек мақсатқа 
жету үшін ғана қажет болады да, оның танымға тікелей қатынасы 
болмай, білім сол мақсатқа жетудің құралы болып қана қалады. 
Ал эксперименталдық оқыту жүйесінде баға немесе басқа да 


259 
тәсілдер арқылы балаға ықпал ету болмайды, дидактикалық 
ұстанымдар оқуға деген 
ішкі 
талпыныстың пайда болуына, 
тереңдеуіне, артуына әкеледі. Барлық жаңа білімдермен өзін-өзі 
байытуға деген ұмтылыс, ішкі толғаныс, ақиқатқа өз бетімен 
көзін жеткізу, күрделі тапсырмаларды шешу – мұның барлығы 
ішкі интенсивті әрі тұрақты дамумен ерекшеленеді. Әрине, бұл 
жерде ықпал ету бары жиі байқалады, алайда оқушының таным-
дық әрекетінің мазмұнына айналып, ол оқушыға сырттан келетін 
ықпал сияқты әсер етпейді. Сол себепті жоғары қиындық дең-
гейінде оқыту ұстанымын оқу үдерісінде сырттан туындайтын 
қиындықтарды жеңу деп түсінбеу керек. 
Осы сияқты эксперименталдық оқыту жүйесінің тағы бір 
ерекшелігін атап өтуге болады. Ол – оқушының ішкі қабілет 
мүмкіндіктерін ашу, сол арқылы олардың дамуына барынша 
тиімді жағдай жасау, баланың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет