Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет99/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

ынталандырудың өзге түрлерін жоққа шыға-
рады
, нақты айтқанда, мадақтау мен жазалауды жоққа шыға-
рады. Ал сәтсіздіктер оқушыны тығырыққа тіремеуі керек, кері-
сінше оны жаңа шешімдерді табуға итермелеуі тиіс. <...> 


248 
Білімнің теориялық тұрғыдан беріліп, оны әрі қарай пай-
далануға, «басқа бір нәрселерге» қатысты қолдануға үйрену 
қажет болған сайын пәнге деген баланың өзіндік қызығу-
шылығына сүйену маңызды бола түседі. Қандай да бір салаға 
қатысты білім нақты практикадағы қолданысымен үйлестіріліп 
берілген кезде оқу айрықша жақсы жүреді. Бірақ ол құбылыстың 
әр категориясына қатысты ТБӘС-ны оқушы өзі құрастырған 
жағдайда ғана мүмкін болады және бұл сызбалар жалпыланған 
кестелерге ұласып, қолдануға негіз болады. Теориялық пәнді оқу 
тек практикалық қажеттіліктерге ғана сүйеніп оқытылған жағ-
дайда да оқу нәтижесі төмен болады; мұндай оқуда оқытудың
ІІ типін ұсынады. Ал болашақ өмір талаптары тым алшақ болып, 
сілтемелер тек сөз жүзінде ғана көрсетілсе, сондай-ақ оқуға деген 
мотивация (ынта) пәнге және оқу үдерісіне қатысы жоқ мақ-
саттармен айқындалған жағдайда оқу нәтижесі тіпті нашар-
лайды. Талап етілетін білім қаншалықты негізді болса, оқу 
үдерісі соншалықты пәнге деген өзіндік қызығушылықты тірек 
етуі тиіс.
Оқу типтері интеллектуалдық әлеуетті қалыптастыруға 
қаншалықты ықпал етеді және бұл типтер жалпы ақыл-ойдың 
дамуымен қалай байланысты? 
Бұл ретте ескеретін нәрсе – мектепке дейінгі жоғары жастағы 
балалардың түрлі оқу типі жағдайында түрлі интеллектуалдық 
әлеуеттері, мүмкіндіктері тәрбиеленеді. Ол тек сандық көрсеткіш 
жағынан ғана емес, жалпы заттарға және оларға қатынасы, 
орындайтын әрекеті жағынан да әр түрлі болып келеді.
Бүгінде мектепке дейінгі балалардың ойлауы көрнекі әре-
кетті және көрнекі бейнелі болып келеді, ойлау операцияларын 
жүзеге асыру алдында болады және өзіндік логикалық пайым-
даулар жасауға әлі дайын емес деген түсініктермен ғана шекте-
леді. Бұл тек оқудың І типі жағдайында ғана дұрыс... Бұл 
сипаттамаға жалпы мағына беру – қате. Оқудың басқа типте-
рінің осы күнге дейін беймәлім болып келуі осындай қателікке 
әкелді. Оқудың І типінде үлгерімнің тым алшақ болуы баланың 
интеллектуалдық әлеуеті оқытуға байланысты емес, керісінше, 
оқыту «формалды» болмас үшін оқушының даму деңгейі- 
не бейімделуі керек деген зерттеушілердің пайымына негіз 
болды.


249 
ІІ тип бойынша оқытуда (яғни дайын түрде ұсынылатын 
ТБӘС негізінде оқыту) өзара жасты балалардың интеллектуал-
дық әлеуеті айтарлықтай жоғары болып келеді. <...> 
ІІ тип бойынша оқытуда үлгерім алшақтығы болмайды, ол 
жоғары көрсеткіштерді теңдей көрсетеді. Бұл дегеніміз қабі-
леттерді теңдестіру емес – жалпыға міндетті бағдарламаны мең-
герудегі айырмашылықтар ғана жойылады. Толық үлгерім оқыту 
әдісі арқылы қамтамасыз етіледі. <...> 
Оқудың ІІІ типі ең алдымен зерттеуге деген көзқарасты 
(установка) тәрбиелейді. Нысанды зерттеуге деген мұндай көзқа-
рас тек «жазуға ғана емес» немесе тек орыс тілінің грамматикасы-
на ғана емес, басқа да кез келген тілдің құрылысына; тек санау, 
қосу, алуға ғана емес, нысанды математикалық модельдеу, т.б. 
сияқты одан да кең көлемдегі өзара байланысты немесе құры-
лымы ұқсас өзге салаларға қатысты кез келген әрекеттерді орын-
дауға алдын ала дайындайды. <...> 
Сонымен қорытындылай келе, біз екі тұжырым жасай 
аламыз. Оның бірі – мектепке дейінгі жастағы балалардың 
интеллектуалдық әлеуеті, мүмкіндігі мен оқу типтерінің өзара 
байланыстылығы. Оқудың сипатын, интеллектуалдық әлеуеттің 
қалыптасуына негіз болған оқудың типтерін ескермей тұрып 
интеллектуалдық әлеует, мүмкіндік туралы айтуға болмайды. 
Сондай-ақ оқу туралы да оның типтерін ажыратып алмай тұрып 
бір нәрсе айтуға болмайды.
Келесі тұжырым – интеллектуалдық әлеует пен ақыл-ой 
дамуының арасындағы байланыс туралы. Мұнда да оқу тип-
терінің арасындағы айырмашылық тайға таңба басқандай анық 
көрінеді. Оқудың І типінің ерекшелігі ақыл-ойдың дамуына 
айтарлықтай қатынасы жоқ. Бұл тип оқыту мен ақыл-ойдың 
арасында байланыс жоқ, негізінен, ақыл-ойдың дамуы оқытуға 
тәуелді емес, керісінше, даму оқытудың мүмкіндігін белгілейді 
деген тұжырым жасауға негіз болады.
Оқудың ІІІ типінде ойлаудың жалпы дамуының әсері ашық 
әрі айқын көрінеді. Өзіміз көргеніміздей, оны меңгерілген зерттеу 
амалдарын сол оқу пәнінің басқа тарауларында ғана емес, одан тыс 
жағдайларда да, интеллектуалдық әрекеттің түрлі формаларында 
дербес қолдана алуынан байқауға болады. ІІІ тип жағдайындағы 
оқытудың мұндай айрықша дамытушылық әсері түсінікті де, 


250 
басқаша айтқанда, ол еш жасанды емес. Себебі мұндай оқу баланы 
заттардың ішкі құрылымы мен қасиеттерін бағалауға және ажы-
ратуға қажетті құралдармен қаруландырады, оларды зерттеуге 
деген күшті әрі одан сайын үдеп отыратын қызығушылығын туды-
рады. Оқыту бағдарламасы кең болғандықтан, ұзақ уақытты талап 
етіп, сабақтар үздіксіз жүріп отырса да, ол күн тәртібінің және 
баланың өмірінің ең қызықты әрі маңызды бөлігіне айналады. <...> 
Күнінде мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық 
операцияларды меңгеруге қабілетті екендігін көрсету маңызды 
болды, ал қазір бұл операциялар балалардың өздері үшін қажетсіз 
болғанын ескеру де айрықша маңызды. Олардың тұрмыстарында 
бұл операциялар қолданылмады, ал ойнау барысында заттық-
логикалық емес, өзара адами қарым-қатынастар мен соған 
қатысты жекелеген бөліктер ғана орын алып отырды.
Осылайша, қорытындылайтын болсақ, интеллектуалдық іс-
әрекетті жүзеге асырудың амалдарын жетілдіруді, тіпті тамаша 
меңгерілген интеллектуалдық іс-әрекетті даму деп айта алмай-
мыз, ол тек ақыл-ой дамуының потенциалды мүмкіншіліктерін 
ғана көрсетеді. Сол себепті бұл амал-тәсілдерді жақсы меңгеру 
өзімен-өзі дамуға әкеледі деуге болмайды. Ол бұл амал-тәсілдер 
белсенді түрде пайдаланылғанда ғана өзінің мүмкіншілігін іске 
асырады. Ал ол тек баланың қызығушылықтарына жауап 
бергенде ғана мүмкін болады. <...> 
Шынайы қызығушылықты интеллектуалдық әрекеттің опе-
рациялық-техникалық жағынан жоғары қою әрдайым және 
барлық жағдайда орынды. Мәдениеттің арта түсуіне байланысты 
баланың меңгеруі тиіс нәрселері мен оны шын мәнінде қызықты-
ратын нәрселердің арасы алшақтай түсті, осыған орай оқытуды 
болашақта пайдасын әкелетін білімге емес, сол білімді осы кез-
ден бастап, оны меңгеру барысында танымдық қызығушылығына 
қарай, оның қолданысына қарай қызықты етуге басты назарды 
аудару керек.
Бүгінде бұл талапқа оқытудың ІІІ типі көбірек жауап береді. 
Сонымен бірге бағдарлаудың бұл типі басқаларына қарағанда 
нақты білім, біліктерді баланың жалпы ақыл-ойының дамуымен 
үйлестіруді қарастырады. 
(Гальперин П.Я. Методы обучения и умственное развитие 
ребенка / ауд.: Ж.М. Бектұрғанова. – М., 1985). 


251 
Кеңес педагогикасының белді өкілде-
рінің бірі, Л.С. Выготскийдің шәкірті. 
Дефектология, ес, жады, педагогикалық 
психология салаларында зерттеулер жү-
ргізген ғалым. Ауытқулары бар балалардың 
дамуын эксперименталдық зерттеп, олар-
ды тиімді оқыту жағдайларын қарастыр-
ған. Оқыту мен дамытуда оқушыға әсер 
ететін факторларды, соның ішінде сөз бен 
көрнекіліктің оқытудағы рөлі мен әсерін 
зерттеді. Қазіргі таңда оның дамыта 
оқыту жүйесі жеке авторлық оқыту 
жүйесі ретінде танылды. Ол автордың 
«Обучение и развитие» (1975) атты еңбегінде көрініс тапқан.
ХХ ғасырдың 60-жылдары оқушының жалпы психикалық 
дамуына ықпал ететін оқытудың жаңа дидактикалық жүйесін 
жасап, өзінің зертханасында әріптестерімен бірге тәжіри-
беден өткізді. 1960-1977 жылдар аралығында оның еңбектері 
әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, Венгрия, Болгария, 
Германия, Жапония, АҚШ, Польша, Франция, т.б. елдерде 
жарияланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет