Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет96/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

мотив-мақсатқа
айналды- 
ратын, мотивтерді саналы түсіндірудегі екінші ретті құбылыс 
пайда болады. 
Мотивтердің мақсаттан ерекшелігі – олардың субъекті жете 
түсінбейді. Мысалы, біз белгілі бір әрекет жасағанда, оны туды- 


236 
ратын мотивтер туралы ойланбаймыз. Бірақ біз оған оңай дәлел-
дер келтіре аламыз. 
Бірақ мотивтер санадан бөлектенбеген. Тіпті мотивтер са-
налы түсінілмесе де, олар өзіндік ерекше психикалық формада 
бейнеленеді. Мысалы, эмоционалдық боялған әрекет тұлғалық 
мән ұғымы мен эмоция ұғымының ажыратылуын талап ететін 
арнайы функцияны атқарады. Бұл сәйкессіздік адам іс-әрекетінің 
даму барысындағы мотивтер функциясының қосарлануы нәти-
жесінде туындайды. 
Мұндай қосарлану іс-әрекет міндетті түрде көп мотивті 
болғанда, яғни бір уақытта бір немесе бірнеше мотивтерге жауап 
бергенде, пайда болады. Адам әрекеті әрқашан бірнеше қатынас 
жиынтығын объективті орындайды, мысалы, дүниедегі заттарға, 
қоршаған адамдарға, өз-өзіне, қоғамға деген қатынастары. 
Сонымен, еңбектік іс-әрекет қоғамдық мотивтелген, бірақ олар 
материалдық мадақталған мотивтермен басқарылады. Осы екі 
мотив бар болса да, олар әр түрлі жазықтықта жатыр. Әлеуметтік 
қатынастар жағдайында еңбек мәні жұмысшы үшін қоғамдық 
мотив болып табылады. Материалдық мадақтауға келсек, адам 
үшін іс-әрекеттің орнын басса да, ол ықпал ету функциясын 
атқарады, бірақ ол негізгі мағына құрастырушы функциясынан 
айырылған болып саналады. 
Сонымен, бір мотивтер іс-әрекеттерді тудырып, оларға 
тұлғалық мағына береді. Біз оларды 
мағына құраушы
деп атай-
мыз. Бұдан басқалар, мысалы, эмоционалдылық, аффективтілік, 
мағына құрастырушы функциядан айырылған тудырушы фактор 
қызметін атқарады. Біз оларды шартты түрде стимул-мотивтер 
деп атаймыз. Оларға тән қасиеттер: адам үшін тұлғалық мәнді іс-
әрекет жүзеге асуы барысында күшті эмоционалды бастан 
кешірулерді тудыратын жағымсыз әсерлермен кездессе, онда 
оның тұлғалық мағынасы бұдан өзгермейді; көбінесе басқаша 
болады, яғни туындаған эмоцияның психологиялық сенімсіздігі 
тез өседі. Бұл белгілі эмоционалды бастан кешірулердің тұлғалық 
мағынаға қатынасы туралы тағы да ойландырады. 
Мағына құраушы функцияны бөлгенде және мотивтер ара-
сында белгілі бір іс-әрекетті тудырғанда тұлғалық мотивациялық 
аймағын сипаттайтын негізгі қатынасты мотивтер қатынасының 
иерархиясын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл бағаныңқылығы 


237 
олардың видальдік (биологиялық) қажеттіліктерге жақындық 
шамалары бойынша құрылмайды. Мысалы, Маслоу иерархиясы-
ның негізінде физиологиялық гомеостазисті қолдау қажеттілігі 
жатыр; жоғары – өзін сақтау мотиві; сонан соң – өзіне сенімділік, 
мәртебелік; ең соңында иерархияның ең шыңы – танымдық және 
эстетикалық мотивтер. Мұнда туындайтын негізгі мәселе 
берілген шкала қаншалықты дұрыс екендігі емес, ол мотивтерді 
шкалалау негізінің дұрыстығында. Себебі мотивтердің биология-
лық қажеттілігінің жақындық деңгейімен олардың арасындағы 
иерархиялық қатынасты анықтай алмайды. Бұл қатынастар 
субъект іс-әрекетінің орналасуының байланыстарымен, олардың 
жанамалауымен анықталады, сондықтан релятивті болып табы-
лады. Бұл негізгі мағына құраушы мотив және стимул-мотив 
арақатынасында жатады. Іс-әрекет құрылымында берілген мотив 
– мағына құраушы, келесісі қосымша стимуляция қызметін 
атқара алады. Бірақ та мағына құраушы мотив тікелей аффек-
тогенділікке ие болмаса да, жоғары иерархиялық орынды алады. 
Тұлға өмірінде жетекші бола тұра, субъектінің өзі үшін олар 
тікелей аффективтілік жағынан, сана жағынан «перденің артын-
да» қала беруі мүмкін. Ұғынылмаған мотивтердің жүзеге асу 
фактісінің өзектілігі психиканың тереңдігінде жатқандығын 
білдірмейді. Барлық психикалық бейнелеу сияқты, ұғынылмаған 
мотивтер сондай детерминацияға ие, шынайы тұрмыс, объективті 
әлемдегі адамның іс-әрекеті. Ұғынылмаған және ұғынылған 
мотивтер бір-біріне қарсы тұрмайды. Бұл тек психикалық 
бейнелеудің түрлі формалары мен деңгейлері болып табылады. 
Әрқашан мотивтердің заттық мазмұны қабылданады, ұсыны-
лады. Бұл қатынаста әрекет етуге итеретін объект және құрал 
немесе бөгет ретінде тұратын объект тең құқықты. Объектіні 
мотив қасиеті ретінде тану басқа мәселе болып табылады. 
Мотивтер санаға тек іс-әрекетті талдау жолымен объективті 
түрде ашылады. Ал субъективті түрде олар тек мақсатқа ұмтылу, 
тілектерді бастан кешіру, уайымдау формаларында жанама 
көріністерімен шығады. Егер менің алдымда белгілі бір мақсат 
туындағанда, мен оның тек объективті ескертпелерін, жеті 
тәсілін, нәтижелерін сезінемін, елестетемін және сонымен қатар 
мен оған жеткім келеді. Бұл тікелей уайымдау ішкі сигналдар 
рөлін атқарады, олардың көмегімен үдерістер жүзеге асады. 


238 
Субъективті көрінетін бұл ішкі сигналдарда мотивтер болмайды. 
Бұл олар эндогенді пайда болады және мінез-құлықтың 
қозғаушы күші болып табылады деген әсер тудырады. 
Тек тұлға деңгейінде туындайтын және олардың дамуымен 
ұдайы өндіріліп отыратын мотивтерді ұғыну екінші реттегі 
құбылыс болып табылады. Кішкентай балалар үшін мұндай 
мәселелер болмайды. Тіпті мектеп жасына өту кезеңінде де 
балада мектепке бару талабы туындағанда, осы ұмтылыстың 
артындағы мотив одан жасырын тұрады. Мұндай шын мотивті 
балалардың ойындарын зерттеу арқылы анықтауға болады, 
себебі рөлдік ойындарда ойын әрекеттерінің тұлғалық мәні, яғни 
мотиві тез көрінеді. Субъект өз іс-әрекеттерінің негізгі мотивін 
аңғару үшін «айналма жолмен» жүруге мәжбүр етеді. Бұл жолда 
оған қайғыру сигналдары, оқиғалардың эмоционалды «белгі-
лері» бағыт көрсетеді. 
Көптеген әрекеттерге толы күн, бір жағынан, сәтті болып 
көрінгенімен, адамның көңіл-күйін бұзуы және онда бір жағым-
сыз әсерлі із қалдыруы мүмкін. Күнделікті шаруада, жұмыста бұл 
іздер байқалмайды. Мінекей, адамның артқа қарайлауы және 
ойша өткен күндерді іріктеу сәттері туады. Бұл сәттегі белгілі бір 
жағдайдың еске оралуы оның көңіл-күйіне қандай жағдайдың 
әсерлі із қалдырғанын көрсететін аффективті сигнал туындайды. 
Мысалы, оның ортақ мақсатқа жетудегі, біреудің жетістігіне 
қатысты жағымсыз реакциясының туындауы. Ол «тұлғалық 
мағына міндетінің» алдында тұр. Бірақ ол өз-өзінен шешілмейді, 
ол оны тұлға ретінде сипаттайтын мотив арақатынасының мәсе-
лесіне айналды. Бұл мәселені шешу үшін ерекше ішкі жұмыс 
қажет. Пироговтың айтуы бойынша, уақытысында байқап, оны 
тоқтатпасаң, бәлеге айналады. Бұл туралы Герцен де жазған, ал 
Л. Толстойдың барлық өмірі осындай ішкі жұмыстың үлкен 
мысалы бола алады. 
Тұлғаға ену үдерісі бұл жерде субъект жағынан туындайды. 
Бірақ оның ерекше көріністерінде мотивтердің иерархиялық 
байланыстарын анықтауға негізделгені көрінеді. Олар субъектив-
ті мотивтердің өздеріне тән валенттілігін анықтайды. Бірақ ғылы- 
ми талдау әрі қарай жылжуы керек, себебі мұндай байланыстар-
дың туындауы тұлғаның қалыптасуындағы мотивтердің өзгеруі-
не әкеледі. 


239 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет