Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет93/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Мотивтер, эмоциялар және тұлға 
Қазіргі кездегі психологиядағы «мотивтер» (мотивациялық 
фактор, мотивация) атауы түрлі құбылыстарды білдіреді. Мотив 
деп инстинкті импульстарды, биологиялық құштарлықтарды жә-
не тәбетті айтады. Мотивтің тағы бір тізіміне өмірлік мақсаттар 
және идеалдар кіреді. Мұндағы психологиялық талдаудың мәсе-
лесі тек маңызды сұрақтарды қарастырады. 
Бәрінен бұрын, бұл – мотивтер мен қажеттіліктердің ара-
қатынасы. Басында айтылып өткендей, қажеттілік – бұл әрқашан 
психологиялық деңгейде жанамаланған психологиялық бейнелеу 
қажеттілігі болып қалады. Бір жағынан, субъектінің қажетті-
лігіне жауап беретін заттар оның алдында объективті белгілері-
мен шығады. Екінші жағынан, қажеттілік жағдай субъектінің 
өзінің сезінуімен бейнеленеді. Сонымен қатар психологиялық 
деңгейге ауысуын сипаттайтын негізгі өзгерістер қажеттіліктің 
қозғалмалы байланысының туындауынан тұрады.
Мұндағы мәселе – субъектінің қажеттілік күйін қанағаттан-
дыратын зат көрсетілмеген. Өзінің қанағаттануына дейін «өзінің» 
қажеттілік затын білмейді, яғни оны әлі табу керек. Тек табылу 
нәтижесінде қажеттілік заттанады, ал қабылданған зат мотиві 
болады. 
Ал мұндай мотивке қатысты түсінік бір жақты, ал қажетті-
ліктерге қатысты ойлар психологияда жойыла бастағандай болып 
көрінеді. Бірақ бұл олай емес. Психологиядан қажеттіліктер емес, 
тек субъектінің заттық қажеттілік күйлерін толтыратын заттары 
жоғалып бара жатыр. 
Субъект индивид ретінде қажеттіліктерге ие болады. Қажет-
тілік ішкі күш ретінде тек іс-әрекет арқылы жүзеге аса алады. 
Басқаша айтсақ, қажеттілік басында тек шарт ретінде көрінеді, 
субъект әрекет ете бастасымен, ол өзгереді. Іс-әрекеттің дамуы 
жүрген сайын, оның алғышарттары нәтижеге айнала береді. 


230 
Қажеттіліктің өзгеруі жануарлар эволюциясында айқын 
көрінеді: өзгерістің нәтижесінде және қажеттіліктерге жауап 
беретін заттар шеңберінің кеңеюінен, қажеттіліктердің өзі және 
оларды қанағаттандыру тәсілдері дамиды. Мысалы, қоршаған 
ортадан бұрынғылардың жоғалып, оның орнына басқа тамақ түрі 
келсе, тамақ қажеттілігі қанағаттандырыла береді және өзіне 
жаңа мөлшерді сіңіреді, яғни басқаша күйде бола бастайды. 
Сонымен, жануарларда қажеттіліктің дамуы молайған заттық 
аймаққа қатысты іс-әрекеттің дамуымен жүреді. 
Әрине, бұл ортақ жағдай, әсіресе функционалдық қажетті-
лікке қатысты көптеген түсініктемелерді қажет етеді. Бірақ бұл 
ең маңыздысы емес, ең бастысы заттарды қолдану арқылы қажет-
тіліктер ауысуын бөлу. Ал бұл адам қажеттілігінің табиғатын 
түсінуде маңызды мәнге ие. 
Жануарларға қарағанда адамдардың қажеттілігінің дамуы 
өндірістің дамуымен туындайды. Бірақ психологияда қажетті-
ліктер маңызды, өйткені тұтынушы өнімінің бөлінуінен бөлек 
қарастырылады, ал ол өз алдына адамдардың әрекеттерін оларды 
қажеттіліктерінен бір жақты түсіндіруіне әкеледі. Кейде адам-
ның қалыптасуындағы еңбектің рөліне, сондай-ақ олардың 
қажеттіліктеріне арналған маркстік ойшылдардың пікіріне негіз-
деледі. Маркстік түсінік қажеттіліктерде бастапқы және негізгі 
орынды қарастырудан алыс. Осы туралы Маркс былай деп жа-
зады: «Мүдде ретінде, қажеттілік ретінде қолданудың өзі өнді-
рістік іс-әрекеттің ішкі кезеңі. Бірақ соңғысы жүзеге асырудың 
бастапқы пункті, сондықтан да оның маңызды кезеңі – барлық 
үдеріс қайта айналатын акт. Индивид затты шығарады және оны 
қолдану арқылы ол өзіне оралады...». 
Сонымен, біздің алдымызда қажеттілік пен іс-әрекет 
арасында байланысты көрсететін негізінде екі схема бар. 
Біріншісі бастапқы пункт қажеттілік болып табылатын идеяны 
жаңғыртады, сондықтан жалпы үдеріс мынадай циклде 
көрінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет