Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет94/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

қажеттілік → іс-әрекет → қажеттілік
. Мұнда,
Л. Сэв айтып кеткендей, «қажеттіліктердің материализмі» іске 
асады. Екінші схема бұл: 
іс-әрекет→ қажеттілік → іс-әрекет 
циклінің схемасы. Бұл схема қажеттіліктердің марксистік 
түсінігіне жауап береді, сондай-ақ психология үшін де іргелі 
болып табылады. 


231 
Адамның қажеттіліктері өндіріледі деген түсінікте тарихи-
материалистік мағына бар. Сонымен қатар ол психология үшін де 
маңызды. Мұны белгілеудің себебі кейде психологияның проб-
лемаға арнайы келу қажеттіліктерінің өзінен шығарып қарас-
тырылса, нақтырақ айтқанда, неге адам алдына мақсаттар қояды 
және жаңа заттарды ойлап шығарады дегенді эмоциялы түрде 
түсіндіреді. Әрине, мұның өз шындығы бар және егер бір жағдай 
болмаса, мұнымен қосылуға болар еді, нақты іс-әрекетті анық-
таушы ретіндегі қажеттіліктер тек өзінің заттық мазмұнымен 
шыға алады, бұл мазмұн оларда тікелей берілген. 
Басқа принциптік қиыншылық адам қажеттіліктерінің қо-
ғамдық-тарихи табиғатын жартылай мойындау нәтижесінен 
туады, мұндай қажеттіліктердің жартысы әлеуметтік ретінде, 
басқалары адам мен жануарларда жалпы болатын биологиялыққа 
жатқызылады. Әрине, адам мен жануардың кейбір ортақ қажет-
тіліктерін ашу үшін ойдың ерекше тереңдігі керек емес. Адам да, 
жануарлар да асқазаны бар болғандықтан, ашығуды сезінеді, 
өмір сүру үшін биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру керек. 
Бірақ адамға тек биологиялық емес, әлеуметтік басқа да 
қажеттіліктер тән. Олар «функционалды басқару» немесе «анас-
татикалық» деп аталады. Адамның қажеттіліктер аймағы осылай 
екіге бөлінеді. Бұл «қажеттіліктердің өзін» заттық шарттардан 
және олардың қанағаттандыру тәсілдерінен аудару, олардың 
айналуы өтетін іс-әрекеттен аударуды қарастыратын нәтиже. 
Бірақ қажеттіліктерді адамдардың деңгейінде қайта құру, сон-
дай-ақ адамдар жануарлар қажеттіліктерінің гомологиялық бо-
лып табылатын қажеттіліктерін де қамтиды. Маркстың айтуын-
ша: «аштық – бұл аштық, бірақ пышақ пен шанышқының көме-
гімен піскен етпен қанағаттандырылатын аштықтан қол, тырнақ 
және тістердің көмегімен шикі ет арқылы қанағаттандырылатын 
аштықтың айырмашылығы бар». 
Мұндай жағымды ой тек оның айырмашылығын үстіртін 
ғана көреді. Себебі адам мен жануардың тамаққа қажеттілігі- 
нің «терең» жалпылығын табу үшін ашығып қалған адамды
алу жеткілікті. Ашығып қалған адам үшін тамақ шынымен
де өзінің тиісті қалпында болуын тоқтатады. Адамды тек 
аштықпен жануардың күйіне дейін жеткізуге болатынын ғана 
дәлелдейді. 


232 
Адамның қажеттіліктерінің заттық мазмұнының өзгеруі 
және толығуымен қатар, олардың психикалық бейнелеуінің 
формалары да өзгереді, соның нәтижесінде олар идеаторлы 
сипатта болады және оның көмегімен психологиялық инва-
риантты (өзгерілмейтін) бола алады; сөйтіп, тамақ қарны ашқан 
адам үшін де, тоқ адам үшін де тамақ болып қала береді. 
Сонымен қатар рухани мүдделерінің дамуы «сана жоспары» бар 
болғанда ғана бола алатын қажеттіліктерді тудырады. Сөйтіп, 
еңбекке, көркем шығармашылыққа қажеттіліктер сияқты, тағы 
да басқа қажеттіліктердің ерекше түрі – 
заттық-функционалдық
қажеттіліктер қалыптасады. Ең маңыздысы адамда қажеттіліктер 
бір-бірімен жаңа қатынастарға түседі. Витальдік (биологиялық) 
қажеттіліктерді қанағаттандыру адам үшін ең бірінші және оның 
өмірінің маңызды шарты болса да, жоғары, арнайы адами 
қажеттіліктерінің тек үстіне қосыла беретін үстіртін құрылымды 
ғана құрамайды. Сондықтан да таразының бір жағына адамның 
іргелі витальдік қажеттіліктерін, ал екінші жағына оның жоғары 
қажеттіліктерін салса, онда екіншілері басып кетеді. Бұл жалпыға 
мәлім және дәлелді қажет етпейді. 
Адамның қажеттіліктерінің дамуы өтетін жалпы жолы 
адамның қарапайым витальдік қажеттіліктерін қанағаттандыру 
үшін әрекет етуден басталады; бірақ әрі қарай бұл қатынас 
өзгереді де, адам әрекет ету үшін өзінің витальдік қажеттіліктерін 
қанағаттандырады. Осы адами қажеттіліктер дамуының шынайы 
жолы. Бірақ бұл жол қажеттіліктерінің өзінің қозғалысынан шыға 
алмайды, себебі оның соңында олардың заттық мазмұнының 
дамуы, яғни адам іс-әрекетінің нақты мотивтері жасырынып тұр. 
Сонымен, қажеттіліктердің психологиялық талдауы мотив-
тердің талдауына өтеді. Бірақ ол үшін іс-әрекет реттеушінің түрлі 
деңгейін және мотивтердің дәстүрлі субъективтік ұғымын 
қарастыру керек. Мұнда біз нағыз қарама-қайшылықпен кездесе-
міз: бізге адам іс-әрекетін өзінің қалауымен істейді дейтін емес 
пе еді. Бірақ субъективті уайымдар, тілектер және тағы сол 
сияқтылар мотивтер болып табылмайды, себебі олар өзімен өзі 
бағытталған іс-әрекетті тудыра алмайды, сондықтан да мұнда 
негізгі психологиялық мәселе бұл берілген тілектің немесе 
құмарлықтың нысаны неде екенін түсіндіру. 


233 
Мінез-құлық стереотиптерін қайта жаңғырту бағыты, бас-
талған әрекетті аяқтау тенденциясы және осы сияқты т.б. фак-
торларды іс-әрекет мотивтері деп атауға әлі негіз аз. Іс-әрекетті 
іске асыруда көптеген «динамикалық күштер» пайда болады. 
Бірақ осы күштер аз ғана негізбен мотив категориясына жатқы-
зылуы мүмкін.
Іс-әрекет мотивтерінің теориясында ерекше орынды гедо-
нистік (адамның рақат тұрмысқа тырысуы) тұжырымдамалар 
алады. Олардың маңызы адамның әрбір іс-әрекеті жағымды эмо-
циялардың барынша көп негізіне және жағымсыз эмоциялардың 
ең аз негізіне бағынатынында жатыр. Бұдан ләззат алуға жету 
және уайымдаудан құтылу адамның мотивтері болып табылады. 
Гедонистік тұжырымдамаларда адамның өмір сүруінің маңызы 
жайлы, оның тұлғасы жайлы барлық идеологиялық бұрмаланған 
ойлары жинақталған. Мұндай тұжырымдамалар бұрмаланған 
шындыққа негізделеді. Бұл шындық адамның бақытты болуға 
ұмтылуынан құралады. 
Бірақ психологиялық гедонизм осы үлкен шындықпен қа-
рама-қайшылыққа түседі. 
Адамның іс-әрекеті – мидың «ләззаттану орталығына» 
электродтар салынған лабораториялық егеуқұйрықтардың жүріс-
тұрысы сияқты ізденбейді және басқарылмайды. Адамды да, 
мысалы, наркотиктерді қолдану немесе сексті әсірелеу сияқты, 
сәйкес құбылыстарға негіздеуге болады. Бірақ бұл құбылыстар 
адам өмірін нақтылайтын мотивтердің нағыз табиғаты туралы 
ештеңе айтпайды. 
Мотивацияның гедонистік тұжырымдамаларының негізсіз-
дігі олардың іс-әрекетті реттеудегі эмоционалды күйзелістердің 
рөлін асыра бағалауында емес, олардың осы шынайы қатынас-
тарды бұрмалауында. Эмоциялар өзіне іс-әрекетті бағындыр-
майды, ол оның қозғалысының механизмі және нәтижесі болып 
табылады. 
Кезінде Дж. Ст. Милль: «Бақытты болу үшін адам өз алдына 
қандай да бір мақсат қою керек, сонда ғана ол оған ұмтылып, өзін 
бақытты сезініп тұратындығын, бұл қулықтың психологиялық 
заңдылығы екендігін мен түсіндім», – деп жазды. Бақыттың 
«айлакер» стратегиясы осындай. Бұл – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет