Іс-әрекет тұлғаның негізі ретінде
Ең басты мәселе, шынайы тұлғаны «құрастыратындарды»
анықтау – бұған өмірдің құбылмалығын бірдей, адамның жоғары
бірлігінің құбылмалылығын, сонымен бірге өзінің тұрақтылы-
ғын, өзінің аутосәйкестілігін сақтау жатады. Өйткені адам өзінің
жинақтаған тәжірибесіне, өмірлік жағдайын өзгертетін оқиға-
ларға, болып жатқан физикалық өзгерістерге тәуелсіз, ол тұлға
ретінде басқалардың көз алдында және өз-өзіне сол бұрынғы-
сынша қалады. Ол тек өз атымен ғана теңестірілмейді, сонымен
қатар оны заң да сәйкестендіреді, қалай болғанда да өзінің
қылықтарын мойындайды.
Сонымен, адамның белгілі физикалық, психофизиологиялық
құбылмалылығының және оның тұлға ретінде тұрақтылығының
арасында қарама-қайшылық жүзеге асады. Бұл тұлға психоло-
гиясының ерекше мәселесі ретінде «мен» мәселесін ұсынды. Ол
тұлғаның психологиялық сипаттамасындағы ерекшеліктер
«үзілмелі» және өзгермелі болғандықтан туындайды, яғни «мен-
нің» тұрақтылығы мен үздіксіздігі қарама-қарсы тұрады. Бұл
үздіксіздікті және тұрақтылықты не құрайды? Персонализм
бағыты бұл сұраққа тұлғаның негізін құрайтын ерекше бастама-
ның барын жорамалдап жауап береді.
Тұлғаға басқаша қарағанда, оның негізіне адамның заттық іс-
әрекет дәрежесі және ішкі құрылымының талдауы жатқызылады.
Мұндай тәсіл ең басынан-ақ тұлғаның тұрақты негізін анықтай-
ды, яғни тұлға ретінде адам сипаттамасына не кіретіндігі және не
кірмейтіндігі белгілі болады. Адам тұлғасының шынайы негізі
өзінің табиғаты бойынша дүниеге қатынасының қоғамдық жиын-
226
тығы, ал олар оның іс-әрекетінде жүзеге асады, нақтырақ айтсақ,
оның көп қырлы іс-әрекетінің жиынтығы.
Бұл жерде тұлғаның психологиялық талдауының бастапқы
«бірлігі» болатын субъектінің іс-әрекеті айтылады. Басында бұл
жағдай тұлға туралы эмпирикалық түсінікке қарсы тұратын
сияқты көрінгенімен, оларды біріктіреді. Бірақ бұл тұлғаны
түсіндірудегі жалғыз жол болып табылады.
Ең бастысы – бұл жолдағы басты қиындық: адамның қандай
үдерістері және ерекшеліктері оның психологиялық сипатына
жатады, ал қайсысы бейтараптылыққа жататындығы жойылады.
Егер алынғандарды жекелеп, іс-әрекет жүйесінен дерексізден-
дірсек, онда олар тұлғаға қатысты ешнәрсе айтпайды. Тек, мы-
салы, таза жазу қабілетін «тұлғаға» қатысты саналы деп қарас-
тырса болады. Біздің алдымызда Гогольдің «Шинель» повесінің
кейіпкері Акакия Акакиевич Башмачкиннің суреті. Ол бір кеңсе
қағаздарын көшірумен айналысатын департаменттің бастығы
болып қызмет етеді. Бұл жұмыстан ол әр түрлі тартымды әлемді
көрген. Жұмысты аяқтаған соң Акакий Акакиевич үйіне қайтады.
Түскі тамақтан соң ол сауыттағы сиямен қағаздарды қайта жазуға
кіріскен. Егер мұндай жағдай болмағанда, өзі үшін, өзінің
қанағаттануы үшін ол көшірумен шұғылданбас еді.
Кеңсе қағаздарын қалай көшіру оның болмысында басты
орын алған, бұл оның өмірінің мәні болған. Біз мұндағы басты
себептерді білмейміз, бірақ тұлғаны сипаттайтын басты бір
мотивтің түрткі болғандығы даусыз. Әрине, мұнда Башмачкиннің
табиғатынан берілген «көркем жазу қабілеті» көрінеді. Психоло-
гиялық талдау тұрғысынан, осы әрекеттер мақсатқа жетудегі
тәсіл болып табылады және осы тұлғаның психологиялық кей-
піне кіреді.
Кейде жағдай басқаша болуы мүмкін. Адам үшін өзіндік
мағынасы бар, сырттай әрекет болып көрінетіндерде психоло-
гиялық талдау басқаны ашады, ал нақтылап айтсақ, олар мақсат-
қа жетудің тек құралы болып қана табылады, ал нағыз мотив
өмірдің мүлде басқа жағында жатыр. Мұндай жағдайда бай-
қағанымыздай, бір іс-әрекеттен соң келесісі жасырын тұрады.
Дәл оның өзі, қандай болған жағдайда да, нақты әрекеттерінің
жиынтығын жүзеге асырушы, тікелей тұлғаның психологиялық
бейнесіне кіреді. Соңғысы адамның өмірге шынайы қатынасын
227
жүзеге асырушы – басқа іс-әрекеттің тек сыртқы қабатын
құрайды. Мысалы, бір адам техник болып жұмыс істейді дейік,
ол өзінің болмысы туралы ештеңе айта алмайды, оның ерек-
шеліктері өзінің еңбек үдерісінде, ал кейде бұл үдерістен тыс
жерде байқалуы мүмкін. Мұның бәрін айтып отырған себебіміз,
адамның жекелеген психологиялық немесе әлеуметтік психоло-
гиялық ерекшеліктерінен шыға отырып, басқадай «тұлғаның
құрылымын» алу мүмкін емес, адам тұлғасы бұрыннан негізі
қаланған генетикалық бағдарламасында жатыр, оның тереңінде
табиғи нышандар және құштарлық, соның негізінде дағды, білім,
іскерліктер жүзеге асады.
Айтылғандардан ортақ қорытынды шығарсақ, тұлға зерт-
теуінде алғышарттарды айқындаумен шектелмеу керек, ол іс-
әрекет дамуынан, оның нақты түрлерінен, формаларынан және
өзара байланыстарынан алынуы керек, себебі алғышарттың өзі
негізінен өзгереді. Сонымен, зерттеудің басты бағыты – іс-
әрекетті сипаттайтын дағды, іскерлік және білімдерге көңіл бөл-
мейді, ол іс-әрекеттің бағыты мен байланысына, оларды қандай
үдерістер жүзеге асыратындығына мүмкіншілік жасайды.
Көрсетілген бағыттың алғашқы қадамы-ақ аса маңызды
негізгі фактіні бөлуге мүмкіндік береді. Субъектінің дамуының
барысында оның жеке іс-әрекеттері өзара бағыныңқы қатынасқа
түседі. Тұлға деңгейінде олардың субъектіде орталығы және
қайнар көзі бар.
Бұл деңгейдегі іс-әрекет құрамы және оның өзара байланысы
тікелей ортақ және индивидуалды, субъектінің туа пайда болған
және өмір барысында жинақталған қасиеттерімен анықталады.
Мысалы, іс-әрекеттің ауысуы тікелей ағзаның қажеттілік күйі-
не, оның биологиялық басымдылығының өзгерісіне тәуелді бо-
лады.
Тағы бір мәселе – тұлғаны сипаттайтын іс-әрекет қаты-
насының иерархиясы. Олардың ерекшелігі: бұл ағза күйінен
«бөлектенуі» болып табылады. Бұл іс-әрекет бағыныңқылығы
өзіндік дамуынан туындайды және олар тұлға негізін құрайды.
Басқаша айтатын болсақ, жеке іс-әрекеттерді қосатын «түйін»,
субъектінің биологиялық немесе рухани күштерімен емес, ол
субъектінің қатынасқа түсу жүйесінде байланысты болады.
Бақылау барысында балаларда ең алғашқы тұлға құрылу сатысы
228
– бірінші «түйіннің» басталуы оңай байқалады. Бұл мектепке
дейінгі балаларға жасалған экспериментте айқын көрінеді. Тәжі-
рибені жүргізіп жатқан эксперимент жүргізуші балаға мынадай
тапсырманы берген: ереже бойынша, алыста тұрған затты
орнынан тұрмай алу керек. Бала тапсырманы шешуге кіріскенде,
эксперимент жүргізуші көрші бөлмеге кіріп, оптикалық құрал
арқылы бақылауды жалғастырған. Бірнеше сәтсіз әрекеттен
кейін бала затты орнынан тұрып алып, қайтып орнына отырған.
Эксперимент жүргізуші сол кезде бөлмеге кіріп, баланы мақтап,
сыйлық ретінде кәмпит ұсынған. Бірақ бала одан бас тартады,
эксперимент жүргізуші алуын талап еткенде, ол жылап жібер-
ген.
Бұл феноменнің артында не жатыр? Біз бақылаған үдерісте
үш кезеңді бөлуге болады: 1) тапсырманы түсіндіргендегі бала-
ның эксперимент жүргізушімен қарым-қатынасы; 2) тапсырманы
шешу және 3) бала затты алғаннан кейінгі эксперимент жүр-
гізушімен қарым-қатынасы. Бұл жағдайда баланың әрекеті екі
түрлі мотивке жауап береді, яғни екі түрлі іс-әрекет жасайды:
біреуі эксперимент жүргізушіге қатысты, екіншісі затқа (сый-
лыққа) қатысты.
Бақылау көрсеткендей, баланың затты орнынан тұрып алуы
оған шиеленіс ретінде, «қателік» ситуациясы ретінде көрінбеген.
Екі іс-әрекет арасындағы иерархиялық байланыс эксперимент
жүргізушімен қарым-қатынастың қайталану сәтінде көрінді,
яғни ұсынылған кәмпит өзіндік субъективті, тұлғалық мәні
бойынша «өте ащы» болды.
Сипатталған құбылыс ерте шақтағы, өтпелі кезеңге жатады.
Өз аңқаулығына қарамастан, мұнда баланың түрлі өмірлік қаты-
настарға алғашқы бағынуы пайда болады. Мұндай бағынулар
сәбилік шақтарда байқалмайды, бірақ дами келе олар күрделі
және «жасырын» формаларында жиі көріне бастайды. Бұл тұл-
ғаның күрделі және ұзақ даму үдерісінің өз кезеңдері, өз саты-
лары бар екендігіне дәлел. Үдеріс барысында сана өзіндік сана-
сезім дамуынан ажыратылмайды, тіпті алғашқы негізінде құрыл-
маса да, бірақ ол оны жанамалайды және түйіндейді.
Сонымен, тұлға негізіне даму барысында туындайтын адам
іс-әрекеттерінің бағыну қатынасы жатады. Бірақ бұл бағынушы-
лық, бұл іс-әрекет иерархиясы неден психологиялық көрініс
229
табады? Біздің анықтамаға сәйкес, іс-әрекет – бұл қажеттілік
мотивімен бағытталатын және түрткі болатын үдеріс. Басқаша
айтсақ, іс-әрекет арақатынасынан мотивтер арақатынасы ашы-
лады. Сөйтіп, біз мотивтерді талдауға қайта ораламыз, яғни олар-
дың дамуын, ауысуын, функцияларының бөліну қабілетін қарас-
тырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |