Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет88/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Оқу мен таным 
Оқу үдерісі мен танымның тарихи үдерісі арасындағы қа-
тынас мәселесі турасында екі көзқарас бір-біріне жиі қайшы 
келіп жатады және бұл екеуі тең деңгейде қате пікір.
Біріншісін ұқсастық теориясы немесе салыстыру (рекапиту-
ляция) деп сипаттауға болады. Бұл теория оқу жолын танымның 
тарихи жолымен теңдестіреді, екеуінің арасында ешқандай 
сапалық айырмашылық барын айтпайды, сөйтіп, оқу танымның 
тарихи даму жолын қайталауы тиіс деп есептейді. Мұндай жалпы 
көзқарасы дидактиканың негізгі мәселелерін шешу жолдарын 
анықтап береді. Негізінен теріс қалыптасқан бұл көзқарас, ең 
алдымен, танымның жүріп өткен жолдарының нәтижелері оны 
бастан өткерудің көп жағдайда жаңа жолдарын да ашып бере 
алатынын ескермейді; сол себепті ол өткерілген жол болғандық-
тан да, оның бастапқы сатыларын сол қалпында және сол ізбен 
қайталау оның жеткізген нәтижелеріне қайшы келер еді. Бұл 
жағдайды ескермеу таным тарихын механикалық, антидиалекти-
калық тұрғыдан қарастыру болып саналады. Бұл – біріншіден. 
Екіншіден, мұндай көзқарас баланың жас ерекшелігі мен мүмкін-
шіліктерін, оқушыларға ұсынылатын материалды арнайы дидак-
тикалық сұрыптаудың қажеттілігін және оның мүмкіншіліктерін 
принципті түрде ескермейді. Бұл дидактикадағы дерексіз гносео-
логизм мен социологизм тұрғысындағы көзқарас болып табы-
лады.
Педагогтардың арасында қолдау тауып жүрген келесі бір 
қайшы көзқарас оқу жолы мен таным үдерісінің арасындағы 
принципті тәуелділікті толығымен жоққа шығаруға негізделеді. 
Бұл көзқарас дидактиканың автократиясын толықтай мойын-
дайды, оқу барысында танымның даму заңдылықтарының жүзеге 
асатынын, оған тәуелділігін жоққа шығарады. Осы көзқарас тұр-
ғысынан келгенде, оқу жолын таным жолымен байланыстырмай 
қарастырған жөн. Дидактиканың негізгі міндеті – оқу мате-
риалын оқушыға неғұрлым түсінікті, оңай әрі қонымды етіп 
сұрыптап беру. Бұл міндетті осы көзқарасты ұстанушылар бала-
ның мүмкіншілігін басшылыққа ала отырып шешуде.
Бұл көзқарас иә дидактиканың таным теориясынан алшақ-
тығын, иә прагматикалық таным теориясын қолдайды; соңғы-
сында таным жеке тәжірибеге сүйенеді, сөйтіп, оны қоғамдық 


214 
танымның тарихи дамуынан ажыратады. Дидактиканың таным 
теориясын мойындамайтын автократиясы сияқты, танымды 
қоғамдық тәжірибеден оқшаулап, жеке тәжірибеге негіздеу, 
танымды тарихи даму негіздерінен ажыратып, жекелей дамуын 
басшылыққа алу әрине педоцентризмге әкеледі. Бұл да қате 
көзқарас болады. Ол натуралистік психология мен педагогика-
ның ұстанымдарына әкеледі. Бұл көзқарастың қателігі – логи-
калық пен тарихилықтың алшақтығында.
Аталмыш басты мәселені шешуде ең дұрысы – оқу жолы мен 
таным үдерісінің 
бірлігі
(теңдігі емес) мен 
айырмашылығын
(мүлдем әр тектес, әр түрлі екендігін емес) тану болып табылады. 
Оқыту мақсатында білім материалдары шынымен де арнайы 
сұрыптаудан өтуі керек. Арнайы сұрыптаудың жалпы ұста-
нымдарын анықтау – дидактиканың ісі. Оның 
өзіндік
міндеттері 
бар және ол міндеттер ғылым тарихын қарапайым жолмен қайта 
беру немесе таным теориясы қағидаларын механикалық қайта-
лаудан тұрмаса керек. Дидактика оқу материалын неғұрлым 
жақсы меңгерту үшін сұрыптай отырып, нақты 
пәнді
, нақты 
материалды
материалдың меңгерілуін қамтамасыз етуі керек. 
Бұл пәннің өзінің объективтік логикасы болады және оны бұзу 
мүмкін емес. Танымның тарихи дамуы барысында айқындалатын 
логика танымның тарихи дамуы мен оқу үдерісін біріктіретін 
ортақ негіздерді қалыптастырады: олардың бірлігі осында. 
Танымның тарихи дамуы барысында бұл логиканы анықтау үшін 
белгілі бір жолдар өткеріліп, тарихи дамудың нақты жағдайла-
рына қатысты пәннің логикасын айқындап берді; оқу үдерісінде 
бала логикалықтан пәннің объективті логикасын өзінің жеке, 
даму ерекшеліктеріне сай игереді. Сол себепті оқу жолы мен 
таным жолы қаншалықты бірлікте болғанмен де айырмашы- 
лықтары бар. Сонымен қатар оқытудың жолдарын анықтау бала-
ның даму заңдылықтарын, соның ішінде оның психикалық да-
муы туралы білімдерді білу қажеттілігі туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет