212
Соңғысында оқу – дербес іс-әрекет емес, басқа іс-әрекеттің нәти-
жесі мен компоненті ретінде іске асатын үдеріс болып есептеледі.
Оқып-білу, соңғы нәтижеге жету әдетте осы екі амалдың екеуі-
мен де іске асады...
Арнайы көрсетілген оқу әрекетінің мәні қаншалықты маңыз-
ды болса да, өмірлік, кәсіби іс-әрекеттің,
шынайы шеберлікке
қажетті қандай да бір техникалық компоненттермен бірге білім,
біліктерді игеруге адам оқып қана қол жеткізе алмайды, оқу
арқылы осы іс-әрекетті орындаудың негізінде ғана меңгереді.
Үйрену мақсатында, яғни осы әрекетті орындау амалдарын игеру
мақсатында орындалған оқу әрекеті, сырт қарағанда да
сол
әрекет болуы мүмкін, бірақ оқу үшін емес, нақты бір нәтижеге
жету үшін орындалған іскерлік әрекет болуы мүмкін, ал бұл екеуі
психологиялық екі түрлі әрекет болып табылады. Бірінші
жағдайда субъектінің назары әрекеттің орындалу амалына, оның
жолына
аударылса, ал екінші жағдайда нәтижені көздейді;
соңғысында алғашқысында маңызды емес немесе айтарлықтай
маңызды емес қосымша жағдайларды да ескерген жөн; екі
жағдайда да жауапкершілік өлшемдері екі түрлі және осыған
байланысты тұлғаның мақсат-көзқарасы да әр түрлі болады.
Әрекеттің орындалу амалдарын ғана меңгеруді мақсат ететін оқу
әрекетімен
салыстырғанда, заттық нәтижеге жетуді көздейтін
әрекетке қосымша талаптар қойылады, бұл талаптарды оқу мақ-
сатынсыз орындаудың бұл тұрғыда қосымша әсері мол. Сол
сияқты оқу әрекетінің де өзінің артықшылықтары бар.
Оқып-білудің бұл екі амалын қай кезде және қалай қол-
дануды дұрыс анықтау – дидактика мен әдістеменің әлі жете
зерттеліп, зерделенбеген маңызды мәселелерінің бірі.
Оқу дегеніміздің өзі тарихи даму барысында қалыптасқан
білімдер мен біліктерді
меңгеру болып табылатындықтан, оқу-
дың жолдары және олардың бірізділігі мәселесі мен білімнің
тарихи дамуы мәселелерінің арақатынасын анықтаудың қажет-
тілігі өзінен-өзі туындайды.
Сондай-ақ оқуға одан кейінгі іс-әрекетке дайындау талабы
қойылатындықтан да, оқу мен дамудың арақатынасы,
оқудың
қалыптастырушылық үдерісі, яғни білім беру үдерісі мәселе-
лерінің туындауы заңдылық, сондықтан бұл мәселелердің басын
ашып алу қажет.