Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет86/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Бала ойынының дамуы 
Ойын тұлғаның дамуымен тығыз байланысты, әсіресе бала-
ның аса жоғары қарқынмен дамитын кезі – балалық кезеңде 
ерекше мәнге ие.
Мектепке дейінгі кезеңде ойын баланың өмірінде оның 
тұлғасын қалыптастыратын іс-әрекет түрі болып саналады. Ойын 
– тұлғаның ішкі жан дүниесін байытып, ішкі қасиеттерінің 
қалыптасуына үлес қосып, оның дамуында ерекше маңызды рөл 
атқаратын ең бірінші әрекеттің түрі.
Даму барысында тұлға орындай алатын, бірақ әлі үйреншікті 
болмаған әрекеттер мен қасиеттердің белгілері ерекше мәнге ие 
болады. Есікті ашу, тұтқаны бұрау сияқты алғаш рет орындауға 
үйренген әрекеттер бала үшін жетістік, сәттілік болып есептел-
гендіктен, ол маңызға, мәнге ие болады да, әрекет ойынға ұла-
сады: бала қайта-қайта есікті ашып, жауып, тұтқаны қайта-қайта 
бұрай бастайды; ол сол сәтте практикалық қажеттілікпен іске 
аспайды, себебі бала бұл әрекетке өзінің дамуындағы жетістіктің, 
сәттіліктің көрінісі ретінде санадан тыс қуанады; күнделікті, 
әдетке айналған әрекеттер оны қызықтырмайды, бұл әрекеттер 
ойынның тақырыбы болудан қалады. Дамудағы 
жаңа, жаңадан 
пайда болған
және әлі әдетке айналып, бекіп үлгермеген 
табыс-
тар 
ғана негізінен ойынның назарына ілігеді.
Ойынға ілігіп, қайта-қайта орындалған әрекеттер бекітіледі; 
бала ойын барысында оларды бірден-бірге жақсы үйрене түседі: 
ойын бала үшін өзінше бір өмір мектебіне айналады. Бала өмірге 
керекті дайындықтан өтемін деп ойнамайды, бірақ ол өмірге 
ойнау арқылы дайындалады, себебі ол өзіне жаңа деп танылған 
әрекеттерді ойнауға деген қажеттілік заңды түрде қалыптасады... 
Нәтижесінде бала ойын барысында дамиды және кейінгі іс-


211 
әрекетке қажетті дайындықтан өтеді. Ол дамып жатқандықтан 
ойнайды, ойнағандықтан дамиды. Ойын – дамудың практикасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет