Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет85/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Ойын туралы теориялар 
Ойын теориясы зерттеушілердің назарын өзіне ертеден 
аударды. Осылардың ішінде К. Горсстың теориясы ерекше таны-
мал. Ол ойынның мәнін одан кейінгі байыпты іс-әрекетке дайын-
дауға қызмет етуінде деп қарастырады; ойында бала жаттығып, 
өзінің қабілеттерін жетілдіреді. Бала ойынының мәні Гросс 
бойынша осыда; ал ересектер үшін ойын өмір болмыстарының 
бірі және демалыс түрі болып табылады.
Бұл теорияға ерекше танымалдылық әкелген басты артық-
шылық – ойынды дамумен байланыстырып қарайды және оның 
мәнін дамудағы атқаратын рөлімен байланыстырады. Ал басты 
кемшілігі – ол ойынның шығу көзін, ойынның себебін, ойынға 
қажеттілік туғызып, түрткі болатын уәждерді емес, «мәнін» ғана 
көрсетеді... 
Ф. Шиллердің ойын өз кезегінде дамыта алған Г. Спенсердің 
ұсынған ойын теориясында ойын шығу көзі артық күштің сал- 
дары деп көрсетіледі: ойында, өмірде жұмсалмай қалған артық 
күштер ойын арқылы сыртқа шығады деп түсіндіреді. Бірақ 
жұмсалмаған артық күштердің қоры олардың жұмсалатын 
бағыттарын, неге ол басқа іс-әрекетке емес, ойынға айналатынын 
түсіндіріп бере алмайды; сондай-ақ ойынға демалыстың бір түрі 
ретінде қарастырсақ, оны шаршаған адам да ойнайды ғой. 
Ойынды қордаланған күштердің жұмсалу, іске асу жолы деген 
түсінік формалды түсінік, себебі ойынның динамикалы қырын 


209 
оның мазмұнынан бөлек алып қарайды. Сол себепті де нақ 
мұндай теория ойынның мәнін толық ашып бере алмайды.
Ойынға түрткі болатын уәждерді анықтауға тырысқан
К. Бюлер функционалдық қанағаттану теориясын (нәтижесіне 
қарамастан, әрекеттің өзінен қанағаттану) ойынға түрткі болатын 
уәж деп қарастырды. Бұл жерде де ойынның кейбір ерекше-
ліктері дұрыс көрсетілгені дау туғызбайды: ойында әрекеттің 
практикалық нәтижесі, яғни затқа әсері емес, әрекеттің өзі 
маңызды; ойын міндетті әрекет емес, ол қанағаттану жолы. Бұл 
теорияның да тұтастай алғанда ойынның мәнін толық ашып бере 
алмайтыны күмәнсіз. 
Фрейдтің ойын теориясы ойынды өмірден аластатылған 
қалау-тілектердің іске асу жолы деп түсіндіреді, себебі ойында 
өмірде іске асыруға мүмкін емес нәрселер ойналып, адам оларды 
өзінің басынан өткереді. Адлердің пайымдауындағы ойында 
өмірден қашқақтаған субъектінің жетілмегендігі (неполноцен-
ность) көрінеді, субъект оған өзі иелік ете алмайды. Осылайша, 
біз тұйыққа тірелдік: ойын өмірдің бар кереметі мен сұлулығын 
бейнелейтін шығармашылық белсенділік болудан қалып, өмір-
ден аластатылған нәрселердің үйіндісіне айналды; дамудың 
факторы мен жемісі болудан қалып, ол жетімсіздік пен жетіспе-
гендіктің көрінісіне айналды; өмірге бастайтын дайындық болу-
дан қалып, өмірден қашатын әрекетке айналды.
Біздің зерттеулерімізде Д.Н. Узнадзе мен Л.С. Выготский 
өздерінің ойын теорияларын ұсынуға тырысты.
Л.С. Выготский мен оның шәкірттерінің ойынша, ойында,
ең бастысы, бала шындық болмыстың орнына жалған жағдай 
жасап, белгілі бір рөлдерді сол жағдайға сай орындайды, қор-
шаған заттарға да өзінің ауыстырылған мағыналарына сай қа-
райды.
Әрекеттің қиялдан шыққан жағдайларға өтуі шынында да 
ойынның арнайы формаларының дамуына тән болып келеді. 
Алайда жалған жағдай жасап, мағыналарды алмастыру ойынның 
шын мәнін айқындауға негіз бола алмайды.
Д.Н. Узнадзе ойынға жетілген және шынайы өмірде әлі 
қолданысын таппаған әрекет ету функциясының нәтижесі деп 
қарайды. Артық күштердің теориясындағыдай ойын тағы да 
минус емес, плюс қырынан көрінеді. Ол дамудың жемісі түрінде 


210 
көрінеді және практикалық өмірдің қажеттіліктерінен де озық 
жүреді. Бұл өте тамаша, бірақ бұл теорияның қатерлі тұсы – 
ойынды іштей пісіп-жетілген функциялардың әрекеті деп 
қарастыруында, қоршаған әлеммен қарым-қатынас барысында 
пайда болатын әрекет ретінде емес, ағзаның айтқанымен орын-
далатын әрекет деуінде. Ойын осылайша, формалды әрекетке 
айналады...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет