199
ті тән. Сент-Экзюперидің ересектерге арналған «Кішкентай хан-
зада» деген тамаша ертегісі бар. Мен оны педагогтарға арналған
ертегі дер едім. Кішкентай ханзада Түлкіні қолға үйретеді.
Ханзада Түлкі үшін дүниедегі ең қымбаттыға айналады. Түлкі
ханзада үшін де дүниедегі ең қымбаттысы. Олар бақытты. «Біз
өзіміз қолға үйреткен аңдар үшін жауап береміз... Адам дегеніміз
ең алдымен жауапкершілік...», деп айтқан Сент-Экзюперидің бұл
сөздері бүкіл дүние жүзін шарлап кетті.
Біздің
шәкірттеріміздің сезімталдығы, қайырымдылығы,
адамшылығы әрбір бала бір нәрсені
немесе бір жан-жануарды
«қолға үйретіп», бір нәрсеге жан бітіргенде, бір нәрсеге өз жанын
салғанда ғана орнығуы мүмкін. Мен балалар коллективі әрбір
адам жолдасының қуанышы
мен ренішін жанына жақын
тұтқанда ғана нағыз адам тәрбиелейтініне кәміл сенемін. Егер
адамдар өз жолдасының «екілік» алатыны, үлгермейтіні және
өзінің табыстарына немқұрайды қарайтыны жөніндегі ойға
үйреніп, көніп кеткен болса, коллективті тәрбие берудің қуатты
құралы деген сөз де болмауы керек. Ойлы педагог өз шәкіртте-
рінің бойында коллективтің әрбір мүшесінің табыстары жөнінде
ойланып, мазасыздану сезімін оятады. Ол өзінің қайғысын, өзге-
нің қуаныш-қайғысындай сезінуге үйретеді. Адамдық жауапкер-
шілікке тәрбиелеу осыдан басталады.
Жүрекке іс, еңбек нақты қоғамдық
өзара қатынас жігер
бергенде ғана сөз жігерлендіреді. Бәлкім, сіз тәрбиешілердің:
балаларға сөз өтпейді, оларға не
айтсаң да селт етпейді деп
назаланғанын талай есіткен боларсыз... Мұның бұлай болатыны
неліктен? Балалар немесе жасөспірімдер өздеріне сөздің қымбат
та қасиетті ақиқатқа айналуына,
өздерін сөзбен білдірілген
идеяның жігерлендіруіне әзір болмайды. Адамның ең нәзік
құралы – сөзбен ықпал жасауға рухани әзірлік дегеніміз ұзаққа
созылатын тәрбие үдерісі. Бұған әзірлеудегі ең басты нәрсе –
іспен, жасампаздықпен жігерлендіру, адамның адамға еңбектегі
қатынастарын бейнелеу.
Шынына
келгенде, бұл – біздің педагогикалық істің әлі
көтерілмеген тыңы. Өз тәрбиеленушілеріңізге
мұқият қараңыз
да, ойланып көріңіз: олардың бір-біріне, өз үйлерінің маңындағы
адамдарға, адамды асқақтатуға және адамның бойында адамдық
қасиетті орнықтыруға тиісті барлық тіршілік иесі мен әсемдікке
200
көзқарасы қандай? Осы арада біз адамгершілік тәрбиенің мына-
дай басқа бір қағидасына келеміз:
Достарыңызбен бөлісу: