Гипостезия-тітіркендірулерді төменгі қабылдау. Бұл жағдайда адам уколға не шыбынға селт етпейді. Анестезия



Дата28.05.2020
өлшемі15,89 Kb.
#71499
Байланысты:
Мед.психиология(бұзылыстар)
Патология

Түйсіктің,қабылдаудың қиялдың бұзылысы.

Гиперестизия-дегеніміз шын тітіркендірулерді жоғары түрде қабылдау.Бұл процесс әртүрлі,ол соматикалық ауруларда болады.

Гипостезия-тітіркендірулерді төменгі қабылдау.Бұл жағдайда адам уколға не шыбынға селт етпейді.

Анестезия-наркоз заттарын қолданғанда не кейбір психикалық жағдайларда болады.

Парестезия-күйдірген не шаншыған сияқты сезімдер.Қан тамырларын нервтер арқылы реттеуі бқзылғанда болады.

Сенестопатия-бұл бұлшық еттерде,тері астында болатын ұнамсыз сезімдер.

Иллюзиялар(алдану)-айналадағы шындықты бұрмалау түрінде қабылдау.

Галлюцинация(елестеушілік)-жалған қабылдаулар,шындықты жоқ заттарды бейнелеуі.

Деперсонализация-«жеке адамның екіге бөлінуін сезінуі»денесінің не аяқ-қолдарының ұзаруын не қысқаруын сезінү.

Дереализация-айналадағы әлемде,жекеленген заттарды бұрмаланған түрде қабылдау.

Агнозия-заттарды танымау.

Ойлаудың бұзылуы

Сөйлеу жылдамдығына байланысты жылдам көп және тез сөйлеу не баяу ойлар болады,аз және баяу сөйлеу.



Үзегендік(разорванность)-сөйлегендегі логикалық байланыстың болмауы.

Толықтық(обстоятельность)-сөйлегенде екінші дәрежедегі жағдайларды артығымен айту.

Өсиетшілдік(резонерство)-көп сөздің ішіндегі негізгі мәнін түсіну қиындығы.

Патологиялық түсініктер:жабысқақ,қалыптан тыс құнды ойлар және сандырақ ойлар ретінде болады.

Жабысқақ ойлар- аурыған адамның санасын жайлап,ол сын көзімен қарап күресіп тырысқанымен бұл ойдан ұқтыла алмайтын жағдайға келеді.

Қалыптан тыс құнды ойлар- негізінде шындығы бар ойлар, бірак та оларға қалыптан тыс мән беру.

Сандырақ ойлар- ақиқатқа қарама-қарсы,қателігіне қарамай ауырған адам бұл ойлардың шындық екеніне сенеді.

Қалыптан тыс құнды ойлардың негізінде шындық жатады,бірақ патологиялық жағдайға байланысты бұл ойлардың маңызы қалыптан жоғары бағаланады.

Естің бұзылуы

 Амнезиялар - белгілі уақытта болған оқиғалардың, естен шығуы.

Гипомнезия-естің нашарлауы.Ми тамырларының атесклерозында,ми зақымданғанда жиі кездеседі.

Гипермнезия-естің өткірленуі,әсіресе өткен жағдайларда.

Парамнезия-жалған ес,естің кемістіктерін ойдан шығарып толтыру не оқиғаларды уақытынан ауыстыру.

Зейінің бұзылуы

Алаңғасарлық- еріксіз оңай назардың бір обьектіден екіншіге қиын түрде ауысуы.

Интеллект зақымдануы- интеллект жетіспеген жағдайда болады. Жетіспеушілік ең басынан,туылғаннан,тұқым қуалаушылықтан және иеленгеннен болады.

Кемақылдық -туғаннан пайда болатын кемақылдық.Ол жеңіл,орат және ауыр дәрежеде болады(дебильдік, имбецильдік ,жексұрындық)-идиотия.

Дебильділік психикалық жетілмеудің ең жеңіл дәрежесі.Науқастар арнайы мекемелерде мектептік және кәсіби оқытуға қабілетті. Олардың сөздік қоры үлкен, Қоршаған отрадағы жағдайларды олар бір жақты қабылдайды. Олар өте сенгіш болып келеді және өзбетінше өмір сүруге қабілетті. Дебильдердің психикалық дамуы 8—12 жасар балалардың деңгейіне сәйкес келеді.

Имбецильдік (Имбецильность)(лат. “imbecillus” — әлсіз) олигофренияның орташа дәрежесі. Науқастардың сөздік қоры аз, эмоционалдық реакциалар дамыған, өзін күте алады, қол еңбектің қарапайым түрлерін меңгере алады. Олардың психикалық дамуы 3—7-жасар баланың деңгейіне сәйкес келеді.

Жексұрындық (Идиотия)(лат. “idiotea” — жексұрын,нақұрысолигофренияның ең ауыр формасы. Науқастардың психикалық дамуы үш жасар баланың дамуына дейінгі кезеңге жетпейді. Олар өздерін күте алмайды.

Деменция-аурудың әсерінен,бас ми зақымдануынан пайда болатын интеллектуалдық кемістік.

Сананың бұзылуы

Есеңгіреу- қозу табалдырығының күрт жоғарлауы.

Сопор - дегеніміз сезім мен рефлекстер сақталғандағы санын толық жойылуы.

Кома - дегеніміз барлық сезім мен рефлекстер болмағандағы саның толық жойылуы.

Эмоцияның бұзылуы

Эйфория - дегеніміз көңілді,жылжымалы,сөйлегіш,күлкілі патологиялық көотеріңкі күй.

Депрессия - дегеніміз зарығу,мазасыздану,абыржу,қорқу сияқты сезімдер ере жүретін патологиялық турде көңілдің төмендеуі.

Дисфория - дегеніміз көңілдің зарығуы мен ызалануы.

Апатия - дегеніміз жоғалуы,психикалық қызметтің ауыр зақымдануы.

Ынжындық-эмоциялардың жылдам ауысуы.

Патологиялық аффект - өзінің әрекетімен айналаға қауіпті,сананың терең тұнжырауы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет