Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


Тәрбие жұмысының программасы керек пе?



Pdf көрінісі
бет77/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Тәрбие жұмысының программасы керек пе? 
Біз өз шәкірттеріміздің бойына сіңіретін кейбір адамгершілік 
қасиеттер қайдағы бір арнаулы тәрбиелік шаралармен бітпейді. 
Тәрбие программасының мәні болып табылатын адамгершілік 
мұрат дегеніміз – сенім мен өмір тәжірибесінің үйлесімді бір- 
лігі. 
Менің кәміл сенімім бойынша, тәрбие жұмысының програм-
масы педагог өз шәкірттерінің бойында адам тек тәрбиеленетін 
ғана емес, сондай-ақ тағдырының қожасы болып шыға алатындай 
адамдық ой-толғаулардың, сезімнің, толғаныстардың, ерік-жігер-
дің сарқылмас қайнар көзін ашқанға дейін жансыз қағаз күйінде 
ғана қалады. Тәрбие программасын адамның ішкі рухани күш-
жігерін оятуға көмектесетін от деуге болады. Ол адамның 
белсенді қоғамдық өміріне қажетті күш-қуатты ұдайы қамтама-
сыз етуге арналған қайдағы бір жанармайдың сарқылмас қоры 
бола алмайды. Адам тәрбиесін жүзеге асыруға қабілетті ең 
маңызды күш адамның өзі болып табылады. Тәрбие жұмысының 
барлық шеберлігі адамның қандай болуы керектігін біліп, адам-
ды өзінің көздеген мұратына жетуге рухтандыра білуде. 
 
Математика ғасыры ма, әлде Адам ғасыры ма? 
Маған кейбір жолдастардың оқу-тәрбие жұмысының мазмұ-
нын анықтауда техникалық жетістіктердің, жалпы жаратылыс- 


193 
тану білімінің рөлін асыра бағалауы қауіпті болып көрінеді. 
Әдебиетті факультативтік пәндердің қатарына шығаруға ұсыныс 
жасалды. Ұшқарылығы жөнінен қайран қалдырарлық бұл ұсы-
ныс: біз математика, физика, электроника ғасырында өмір сүріп 
отырмыз, барлық назар оларға аударылуға тиіс деген кең таралып 
кеткен ой-пікірді барынша айқын аңғартады. Жалпыға бірдей 
орта білімнің мазмұны туралы мәселе қай жерде талқыланса да, 
оқушылар нені білуге тиіс, осыған сәйкес программаға нені 
енгізу керек дегенді ғана естисің. 
Жаратылыстану білімінің маңызды екені даусыз болғаны-
мен, маңыздылығы сондай басқа бір мәселе – адамгершілік 
тәрбиенің маңызы туралы да ойлау керек. «Математика ғасыры» 
– жақсы қанатты сөз, бірақ ол қазіргі күндерде болып жатқан 
оқиғаның бүкіл мәнін бейнелемейді. Дүние Адам ғасырына аяқ 
басып отыр. Қазір біз бұрынғы қай кездегіден болса да өзіміздің 
адам жанына не беріп отырғанымыз жөнінде көбірек ойлауға 
міндеттіміз. Білім адамгершілік бейнесін қалыптастыруда ерек-
ше маңызды рөл атқарады. Бірақ жалпы білім беру жүйесінде 
адамның жан дүниесімен, оның көзқарасының қалыптасуымен 
тікелей байланысты білімнің жете бағалана бермейтінін айтқан 
жөн. Біздің мектеп қабырғасында көптеген маңызды және 
қажетті нәрселер: қарапайым бөлшектер, өзара әсер, жанды 
заттардың сыры мен
спартан жауынгерлерінің қару-жарақтары 
жөнінде біліп алады. Бірақ олар адам туралы қандай аз біледі, 
өзін-өзі тануы мен өзін-өзі тәрбиелеуі үшін оларға әдебиет, тарих 
сияқты пәндер жөніндегі қоғамдық білімнің сыры қаншалықты 
нашар ашылады десеңізші! 
Жеткіншектер мен жасөспірімдердің рухани дүниесіне 
немқұрайды қарауға болмайды. Рухани бейшаралық адамгер-
шіліктен жұрдай болуға алып келеді. Адамды жоғалтудан ауыр 
нәрсе жоқ, оның орнын ешкім де толтыра алмайды. Адамнан 
айырылуды барынша азайту үшін, сондай-ақ мүлдем болдырмау 
үшін, біз ең алдымен, адам жанын тәрбиелеу жөнінде қамқорлық 
жасауға тиіспіз. Басы артық әбігерден құтылу үшін мектептен 
«аластататын», бара бер, өмірдің өзі тәрбиелейді деп, «үш» қоя 
салатын бірде-бір жас жеткіншек болмауға тиіс. Өмірдің өзі 
стихиялы түрде тәрбиелей алмайды. Стихия бар жерде буыны 
бекімеген жас жанға әр қадам сайын қауіп төніп тұрады. Мектеп 


194 
қабырғасындағы жылдарда адамның жан дүниесін, сана-сезімін, 
сенімін тәрбиелейтін білімдерге ерекше назар аударылуға тиіс. 
Жалпы алғанда, өмірдің өзі тәрбиелейді деген сияқты пікір 
де тек метафора ғана. Жекелеген адамды нақты кісілер тәрбие-
лейді. Ал егер ол мектепте тәрбие көрмей, өмірге адамгершілік 
жағынан жұрдай болып аяқ басса, ол қоғамға қауіп төндіреді. 
Еңбек тәрбиелейді
(«Жұмыс істесе, еңбек тәрбиелейді») деген 
пікірге одан да көбірек түсіндірме керек. Қоғамдық өмірдің өзге 
жақтарынан оқшау алғанда, еңбек өздігінен тәрбиелеп шығар-
майды. Еңбектің тәрбиелік күші оны адамның биік мақсаттары мен 
ізгі қатынастары арқылы адамға айналдырылғанда ғана көрінеді. 
Кейбір мектептерде білім беру мен тәрбие берудің арасында 
алшақтық бар: ізгі жандылықты қалыптастыруға тиісті білім 
сана-сезімді қозғап, нанымға айнала бермейді. 
Адам туралы білімнің тәрбиелік күші орасан. Мектептің 
міндеті: адам парасатының туындауы туралы, өнер туралы, адам 
істерінің әсемдігі туралы, зұлымдыққа ымырасыздық пен 
төзбеушілік туралы білімдерге ие бола отырып, адамның өзін-өзі 
танып білуі, әдемі болып көрінуге құштарлық арқылы шабыт-
тануы керек. Қазір оқу-тәрбие жұмысының өмірдің өзі алға 
қойып отырған өте маңызды мәселесі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет