191
ол су ішеді. Сірә, әйел алыс жерден келе жатса керек, ол осы бір
көлеңкелі жерге тоқтап, күрсіне демалды. Мұғалім оның көзінен
шаршап-шалдыққандық пен қуаныш нышанын көрді: адам өзінің
қазір орындыққа отырып, гүлдеп тұрған жөке ағашының астында
демалатынын біледі. Оның қолы шелекке қарай созыла бергенде,
әйел кенет топтанған балалардың айқайы мен тарсылынан
шошып, селк ете түсті де, кейін шегінді. Егер ол құдықтан кейін
шегінбесе, оны итеріп те жіберетін еді. Әйел балаларға таңдана
қарап, басын шайқап қойды. Ал балалар ойлау былай тұрсын,
адамды көрген де жоқ. Мұғалім қатты састы. Сіздермен сабақты
қай
пәннен бастаймыз, балалар? Сіздердің ақыл-ойыңыз бен
жүрегіңізге бәрінен бұрын не оқыту керек? Сіздер қайда өстіңіз-
дер, неге мұндайсыздар?
Себебі көптеген отбасында сізді үлкен адамгершілік қасиет-
ке – адамды сезіне білуге үйреткен жоқ. Сіздер өз дамуыңызда
адамның бар іс-әрекеті оның тек тұтыну талаптарынан ғана
туатын кезеңде тоқтап қалдыңыздар. Ата-аналарыңыз сіздерге
қарап қызығып, сіздің бақытыңызға – тұтыну талаптарын қана-
ғаттандыру бақытына қуанды. Енді
міне адамда жеті жасында
алғаш қарағанда ғажайып өзгерістер болды, талап-тілектері тағы-
ланып кетті. Адам сұлулығының шегіне жетіп, тек ізгілікпен
көрінудің орнына тілек тек бір ғана заңды – нені қаласам, соны
істеймін дегенді ғана білетін тағы жануарлардың баласына
айналды. Өзіңнің қасыңнан басқа адамды сезе білу, оның адам-
дық намысымен үйлестіру, міне, борыш деген осыдан баста-
лады.
Сонда мәселе неде? Ешкім
кішкентай адамды адамдарға
немқұрайлы бол; ағашты сындыр; сұлулықты аяққа бас, жеке
басыңның мүддесін бәрінен жоғары қой деп үйретпейді. Барлық
мәселе адамгершілік тәрбиенің бір өте маңызды заңдылығында.
Егер адамды ізгілікке үйретсе, шеберлікпен, ақылмен, табан-
дылықпен, талапкерлікпен үйретсе, нәтижесі де ізгілік болады.
Зұлымдыққа үйретсе (сирек
болса да, ондай да болады) нәтижесі
де зұлымдық болып шығады. Ал егер ізгілікке де, зұлымдыққа да
үйретпесе, зұлымдыққа кез болады, адам дайын күйінде дүниеге
келмейді ғой.
Тәрбиешінің міндеті әрбір адамның бойында осы бір қуатты
адамгершілік күшті – жағдайды өзгерте отырып, өзін де өзгерту
192
қабілетін ояту және оған рухтандыру болып табылады. Ал егер
өмірдің осы бір мыңдаған жылғы еңбек-дүниенің дарынды
қожасы және өз тағдырының қожасы еткен кішкентай бөлшегі
толық мәнінде адам болып өспесе, оған ең алдымен қоғам кінәлі,
ол кінәнің басым бөлігі адамды тәрбиелеу, жасау мамандығы,
кәсібі болып табылатын мұғалімге жүктеледі.
Біздің мұндай
жағдайда бар айыбымыз – өзіміз тәрбиелейтін адамға жол көрсе-
тіп, оны ізгілік мақсаттарға рухтандыра алмағанымызда, адам-
гершілік рухын берік, зұлымдық атаулыға төзбестікке тәрбиелей
алмағанымызда.
Адамды тәрбиелеу керек. Ол үшін нені және қалай тәрбиелеу
керектігін білу қажет. Бұл арада біз тек теориялық қана емес,
сондай-ақ нағыз практикалық мәселеге,
ең көкейкесті мәселеге
келе жатырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: