Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


Мұғалімнің педагогикалық мәдениеті



Pdf көрінісі
бет74/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

 
Мұғалімнің педагогикалық мәдениеті
Мұнда бұрыннан белгілі қарапайым нәрселер туралы айту 
керек. Бірақ кейде мектеп өмірінде, оғаш көрінсе де, ең қара-
пайым, белгілі ақиқаттар ұмытылып қалады. 
Педагогикалық мәдениет неден тұрады? Бұл – алдымен 
мұғалімнің өз пәнін терең білуі. Біз мұғалімнің мектепте өзі 
бастап оқытатын ғылымның ең күрделі мәселелерін, ғылыми 
ойдың алғы шебі мәселелерін білуді өте маңызды деп есептейміз. 
Егер сіз физиканы оқытсаңыз, элементарлық бөлшектер туралы 
білуіңіз керек, өріс теориясын талдай алу қажет, болашақта 
энергетика дамуының перспективасы туралы, құрығанда, жалпы 
мәліметтерден хабардар болу керек. Биолог генетиканы тарихи 
тұрғыдан және қазіргі дамуын білу керек, өмірдің пайда болу 
теориясын, клеткаларда болып жатқан биохимиялық үдерістерді 
жақсы білу қажет. Педагогикалық мәдениет осыдан басталады, 
осыған негізделеді, қарсы пікір айтуға болады: мұғалімге сабақта 
оқылмайтын, орта мектепке қатысы жоқ материалды білу неге 
керек? Мұғалім үшін мектеп программасын білу оның ой-өрісінің 
басқышы, әліппесі болып табылады. Оның ой-өрісі мектеп 
программасынан асып-түсіп жатса ғана, ол педагогикалық 
үдерістің нағыз шебері, суретшісі, жыршысы бола алады. 
Мен ондай ондаған шеберлерді білем. Олардың педагогика-
лық мәдениеті сабаққа әзірленуден-ақ байқалады. Олар сабаққа 
оқулық бойынша емес, программа бойынша әзірленеді. Олар 
программаны ойластырады, одан кейін өзін оқушының орнына 
қойып, материалға оқушының көзімен қарау үшін оқулықтың 


184 
тиісті тарауын оқып шығады. Педагогикалық үдерістің мектепте 
оқылатыннан анағұрлым көп білетін шын шебері сабақ жоспары-
на жаңа материалды жазбайды. Ол әңгімесінің мазмұнын ойлас-
тырады, көрнекті құралдар, мысал мен есептер әзірлейді. Бұлар-
дың бәрін сабақ жоспарына жазудың қажеті жоқ. Оның сабақ 
жоспары әңгіме (лекция, түсіндірме) мазмұны емес, сабақтағы 
педагогикалық үдерістің, оқушылардың ой еңбегін басқаруға 
қажет детальдары туралы мақалалар. Педагогикалық істің шебері 
өз ғылымының әліппесін жете білгендіктен, оның негізгі наза-
рында оқылатын материал емес, оқушылар, олардың ой еңбегі, 
олардың ойы, олардың ой еңбектерінің қиыншылықтары бо- 
лады. 
Оқушыларға үйрететін ғана өзі білетін, оқулық бойынша 
жақсы әзірленген, оның мазмұнын және түсіндірменің логика-
лық ретін есіне сақтаған мұғалімнің жұмысына назар аударыңыз-
шы. Жаңа материалды түсіндіргенде қолданылатын көрнекі 
құралдар, иллюстрациялық материал (мысалы, тарих, география, 
ботаника сабақтарында пайдаланатын көркем әдебиеттен анық-
тайтын бейнелер) сабақтың мазмұнына жасанды түрде тіркес-
тірген – осының бәрі оқушылардың ойының бет жағында қалқып 
жүреді (кейде мұғалім өзі таңдап дайындаған құралдарын 
пайдалануды ұмытады). Неліктен бұлай болады? Өйткені мұға-
лімнің негізгі назарында педагогикалық үдерістің детальдары 
емес, материалдың мазмұны тұрады: ол түсіндіру жолын еске 
түсіруге күш салады, оның бар назары өз ойына және материал-
дың мазмұнына бағытталған. Бұлай түсіндіргенде оқушыларға 
қабылдау қиын болады, мұндай сабақтарда ерікті есте ұстау 
болмайды, өйткені мұғалімнің түсіндіргенінде мәнерлік жоқ. 
Егер мұғалім материалдың мазмұнын есте сақтатам деп барлық 
күшін жұмсауға мәжбүр болса, түсіндіргенінде мәнерлік 
болмайды, балалардың да ынтасы жоқ. Ал ынта жоқ жерде ерікті 
есте сақтау да жоқ. Бұл – мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің 
өте нәзік, өте маңызды белгісі: материалды неғұрлым еркін 
игерсе, солғұрлым түсінік эмоционалды (әсерлі) және соғұрлым 
бала оқулықты аз қарайтын болады. Педагогикалық істің нағыз 
шеберінде – шынайы мәнерлеушілік бар. Материалды үстірт 
білетін адамда жалған пафос, жасанды әдемі сөздер болады, осы 
арқылы оқушылардың санасына күшті ықпал етпекші болады, 


185 
бірақ бұдан шығатын қорытынды жалған пафос, құрғақ сөз, 
мылжыңдыққа итермелейді. Мұның бәрі шәкірттің жан дүниесін 
бүлдіріп, жүрегін суытады. 
Сенімді қалыптастыру туралы сөз болғанда, төмендегідей 
пікірді естуге тура келеді: материалды білу бұл әлі сенім емес, 
білу бұл әлі сенгендік болмайды. Бұл қарама-қарсылық еш 
нәрсемен ақталмады. Нағыз білу – бұл терең түсіну, білімді 
бірнеше рет ой елегінен өткізу, ал егер білім түсінікті ой елегінен 
өтсе, оқушының субъективтік әлемінің бөлігі оның көзқарасына
оның пікіріне айналса, ол – сенімге айналады деген сөз. Бірақ 
қандай жағдайда білім жеке адамның рухани өміріне ықпал етіп, 
адам қадір тұтатын интеллектуалдық және моральдық байлыққа 
айналады? Бейнелеп айтсақ, білімнің жанды жүйесінде эмоцио-
налдық қан тасқындаған жағдайда рухани өмірге ықпал етеді. 
Егер мұғалімнің түсіндіргенінде шынайылық, нағыз мәнерлік 
болмаса, өзінің білетін өз жүрегі елегінен өткізе алмаса, бала 
жүрегіне білім жетпейді, ал рухани өмірге жүрек қатыспаған 
жерде, сенім де болмайды. Бұдан мұғалім материалды терең 
білсе, педагогикалық мәдениеттің негізінің бірі деген қорытын-
дыға тағы келеміз. 
Педагогикалық мәдениеттің осы басты белгісінің бірінші 
көрінісі мұғалімнің шәкірттің ақылы мен ойына тікелей көңіл 
бөлуі болып табылады. Осы шынайы байлықты меңгерген 
мұғалімде материалды түсіндіру өзін тыңдап отырған оқушымен 
әңгімеге айналады. Мұғалім ақиқатты бұрмаламай, жасөспірімдер 
мен жас жігіттер және қыздармен әңгімелеседі: сұрақтар қойып, 
оған ойланып жауап беруге шақырады. Мұндай сабақты талдай 
отырып, сіз мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыстың ор-
нағанын сезесіз. Мұғалімнің тасқындаған пікірі сізді, директорды, 
баурап алады. Өзіңізді оқушымын деп сезінетін боласыз, сіз он бес 
жасар жасөспірімдермен қосылып ақиқатты ашқанда, мұғалім 
қойған сұраққа ойша жауап бере отырып қуанасыз. 
Сонымен, мұғалім өзі оқытатын ғылымның негізін терең 
білмейінше, педагогикалық мәдениет болмайды екен. Әр мұғалім 
оқытудың әліппесін емес, пәннің терең қайнар көзін білуге 
қалайша жетуі керек? 
Оқу, оқу, тағы да оқу – мұғалімнің педагогикалық мәде-
ниетінің бұл белгісінің кілті болмақ. Оқу – бірінші рухани 


186 
қажетсіну. Қандай кітап оқу керектігін таңдай білу, кітапты 
ақтаруға құмарлық, кітап оқи білу, оқығанды ойластыра білу. 
Оқуды әр мұғалімнің қажетсінуіне қалай айналдыруға 
болады? Белгілі бір тәсілдері тура айту қиын. Оқуды қажетсіну 
педагогикалық коллективтің барлық рухани өмірі бойы тәрбие-
ленеді. Дегенмен оқуды рухани қажетсінуге айналдырудың 
нақты, шегі сезілетін, шамалауға болатын жағдайлары мен алғы 
шарттары бар. Бұл – алдымен уақыт. Мұғалімнің бос уақыты. 
Мұғалімнің бос уақыты неғұрлым аз болған сайын солғұрлым ол 
түрлі жоспар жасау, есеп беру тағы осы сияқты жұмыстармен көп 
шұғылданады: мұғалім ешқандай есеп және хабарлама жазбайды. 
Тәрбие жұмысы мен сабақ жоспарынан басқа ешқандай жоспар 
жазбайды. Сабақ жоспары – мұғалімнің жеке шығармашылық 
лабораториясын бейнелейтін міндетті құжат. Сабақ жоспарының 
белгілі қалпы жоқ. Тек оған қойылатын белгілі талаптар бар. Бұл 
алдымен оқушылар меңгеруге тиісті теориялық материалды 
дидактикалық өңдеу. Шығармашылық ізденіспен жұмыс істейтін 
мұғалімнің сабақ жоспары – бұл сабақта не болатынын барынша 
болжай білу. 
Педагогикалық шығармашылық – үлкен күш жұмсауды 
талап ететін өте күрделі еңбек. Егер бұл күштер қалпына келмесе, 
мұғалім шаршап, жұмысқа қабілеті жетпей қалуы мүмкін. Мұға-
лім, демалыс күндері оқушылар коллективінде өзін-өзі тәрбиелеу 
болғандықтан, дем алады. Жазда, мысалы, мектеп оқу-тәжірбие 
учаскесінде екі ай бойы еңбек қызады, бірақ мұғалім мектепке 
аптасына бір-ақ рет келеді. Бұл күні оқу-тәжірибе учаскесіне 
жауапты оныншы кластың екі оқушысының басқаруымен орта 
және жоғары сынып оқушылары өнімді жинайды. Бұл жұмыс 
оқушыларға қиын болмайды. Әр оқушы жазғы каникул кезінде 
учаскеде 2-3 күн жұмыс істейді. 
Әр мұғалімнің өзінің шығармашылық лабороториясы бар, ол 
жыл сайын байи түседі, бұл педагогикалық мәдениеттің өте 
маңызды жағы. Сөз педагогикалық еңбектің технологиясы тура-
лы. Мысалы, математика оқытушыларында жыл өткен сайын 
дидактикалық материал жиналады, олар – әр түрлі есептер, 
мұғалімдер мен оқушылар жасаған көрнекі құралдар. Жыл өткен 
сайын мұғалімнің әр сабаққа материалы толыға түседі, оған енді 
сабақ жоспарын жасау қажеттігі жоқ. 


187 
Оқу бұл білімді механикалық түрде бере салу емес. Бұл – өте 
күрделі адамдық өзара қатынастар. Оқушы – алдымен, адам, 
еңбеккер. Кез келген ұзақ еңбек (ал оқу соншама ұзақ еңбек, бала 
оның аяқталуына көз жеткізе алмайды) тек сол уақытта ойдағы-
дай орындалады. Нәтижесіз оқу – білімге деген ынтаны жояды. 
Түптің-түбінде оқуға ынтасы жоқ оқушылардың қатарына 
жатқызған оқушы қайтеді! Күн сайын, ай сайын өз еңбегі 
туралы жаман, жаман деген бір сөзді естиді. Оның еңбегінің 
сипатын біртіндеп өзінің жеке басының сипаты деп қабыл-
дайды: бала біртіндеп өзім де жаманмын деген сенімге келеді. 
Тіпті үлкен адамның ой еңбегінің нәтижесіздігі де түңілдіреді; 
біз баламен жұмыс ісейміз ғой. Бала жанында керемет жасырын 
орын бар – адамдық намыс бар. Оның жаны биязы, нәзік, осал, 
сезімтал, оны оп-оңай жаралап немесе тіпті жансыздандырып 
алуға болады. 
Педагогтың өте нәзік және қиын міндеттерінің бірі – баланың 
адамдық қасиетті сезімін ақтау және дамыту. Бостан-бос, нәтиже-
сіз бала еңбегі болмауы тиіс, міне, озат мұғалімдердің ұраны – осы. 
Баланың ішкі рухани күштерінің көп жұмсалуы ой еңбегі оған 
жеміс берген жағдайда болуы мүмкін. Жеміс болса, оқуға құмар-
лық та бар. Бұл, әсіресе оқудың бірінші сатысында – бастауыш 
мектепте маңызды, онда бала қиыншылықты жеңуді білмейді, 
онда сәтсіздік қайғы әкеледі, егер бір сәтсіздіктен соң екінші сәт-
сіздік кездессе, бала біраз уақыт жапа шегеді. Баланың жан 
дүниесі жараланады, жансызданады, оған енді бәрібір болады. 
Көбінесе осы жанының жансыздануынан – немқұрайдылықтан 
сақтаныңыздар. Егер сабаққа кіріп және талдау жасағанда 
баланың жанарынан от көрмесеңіздер, егер мұғалім қойған 
«екілік» онда ешқандай сезім тудырмаса, сыныпта жағдай қолай-
лы емес деген сөз, оқу – нәзік адамдық өзара қатынас болудан 
қалғанын көресіздер. 
Нағыз педагогикалық данышпандық баланы әрдайым жақсы 
болуға рухтандырып, ешқашан оған «екілік» қоймау, тәжірбиелі 
мұғалімдер осылай жасайды да, егер оқушы жұмысты әлі 
меңгере алмаса, оған ешқандай баға қоймайды. Баланың алдын-
дағы жетістікке деген жол ешқашан жабылмайды. 
Педагогикалық мәдениеттің қобалжусыз айтылмайтын тағы 
бір жағы бар – ол мұғалімнің сөйлеу мәдениеті. Бұдан жиырма 


188 
жыл бұрын бір мұғалімнің сабағында жаңа материалды түсіндір-
генін балалар қалай қабылдайтынын бақылағанымда, мен бала- 
лар жаңа материалды тыңдағаннан кейін өте шаршайтындық-
тарына, сабақтан мүлде қалжырап шығатындарына назар аудар-
дым. Мен мұғалімнің сөзін зер салып тыңдадым (ол биологиядан 
беретін) және жаратпадым. Оның сөзі соншалықты орынсыз, 
логикалық жағынан жүйесіз, түсіндіргенінің мазмұны бұлдыр 
болғандықтан, түсінікті бірінші рет қабылдайтын балаға бірдеме 
ұғу үшін көп күш жұмсау керек болды. Міне, сондықтан да 
балалар шаршайтын болған. 
Неліктен маған, мектеп директорына, бұл бірден байқалма-
ған? Өйткені мен өзіме жақсы таныс материалды тыңдадым: 
маған ымдаудың өзі жеткілікті, мен мұғалімнің түсіндіргеніндегі 
«кемістерді» шын мәнінде өз ойларыммен толықтырым. Бірнеше 
сабақта мен түсіндірмелерді түгелдей жазып алдым, педагоги-
калық советтің мәжілісінде оқыдым, жолдастардан: ойлайықшы, 
түсіндірме жасалған пәннен хабары жоқ адам не түсінер еді? – 
деп сұрадым. Мысалы, сіздер хлорофил, көмір қышқылы, фото-
синтез туралы еш нәрсе білмейсіздер дейік. Енді мен оқып 
шықанннан нені түсіне аласыздар? 
Бұл сұраққа жауап қату қиын да, ауыр да, бірақ жауап біреу: 
еш нәрсе ұғып болмайды. Егер де келесі сабақта оқушылар 
бірдеңе білетін болса, ал оқу озаттары материалды өте жақсы 
білсе, ол балалардың тек қана еңбек сүйгіштігі, олардың тап-
жылмай отыра алатындықтарынан деп түсіну керек. Бірақ бұл 
білім қаншама еңбекті қажет етті? Балалардың денсаулығына 
салмақ салудан: білімді олар сабақта мұғалімнен алған жоқ, өз 
беттерімен, оқулықпен жұмыс істеу арқылы алды. 
Мұғалімнің және барлық коллективтің педагогикалық мәде-
ниеті – оқу-тәрбие жұмысына басшылық жасаудың басты сәті. 
Бұл саладағы басшылық әкімшілік нұсқаулар мен жарлықтардың 
белгілі жүйесіне сыйыспайды. Мұнда істеліп жатқан іске және 
педагогикалық үдерісті жетілдірудің перспективаларына терең 
ғылыми талдау қажет. Мектеп басшысының мұғалімдердің 
педагогикалық мәдениеті туралы қамқорлық жасауы – кол-
лективтік ойды, коллективтік шығармашылықты дамытудың бір 
стимулы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет