189
Адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері туралы
Бір жолы менің халық сотының мәжіліс залына кіруіме тура
келді. Он бес жасар жасөспірімнің қылмысы туралы іс қаралып
жатыр екен.
Сот қылмыскерден:
– Өз қылығыңыздың ұят екенін қалайша сенбейсіз? Адам-
дардың алдында қалайша ұялмайсыз? – деп сұрады.
Жасөспірім тұнжырап:
– Мен ештеңеден ұялмаймын. Мен бұзақымын... – деп жауап
берді.
Бұл сөздер жасөспірімге шынында да ұят емес дегенді
білдірмейді. Оның астарында үлкен жан күйзелісі, ұят, үрей,
өкініш, сонымен бірге ызақорлық жатыр. Сот мәжілісінің
барысында тәрбие жұмысында кездесетін ең қатерлі құбылыс –
жан дүниесінің бостығы анықталды. Соттың үкімі әділ болды, ол
үкім
қоғамды қылмыскерден оқшаулап, қорғады... Бірақ қоғам
мұндай жаза жасөспірімнің жанын ізгілік сезімдері мен ой
толғаулар толтырар деп сенуіне бола ма?
Адамгершілікке тәрбиелеудің
кейбір мәселелері жайлы
әңгімені мен кәмелетке жетпеген қылмыскер туралы әңгімеден
бастауымның себебі неде? Себебі тәртіп бұзу және қылмыскерлік
– тәрбиенің әлсіздігінің ең жарқын көсеткіші. Тәртіп бұзушылар
мен қылмыскерлердің арасында балалардың,
жасөспірімдердің,
жігіттер мен қыздардың болуы бар еңбегінің мәні жеке адам мен
қоғам мүдделерінің үйлесімділігі болып табылатын педагог
адамды бір сәт те толғандырмай қоя алмайды.
Мектепте және
отбасында тәрбиелеудің кемшіліктері мен ағаттықтары неде?
Мен айтып отырған он бес жасар жасөспірімнің отбасы сырт
қарағанда жап-жақсы отбасы сияқты. Ол мектепте оқыды,
VIII
класты бітірді, ол қылмысты да сегізжылдықты бітіргені
туралы куәлік алған күні жасады.
Әңгіме бұл арада байсалды педагогтың және өз балаларының
кім болып шығатынына немқұрайды қарамайтын ата-аналардың
мазасын кетіретін ұйқысыз түндердің себебі болып табылатын
өте
қиын да нәзік, ең көкейкесті және көбінесе ауыр мәселе
туралы болып отыр. Өзін немқұрайлықпен бұзақымын деп атаған
жасөспірім ширек ғасырдан кейін небары 40 жасқа толады, нағыз
шығармашылық күш-қуаттың кемел шағы емес пе!
190
Қазір тәрбие жұмысының болашағының,
болашаққа ұмты-
лысының маңызы бұрынғы қай кездегіден де ерекше маңыз алып
отыр.
Достарыңызбен бөлісу: