195
Қазіргі адамның үнемі ілгеріде келе жатқан интеллектік
дамуы адамгершіліктің алдына қойып отырған жаңа талаптарды
елемеу де тәрбиенің білімнен кейіндеп қалуының себебі болып
отыр. Бұл арада білім мен адамгершіліктің арасындағы бір
маңызды өзара байланысты ескеру керек. Қазіргі адамның еңбегі,
мәдениеті, тұрмысы, бүкіл тіршілігі әрбір он жыл өткен сайын
интеллектіге, ойдың,
шығармашылықтың, әсерленудің асқан
нәзік рухани салаларына тәуелді бола береді. Ақылдың адамға
табиғат күштеріне барынша билік жүргізуге мүмкіндік беретіні
соншалық, қайсыбір елеулі тарихи оқиғалар саласында емес,
қайта күнделікті еңбекте, мысалы, су электр станциясында, шах-
тада, атом электр станциясында, темір жол торабының диспет-
черлік пунктінде мыңдаған адамдардың тағдыры жеке бір кісіге
байланысты болады. Қатардағы еңбеккер дейтіннен орасан зор
ыждаһаттылық,
тиянақтылық, ұстамдылық, салқынқандылық
талап етіледі және осының бәрі адамгершілік сезіміне – адамдар
алдындағы борышын, жауапкершілігін сезінуге байланысты.
Бір қайран қалдырарлық және түсініксіз жағдай мынадай:
мектеп оқушысы жұлдыздар және теңіздердің терең түбі туралы,
алыс галактикалар мен қарапайым бөлшектер туралы, ежелгі
Египет пен Вавилонияның құрылысы туралы көп зерттеп, көп
біледі, бірақ өзі айналадағы дүниені қабылдап, таныған кезінде
өзінің басында не болып жатқанын, өз сезімінің,
әсерлерінің
жаратылысы қандай екенін, өз бойында адамдық мәдениеттің
қалай тәрбиеленетінін зерттемейді және олар жөнінде ештеңе
білмейді. Оқушы ежелгі спартандықтардың тұрмысы туралы
біледі, бірақ қоғамдық орындарда өзін қалай ұстауды, өз
қылықтарын, тілектерін басқа адамдардың мүдделерімен қалай
үйлестіруді білмейді.
Ғылым негіздері мазмұнының адамгершілік және саяси
идеяларға
толы екені соншалық, бұл идеяларды сенімге, жеке
адамның рухани игілігіне айналдыру адамгершілік тәрбие
міндеттерін шеше алады деседі. Оқу мен тәрбиенің бірлігі
неліктен есепке алынбай жүргені белгісіз маңызды бір белгі
сипаттайды. Сабақта оқытылатын материалда саяси және
моральдық идеялар қаншалықты мол болса да, білім алу
үдерісінде оқушы өзінің алдына
ең бірінші орынға танымдық
мақсат: біліп, жаттап алу, тану мақсатын қояды. Педагогтың
196
барлық күш-жігері де осыған бағытталған. Осы мақсат – біліп,
жаттап алу, тану мақсаты бірінші орынға неғұрлым көбірек
қойылатын болса, бұл мақсат оқушының ішкі күшін неғұрлым
көбірек билеп алса, идея солғұрлым кейінгі қатарға шегінеді,
білімнің сенімге айналу коэффициенті солғұрлым төмен болады.
Сөйтіп, оқушылар фактілердің,
құбылыстардың, заңдардың
мәнін аз ойлап, оған аз талдау жасайтын жерде бұл коэффициент
мейлінше төмен болмақ.
Өкінішке қарай, сабақтағы ой еңбегін: тыңда – есіңде сақта –
жауап бер деген схемаға келіп саятын мұғалімдер бар. Мұндай
схема жағдайында идея сананы жанап қана өтетін сияқты.
Ағынан жарылатын болсақ, ашығын айтайық, бізде байы-
бына бармай оқитын, идеялар санасына тереңдеп енбейтін
қаншама оқушылар бар. Интеллектік дамуға ғана емес, сонымен
қатар адамгершілік дамуға да жаттап
алудың тигізетін зияны
орасан зор. Жаттап алу материалдың идеялық мазмұнын
бейтарап қалдырады. Қалай болса солай жаттап алудың қаупін
жою үшін нағыз тәрбиеші материалды алғашқы қабылдауының,
онымен алғашқы танысуының өзінде-ақ оқушының фактілердің,
құбылыстардың, көзқарастардың, тәуелділіктің идеялық мазмұ-
нына ойша тереңдеуіне ұмтылады. Мұғалім өз тәрбиеленушілері-
нің алдынан білім дүниесіне жеткізетін жол ашып, оның жеке
басына жанасқан, оның ойына, сезіміне, ар-намысына үңілген
сәттен бастап тәрбиешіге айналады.
Практикалық тәжірибеге сүйене отырып, мен адамгершілік-
тің қалыптасу үдерісінің мәнін негіздеп беруге ұмтылайын.
Меніңше, бұл мәнді айқындайтын аса маңызды тұжырым мына
ақиқат:
Достарыңызбен бөлісу: