Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет80/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

белсенді қызметке 
қайткенде көбірек құлшындыруға болады.


198 
Керек, болмайды, болады
– осы адамгершілік ақиқаттарды 
түсіну және олардан өмірде айнымау моральдық мәдениеттің 
жоғары екенін дәлелдейді. Бірақ адамгершілік дамудың бұл 
сатысына: сіздің өз шәкірттеріңізге салған бір тыйымыңызға 
белсенді қызметке ұмтылудың оны келуге тиіс деген сондай 
қарапайым, сондайлық данышпандық педагогикалық ақиқатты 
білетін және жүзеге асыратын адам ғана көтеріле алады. 
Адамның 
істеуге болмайды
дегеннің не екенін түсіну үшін ол 
керек, қажет
дегеннің не екеніне көз жеткізуге тиіс. Баланың 
айналадағы заттар мен жан иелері дүниесіне – кітапқа, дәптерге, 
гүлге, құсқа, итке көзқарасынан адамның мәдениеті басталады, 
адамға көзқарасы басталады. Кез келген ережені тәрбиеленушіге 
тыйым салу жойылып, адамға рух беретін, оның ізгілік майда-
нында нығаюына көмектесетін әрекетке шақыру пайда болатын 
жағымен бұрып жіберуге болады. Балаларды мектеп ауласында 
өсіп тұрған гүлді жұлмаңдар деген тәрізді тыйым салумен 
ауыздықтап ұстамау керек. Оларды мұндай ауыздықтардан 
босатып, толық еркіндік беріңіз, бірақ мектеп ауласында әрқай-
сыңның өзің мәпелеп өсірген гүлің өсіп тұратын болсын деп, 
еңбекпен жігерлеңіздер.
Тәрбиелеу өнерінің мәнісі мынада: біздің тәрбилейтін ада-
мымыз өзін қоршаған заттар әлеміне жан бітіріп қарайтын болсын, 
заттарға көзқарас арқылы адамдарға дұрыс, адамша қарауды үй-
ренетін болсын. Бала өзінің өмірінен орын алатын заттарға «жан 
бітіруге» тиіс, олардан адамға тән парасатты, даналықты, адамға 
деген махаббатты сезінуге тиіс. Егер бала мұны бастан кешірмесе, 
оған мінездің адамға тән нәзіктігі, қабылдау сезімталдығы жат 
болады, оның бойында моральдық қайырымсыздық, немқұрайды-
лық, салқынқандылық деуге болатын мінез орнығып алады, ал шын 
мәнінде адамгершілік жағынан тәрбиесіздік дегеннің өзі де осы. 
Мен тәрбиенің педагогикалық шеберліктің қалыптасуында 
өте маңызды рөл атқаратын тұжырымдарына, ережелеріне жақын 
келіп отырмын. Осы тұжырымдардың біреуі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет