Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


сабақтағы оқу – рухани өмірдің педагог пен оқушы-



Pdf көрінісі
бет79/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

сабақтағы оқу – рухани өмірдің педагог пен оқушы-
лар жанасатын бірден-бір саласы емес, бірақ аса маңызды 
саласы.
Мектеп тәрбиесіндегі қырсықтардың бірі педагогтың шама-
дан тыс көп бұйырып, әмір беретіндігі, талап ететіндігі болып 
табылады. Егер бала, әсіресе жасөспірім кезінде, тәрбиешіден тек 
қана бұйрықтар естісе, бұл оның рухани күштерін тежейді,
ал кішкентай адам өзін тежегенді, ой, қандай ұнатпайды де-
сеңізші! 
Өз шәкірттерінің досы болу – олармен бірге орманға бару
алау жанында отырып, отқа көмілген картоп жеу ғана емес. Бұл 


197 
– тәрбиешінің өз шәкірттерімен жанасуының мейлінше қара-
пайым нүктесі, ал егер педагог одан басқа ештеңе таба алмаса, өз 
бойынан басқа ештеңе аша алмаса, онда бір ғана картоп арқылы 
онша ұзаққа бара алмайсың: тәрбиеленушілер, әсіресе жасөс-
пірімдер сіздің өздеріне дос болуға талпынуыңыздың жасанды 
екенін тез сезінеді... Достықтың неғұрлым берік негізі болуға 
тиіс. Бұл арада ең алдымен идеялық, мүдделер байлығын айтып 
отырмын. Нағыз ұстаздың шәкірттеріне айтатын нәрсесі болады, 
онымен достасуды олар, міне, сондықтан да қымбат тұтады. 
Мен бір әдебиет оқытушысын білемін, ол жасына және 
денсаулық жағдайына байланысты өз шәкірттерімен бірге еш-
қайда – орманға да, егістікке де бара алмайды, туристік жорыққа 
да, балық аулауға да бармайды. Оның балалармен кездесетін жері 
– сынып, анда-санда мектеп бағы. Бірақ балалар осы кездесулерді 
қандай шыдамсыздықпен күтеді десеңізші! 
Мұғалім – олардың досы, өйткені ол балалардың алдынан 
таңғажайып сұлулық әлемін ашады, оларды ізгі шабытпен және 
ойлармен жігерлендіріп, рух береді. Олардың бірдеңе істегісі – 
оқығысы, дүниені танығысы, сұлулықты бастан кешіргісі келеді. 
Мұндай мұғалімнің кеңесі – жол нұсқайтын шырақ. 
Білуге құштар жас ақыл-ой мен жалынды жүректің алдында 
күн сайын қайсыбір жаңа қырымен жарқ етіп ашылып отыратын 
адам жеткіншектің, жасөспірімнің, қыздардың сүйікті мұғаліміне 
айналады. Егер сіз сүйікті мұғалім болғыңыз келсе, өз шәкір-
тіңіздің сіздің бойыңыздан ашатын жаңалығы болуын ойлас-
тырыңыз. Ал егер сіз бірнеше жыл бойы бәз-баяғы қалпыңыздан 
айнымайтын болсаңыз, егер өткен күн сіздің байлығыңызға 
ештеңе де қоспаса, біздің жексұрын, тіпті жиіркенішті болуыңыз 
мүмкін. Интеллектілік жағынан қатып-семуден өрттен бетер 
қорқыңыз. Қазіргі кезде жасөспірімдердің ақыл-ойын адамгерші-
лік жағынан сұлулық пен интеллектілік байлықтың жасөспірім-
дердің алдынан адамның барған сайын жаңа қасиеттерін ашатын 
құрыш қоспасы арқылы баурап алуға болады.
Педагогтың рухани жағынан жұтаңдығы оның адамгершілік 
тәрбиенің және педагог тәрбиеленуші арасындағы қатынастардың 
өте маңызды қағидаларының бірін жүзеге асыруға қабілетсіз бо-
лып шығуына алып келеді, ол қағида мынадай: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет