252
практикалық жұмыс, эксперимент жүргізу барысында алынып,
нақтыланды.
Дидактикалық зерттеулерде ұсынылатын ұстанымдар негі-
зінен тәжірибесі мол прогрессивтік педагогикадан әкелінген
және олар кеңес мектебінің мақсат-міндеттеріне сай толықты-
рылып, сыни сұрыптаудан өткен. Біздің ұсынатын ұстанымдары-
мыз басты жетекші идеяға бағынады. Ол –
оқушының жалпы
дамуы үшін оқытудың тиімділігін барынша арттыруға қол
жеткізу. Осы тұрғыдан алғанда, бұл ұстанымдар білімнің жоғары
нәтижесіне әсер ететін дәстүрлі дидактикалық ұстанымдардан
ерекшеленеді. Бұл біз ұсынатын ұстанымдардың оқушыға білім
мен іскерлік дарытудағы сапасын төмендетпейді. Экспери-
менталдық зерттеулер барысында жинақталған мол материал-
дарға сүйенетін болсақ, оқушылардың жалпы дамуындағы
жетістіктер олардың білімдерін
саналы меңгертіп қана қоймай,
оның беріктігін де қамтамасыз етеді.
Эксперименталды оқыту жүйесінің ұстанымдары зерттеудің
алғашқы сатысында белгіленіп алынды. Алайда ол кезде бұл
ұстанымдар әлі толық анықталмаған болатын. Осылайша,
жоғары қиындық деңгейінде оқыту және материалды жоғары
қарқында оқыту ұстанымдары бастапқы кезде бір ұстаным
ретінде қарастырылды. Бұл
екі ұстанымның талаптарының
ортақтығы ескерілгенмен, олардың әрқайсысының ерекшеліктері
нақтыланбаған еді.
Теориялық білімдердің маңыздылығына да мұндай айрықша
орын берілмеді. Бастапқыда оның мағынасы мен мәні толық
ашылмады, сол себепті ол негізінен материалды терең меңгерту
мәселесімен байланысты қарастырылды. «Теориялық білімдер-
дің салмағын арттыру және материалды терең меңгерту» деген
сияқты пайымдаулар осындай ойдан туған (Развитие учащихся в
үдерісе обучения (І-ІІ классы) / Под. ред. Л.В. Занкова. – М., 1963.
– С. 50). Тәжірибе барысында эксперимент сыныптарының
бақылау сыныптарымен салыстырғандағы айтарлықтай жоғары
жетістікке жетуі эксперименталдық оқыту жүйесінің
мәнін
арттырып, бастауыш сыныптардағы теориялық білімнің маңы-
зын көрсетті. Тек осыдан кейін ғана теориялық білімдерге
жетекші рөл беру туралы ұстаным бөлек қарастырылып, оның
мағынасы нақтыланды.
253
Сол сияқты оқушының оқу үдерісін саналы түсінуі және
әлсіз оқушылармен бірге барлық оқушылардың дамуын қам-
тамасыз ету ұстанымдары да бастапқы кезде болмады. Білімдер
мен іскерліктерді меңгеру үдерісін және бастауыш сынып
оқушыларының дамуындағы ерекшеліктерді
терең зерттеу
барысында аталған екі ұстанымның қажеттілігі дәлелденіп,
эксперименталды оқыту жүйесінің дидактикалық ұстанымда-
рының құрамына енгізілді.
Бұл ұстанымдардың теориялық мағынасы әлі толық нақты-
ланбаса да және анықталмаса да эксперименталдық оқыту
әдістемесінде қолданылғандықтан дидактикалық ұстанымдар
жүйесіне енгізілді. Бұл жағдай ұсынған ұстанымдарымыздың
эксперименталдық зерттеу барысында қалыптасқандығын, оның
оқу-тәрбие ісінің
практикалық қажеттіліктерінен, әдістемеден
туындағанын тағы бір дәлелдейді.
Дидактикалық ұстанымдарды терең зерттеу, нақтылау,
ерекшеліктерін даралау, жаңа қырларын айқындаумен қатар,
олардың байланысы да тұтастықта қарастырылды. Осылайша,
зертхана эксперимент жұмысының үшінші
кезеңіне жеткен
кезде, бұл дидактикалық ұстанымдар әрі бір-біріне ұқсамайтын
ерекшелікке, әрі іштей тұтастыққа ие пішін алып, кейінгі кезеңде
ол осы қалыпта қолданылды.
Эксперименталдық оқыту жүйесіндегі дидактикалық ұста-
нымдардың ішінде
Достарыңызбен бөлісу: