254
белгілі деректерден топтастыру жасау, қарапайым топтастыру-
дан кейін одан да күрделірек топтастыруларға бірден-бір көшіп
отыру талап етіледі. «Қарапайымнан күрделіге» тәртібі былайша
түсіндіріледі: қарапайым дегеніміз түсінуге қиындық туғызбай-
тын нәрсе (Данилов М.А., Есипов Б.П. Дидактика; Основы
дидактики / под. ред. Б.П. Есипова). Көріп отырғанымыздай, бұл
жерде қиындық дегеніміз оқу материалының күрделілігін, соны-
мен қатар оқушыларға «күш түсіру» деген мағынаны білдіреді.
Жоғары қиындық деңгейінде оқыту ұстанымы абстрактілі
«орташа қиындық нормасын»
арттыруымен сипатталмайды, ең
алдымен, ол баланың рухани күш-қуатын ашудың көзі болады,
оның пайда болуына еркіндік береді, бағыт береді. Егер оқу
материалы және оны оқып-білу әдістері оқушыларға ешқандай
кедергі туғызбайтын және оқушылар ол кедергілерден өтпейтін
болса, даму баяу және әлсіз жүреді.
Демек, бұл жерде оқушылардың тек ақыл-ойына күш түсіру
ғана талап етілмейді. Ол әдетте дидактикада қиындықты біртін-
деп қалыптастыруға қатысты сөз болады. Мәселе басқада.
Жоғары қиындық деңгейде оқыту ұстанымы оқушының оқу
материалын меңгеруде өзіндік психикалық әрекеттерді жүзеге
асыруына ықпал етеді. Бұл жағдайда
оқушылардың бұрынғы
білімдері толысып қана қоймайды, олардың бірігуі жүзеге асады.
Ең бастысы, қандай да бір ақпарат оқушы үшін тек білім болып
қана қалмайды, ол одан кейінгі танымдық әрекеттерде терең
түсініліп, қолданылады. Осылайша, күрделі құрылымды білім-
дердің жүйесі жасалады.
Қиындық деңгейі қиындық мөлшерін сақтаумен реттеліп
отырады. Алғашқыда қиындық
мөлшері бұл ұстанымның өзін
жоққа шығаратындай көрінеді (осыған байланысты кейде сыни
пікірлер де шығып жатыр). Алайда бұл қате пікір болады, себебі
қиындық мөлшері абсолютті емес, ол да шартты сипатқа ие. Ол
жоғары қиындық деңгейіндегі оқытуда да, төмен деңгейіндегі
оқытуда да бар. Бірақ екі жағдайдағы қиындық мөлшері әр түрлі,
себебі ол қиындық деңгейімен анықталады.
Біздің пайымдауымызда, қиындық мөлшері қиындықты
төмендету мақсатын көздемейді,
бірақ ұстанымды мақсатты
түрде қолдануда міндетті компонент болып табылады. Себебі бұл
ұстанымды жүзеге асыруда оқушыға меңгеруге белгілі бір оқу
255
материалы ұсынылады. Егер қиындық мөлшерін сақтамайтын
болсақ, ұсынылған материал түсінуге тым ауыр болғандықтан,
оқушы оны еріксіз автоматты түрде жаттауға көшеді. Бұл
жағдайда жоғары қиындық деңгейі өзінің тиімділігін жоғалтып,
балаға кері әсер етеді.
Қиындық мөлшері бағдарламаларда, оқулықтарда, әдістеме-
лік нұсқаулықтарда және оқыту тәсілдерінде нақтыланып
көрсетіледі. Мұғалім балалардың білімдер мен іскерліктерді
қалай меңгергенін, оның нәтижесі мен барысын үнемі бақылауда
ұстап отырады. Оны күнделікті оқу ісінде қолдану қажеттілігінің
бір сыры осында жатыр. Нәтижені
бақылауда ең бастысы оқу-
шылардың меңгерген білімдері мен іскерліктерінің баға түріндегі
сандық көрсеткіші емес, одан да нақты білім сапасы, оның, яки
ол сапаның әр оқушыдағы көрінісі болмақ.
Оқушылардың білім, іскерліктерді меңгеруі барысындағы
алынатын мәліметтер сыныпқа, сондай-ақ жекелеген оқушылар
үшін әр оқушыға сәйкес оқу материалын даралауда қажетті
қиындық мөлшерін нақтылауда сүйенетін қосымша материал
болып табылады.
Жоғары қиындық деңгейінде оқыту ұстанымы білім беру
құрылымына да әсер ететіндіктен,
оқу материалы айрықша
маңызды әрі күрделі болып қана қоймай, сапалық ерекше-
ліктерге де ие болып келеді. Аталмыш ұстанымды теориялық
білімді басшылыққа алу ұстанымымен тікелей байланыста
қарастырсақ, қиындық деңгейі нақтылана түседі. Демек, қиын-
дықтың кез келген түрі емес, құбылыстарды және олардың ара-
сындағы ішкі маңызды байланыстарды тануға бағытталған қиын-
дықтарды туғызу маңызды болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: