Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет154/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

ғылыми дүниетанымды қалыптасты-
рудың
негізгі тәсілі, ол адамның танымдық және практикалық 
қызметін реттеп отыратын белгілі бір жеке бастық субъективтік 
тұрғы ретінде ұғынылады. Дүниетаным білімдердің, практика-
лық тәжірибенің және идеялық-эмоциялық бағалардың жоғары 
синтезі ретінде де анықталады. 
Судыратып жаттап алған білімдер мектеп оқушысының 
дүниетанымын қалыптастыруға әсер ете ме? Сөз жоқ, әсер етеді. 
Оқушы білімдердің, ұғымдардың мазмұнына сенеді, ол мұғалім-
нің сөзіне, кітаптың авторына сенеді. Бірақ пікір таласы туған 
жағдайда бұл сенімдердің тасталқаны шығуы мүмкін, өйткені 
оқушы олардың, ақиқаттығын дәлелдей алмайды. Оны дәлел-
деуге үйретпеген.
Терең, орнықты білім – меңгерген білімдерді теориялық, 
дүниетанымдық жоспарда қорыту негізінде ғана қалыптасуы 
мүмкін. 
Түсіндірме-иллюстрациялық оқыту көптеген ұғымдарды са-
налы меңгеруді қамтамасыз етеді, әдетте, оларды механикалық 
жаттап алуды азайтып, сенімдерді қалыптастырудың маңызды құ-
ралына айналады. Алайда проблемалық оқытуға қарағанда оның 
мынадай кемшілігі бар: оқушылар мұғалімнен ғылымның даяр 
қорытындылары мен дәлелдеудің даяр тәсілдерін алады, ұғымдар-
дың
 қалыптасу үдерісінің
өзі ашылусыз, меңгерілусіз қалады. 
Дүниетанымды калыптастыру – ең алдымен интеллектуал-
ды-белсенді жеке басты қалыптастыру.
Проблемаларды өздігінен шешу жөніндегі кызметті іске асы-
ра отырып, оқушылар ұғымдардың қалыптасу үдерісін меңгере- 
ді, оқып үйренетін ұғымның мәнін ашатын интеллектуалдық 


397 
әрекеттің тәсілін меңгереді. Олар ұғымның ақиқаттығын дәлел-
деуді жүзеге асырады, ал бұл белсенді ойлау қызметімен байла-
нысты. 
Демек, ғылыми дүниетанымды тиімді қалыптастырудың 
бірінші аса маңызды шарты – оқушының
 ұғымдар жүйелерін мең-
геру
жөніндегі белсенді интеллектуалдық ойлау қызметі.
...дүниетанымның мазмұны – ұғымдар мен түсініктердің жай 
ғана жиынтығы емес, 
сенімдер жүйесі.
Сенімдер тек қана білімдер 
емес, сонымен бірге сезімдер, эмоциялар да болып табылады, 
дәлірек айтқанда, ол білімдер мен шындық болмыстың талассыз 
бейнесі ретіндегі білімдерге деген ерекше қарым-қатынастың 
бірлігі. Сенімдердің эмоциялық жағы оларды терең сезінумен 
байланысты. 
Сенімдер жүйелері ретінде дүниетанымды қалыптасты- 
ру оқу-тәрбие үдерісінде интеллектуалдық, эмоциялық-еріктік
және пәрменді-практикалық факторлардың бірлігінсіз мүмкін 
емес. 
Демек, ғылыми дүниетанымды тиімді қалыптастырудың аса 
маңызды екінші шарты – адамның сезімдері мен эмоцияларына 
ықпал жасау, оның білімдерін сенімге айналдыру. 
Проблемалық оқытудың кез келген жағдайда бірдей тиімді 
болуы мүмкін емес. Практика проблемалық оқыту үдерісінің 
жаңа білімдерді меңгеру немесе бұрынғы білімдерді жаңа 
ситуацияда қолдану кезінде оқушылардың интеллектуалдық 
қиындықтарының да, сондай-ақ олардың танымдық белсенділігі 
мен дербестігінің де әр түрлі дәрежесін тудыратынын көрсетеді. 
Шығармашылық түрлеріне сәйкес проблемалық оқытудың да үш 
түрін бөліп керсетуге болады: 
Бірінші түрі
– т е о р и я л ы қ ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ –
бұл теориялық зерттеу, яғни оқушының өзі үшін жаңа ережені, 
заңды, теореманы және т.б. іздестіруі әрі ашуы. Проблемалық 
оқытудың бұл түрінің негізінде теориялық оқу проблемаларын 
қою және шешу жатыр. 
Екінші түрі – 
т ә ж і р и б е л і к ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ –
бұл практикалық шешімді іздестіру, яғни белгілі білімді жаңа 
ситуацияға қолдану тәсілін іздестіру, конструкциялау, өнерта-
быс. Проблемалық окытудың бұл түрінің негізінде практикалық 
оқу проблемаларын қою мен шешу жатыр. 


398 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет