Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет156/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Проблемалық ситуация жасау 
Оқу үдерісінің негізгі кезеңдері: бұрын меңгерілген мате-
риалды қайталау, жаңа материалды қабылдау мен меңгеру және 
оны жаттығулар орындау жолымен бекіту – дидактикаға бұрын-
нан мәлім. Алайда оқушының осы кезеңдердің әрқайсысындағы 
жұмыс әдістері әр түрлі болуы және әр түрлі нәтижелерге жет-
кізуі мүмкін. 
Проблемалық оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшелігі неде? 
Проблемалық ситуацияның оқудың
 бірінші 
және
 екінші
кезеңде- 


401 
рінің негізгі элементіне – оқушылардың ойлау қызметін күшей-
тудің басты құралына айналуында. 
Оқытуда проблемалық ситуация қалай көрінеді? Ол өзінен-
өзі пайда бола ма немесе мұғалім тарапынан жасала ма? Бұл 
секілді сұрақтар проблемалық оқытуды ұйымдастыру техноло-
гиясының өзіне қатысты және оларға дұрыс жауап берудің зор 
маңызы бар. 
Проблемалық ситуациялардың пайда болу
шарттары және олардың типтері 
Проблемалық оқыту жөніндегі әдебиетте: проблемалық 
ситуациялардың «пайда болуы» және «жасауы» деген екі ұғым 
кездеседі. Олардың қайсысы шындықты дұрысырақ білдіреді? 
Бұл жерде бір мәнді жауап қайтаруға болмайды. Біріншіден, 
оқушы үшін проблемалық ситуация әрқашан пайда болып 
отырады, мұғалім үшін проблемалық оқу ситуациялар деген жоқ, 
тек қана педагогикалық (методикалық) қиындықтар болуы 
мүмкін. Екіншіден, проблемалық ситуация оқу немесе практика-
лық ситуациядан, оқу пәнінің логикасынан немесе оқу үдерісінің 
логикасынан туады. Оқу пәнінің логикасы бойынша олар, әдетте, 
мұғалімнің тілегіне байланыссыз, яғни
объективті түрде
пайда 
болады. Сондай-ақ мұғалім мен оқушылар қимылының дидак-
тика ережелерімен белгіленген дәйектілігіне байланысты оқу 
үдерісінің логикасы бойынша да пайда болуы мүмкін. Әдетте, 
мұндай ситуациялар – мұғалімнің проблемалы болып шыққан 
сұрақтар немесе міндеттер қоюының салдары. Бұл жағдайда 
мұғалім ол құбылыстың психологиялық мәнісін тіпті аңғармауы 
да мүмкін. Сұрақтар мен міндеттер мүлде басқа мақсатпен 
қойылса да, проблемалық ситуация тудыруы мүмкін. Оның пайда 
болуы мұғалімнің мақсатты әрекеттеріне байланысты емес, бұл – 
оқу үдерісінің әбден табиғи әрі заңды құбылысы. Бұл секілді 
ситуациялар, күмән жоқ, оқушылардың ойлау әрекетін күшей-
теді (активтендіреді), бірақ бұл активтендіру жүйелі емес, кез-
дейсоқ активтендіру, ол оқу үдерісінде әрқашан болып отырған. 
Ал проблемалық ситуациялар тұрақты пайда болып отыру үшін 
қалай істеу керек? Егер мұғалім проблемалық оқытуды ұйымдас-
тыру ережелерін білсе, ол проблемалық ситуацияларды
әдейі
жасауы мүмкін. 


402 
Мұғалімнің өзінің тілегінен тыс (объективті түрде) пайда 
болған проблемалық ситуацияларды және ол әдейі жасаған 
ситуацияларды мақсатты түрде пайдалану жүйе түрінде көрінеді, 
оны шеберлікпен қолдану проблемалық оқытудың негізгі ерек-
шелігі де және оның дәстүрлік оқытудан айырмашылығы да 
болып табылады. 
А.М. Матюшкин проблемалық ситуациялар жасаудың алты 
ережесін проблемалық ситуация арқылы меңгеру үдерісін басқа-
рудың төрт ережесін, проблемалық ситуациялардың дәйектілігін 
анықтайтын бес ережені тұжырымдады. Алайда проблемалық 
оқытудың бұл ережелері белгілі бір жағдайларда ғана проблема-
лық оқыту үдерісін ұйымдастыру жөнінде мұғалімге берілген 
дидактикалық ұсыныстар қызметін атқаруы мүмкін. 
Проблемалық ситуациялар жасаудың дидактикалық және 
әдістемелік жағынан дәлелденген тәсілдері мұғалімге олардың 
пайда болуының жалпы заңдылықтары белгілі болған жағдайда 
ғана табылуы мүмкін. Проблемалық оқыту жөніндегі әдебиетте 
бұл заңдылықтарды 
проблемалық ситуациялар типтері
түрінде 
тұжырымдауға талаптанушылық ұшырасады. 
Зерттеулер көрсеткендей, проблемалық ситуациялардың 
педагогикалық практика үшін неғұрлым тән, барлық пәндер үшін 
ортақ типтерін ажыратуға болады. 
Бірінші типті
неғұрлым жалпы және көп тараған тип деп 
санаған жөн: проблемалық ситуация оқушылар қойылған міндет-
ті шешудің тәсілін білмеген, проблемалық сұраққа жауап, оқу 
немесе өмірлік ситуациядағы жаңа фактіге түсінік бере алмаған 
жағдайда, яғни оқушылар бұрынғы білімдерінің жаңа фактіні 
түсіндіруге жеткіліксіздігін сезген жағдайда пайда болады. 
Екінші тип
проблемалық ситуациялар оқушылар бұрын 
меңгерген білімдерін жаңа практикалық жағдайларда пайдалану 
қажеттілігіне тап болған кезде пайда болады. Әдетте, мұғалімдер 
бұл жағдайларды оқушылар өздерінің білімдерін практикада қол-
дана алуы үшін ғана емес, сонымен қатар олардың жеткіліксіздік 
фактісіне тап болуы үшін де ұйымдастырады. Оқушылардың бұл 
фактіні сезінуі танымдық ынта тудырып, жаңа білімдер іздеуге 
түрткі болады. 
Үшінші тип
– міндетті шешудің теориялық тұрғыдан мүмкін 
болатын жолы мен таңдап алған тәсілдің практикада жүзеге ас- 


403 
пайтындығы арасында қайшылық болғанда проблемалық ситуа-
ция оңай пайда болады. 
Төртінші тип – проблемалық ситуация оқу тапсырмасын 
орындаудың практикалық жақтан қол жеткен нәтижесі мен 
оқушыларды оны теориялық негіздеуге керекті білімдердің жоқ-
тығы арасында қайшылық болған кезде пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет