Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


Проблемалық ситуация жасау тәсілдері



Pdf көрінісі
бет157/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

Проблемалық ситуация жасау тәсілдері 
Озат тәжірибелерді қорыту негізінде проблемалық ситуация-
лар жасаудың бірнеше негізгі тәсілдерін көрсетуге болады. Бұл 
тәсілдерді мұғалім өзінің проблемалық ситуациялардың әр түрлі 
типтерінің пайда болу шарттары жөніндегі біліміне сүйеніп 
таңдап алады. Проблемалық сұрақ, тапсырма, проблемалық мін-
дет қою, тәжірибе жасап көрсету, сөз бен көрнекілікті ұштасты-
рып қолдану сияқты дидактикалық әдістер белгілі бір тәсілді 
жүзеге асырудың формасы болып табылады.
Бірінші тәсіл – оқушылардың құбылыстарды, фактілерді
олардың арасындағы сыртқы сәйкессіздіктерді теориялық тұрғы-
дан түсіндіруге ынталандыру. Бұл олардың ізденіс әрекетін туды-
рады да, жаңа білімдерді белсенді меңгеруге алып келеді.
Екінші тәсіл
– оқушылар мектепте, үйде немесе өндірісте 
практикалық тапсырмаларды орындаған кезде табиғатқа бақылау 
жасау барысында және т.б. пайда болған оқу және өмірлік ситуа-
цияларды пайдалану.
Проблемалық ситуациялар бұл жағдайда оқушылар өздері-
нің алдына қойылған практикалық мақсатқа өздіктерінен жету- 
ге талап еткенде пайда болады. Әдетте оқушылар ситуация- 
ны талдаудың қорытындысында проблеманы өздері тұжырым- 
дайды. 
Үшінші тәсіл – 
құбылысты түсіндіруге немесе оны практика-
да қолдану жолдарын іздестіруге арналған проблемалық оқу 
тапсырмаларын қою. Оған оқушылардың оқу-тәжірибе учаске-
сіндегі, шеберханадағы, лаборатория немесе оқу кабинетіндегі, 
сондай-ақ гуманитарлық пәндер сабақтарындағы кез келген 
зерттеу жұмысы мысал бола алады. 
Төртінші тәсіл
– оқушыларды шындық болмыс фактілері мен 
құбылыстары жөніндегі әдеттегі түсініктер мен ғылыми ұғымдар 
арасындағы қайшылықты ашатын талдауға ынталандыру. 


404 
Бесінші тәсіл – 
болжаулар (гипотеза) ұсыну, қорытынды-
ларды тұжырымдау және оларды тәжірибе арқылы тексеру.
 
Алтыншы тәсіл –
оқушыларды фактілерді, құбылыстарды, 
ережелерді, амалдарды салыстыруға, салғастыруға және қарама-
қарсы қоюға талпындыру, соның нәтижесінде проблемалық 
ситуация пайда болады.
 
Жетінші тәсіл
– оқушыларды жаңа фактілерді алдын ала 
жалпылауға талпындыру. Оқушылар өздері үшін жаңа мате-
риалды құрайтын кейбір фактілерді, құбылыстарды қарастырып, 
оларды белгілісімен салыстыруға және өздіктерінен жалпылауға 
тапсырма алады. Бұл жағдайда, әдетте, проблемалық ситуация 
пайда болады, өйткені салыстыру жаңа фактілердін, айрықша 
қасиеттерін, олардың түсініксіз белгілерін ашады. 
Сегізінші тәсіл
– оқушыларды бейне бір түсіндіріп болмай-
тын сипаттағы және ғылым тарихында ғылыми проблема қоюға 
алып келген фактілермен таныстыру. Әдетте бұл фактілер мен 
құбылыстар оқушыларда қалыптасқан түсініктер мен ұғымдарға 
қайшы келетін сияқты болады, мұның өзі олардың бұрынғы 
білімдерінің толық еместігімен, жеткіліксіздігімен түсіндіріледі 
(Ақпарат көзі: Махмутов М. Мектепте проблемалық оқытуды 
ұйымдастыру. – Алматы: Мектеп, 1981).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет