Сабақтың тақырыбы: Мен болашақта қандай жұмыс істеймін? Қос сөз 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтінге ат қойыңыз



Дата05.04.2020
өлшемі25,44 Kb.
#61604
түріСабақ
Байланысты:
10 нед. Қазақ тілі. 07.04.20
Акашева Мөлдір-Топтық жұмыстың түрлері., Smart fest 2022 ережесі
07.04.2020 жыл

Сабақтың тақырыбы: Мен болашақта қандай жұмыс істеймін? Қос сөз

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтінге ат қойыңыз.

Әлия компьютерді өте жақсы көреді. Кішкентай кезінен компьютер сатып алуды армандайтын. Компьютер клубына барып, компьютерде әртүрлі ойындарды ойнауды үйренді. Кейіннен мектепке барып, компьютерді басқа мақсатпен қолдануды үйреніпті. Ол интернеттен ақпарат іздеп, баяндама жазатын немесе ағылшын тіліндегі мәтіндерді аударып, аудармасын компьютерге басатын.

Былтыр Әлия мектепті бітіріп, институтқа түсті. Ол болашақта ақпараттық технологиялар саласының маманы болмақшы. Ата-анасы сыйлыққа компьютер әперді. Әлия қуанғаны соншалық – қолма-қол компьютерді қосып, интернетпен байланыс жасай бастады. Бір кезде жазған хаттарына жауап алатын болды.

Енді Әлия компьютерден басқа байланыс жасай алмайды, өйткені ол дос-құрбыларымен кездеспейді, қонаққа бармайды, қонақ шақырмайды, ешкімге телефон соқпайды, біреу телефон соқса, қысқа жауап береді де, қайта компьютерге жүгіреді. Қазір де, міне, компьютердің алдында ешкімді естімей отыр.

Бұған Әлияның ата-анасы қатты алаңдайды. Әлияның бұл кәсібінен шошиын деді.



2-тапсырма. Пікіріңізді білдіріңіз, жауабын жазбаша жазыңыз

  1. Сіздің ойыңызша, жоғарыдағы әңгіме кейіпкері Әлия өзінің бұл әрекетінен зиян шеге ме? Өз ойыңызды білдіріңіз.

  2. Сіз Әлияның ата-анасына қалай көмектесер едіңіз ?

  3. Әлия орнында сіздің бауырыңыз болса, не істер едіңіз?

3-тапсырма. Кестені дәптерге сызып, жазыңыз

Қосарлану жолымен жасалған қос сөздер

Түбір сөздер

Қос сөздер

Қыз-девушка, келіншек- молодая женщина

Қыз-келіншек (молодые женщины)

Әке –отец, шеше - мать

Әке-шеше (родители)

Жеміс –плод, жидек-ягоды

Жеміс-жидек (фрукты)

Қос сөздердің жазылуы (Правописание парных слов)

Қос сөздердің барлық түрі де дефис (-) арқылы жазылады: дүркін-дүркін, үлкен-кіші, үлкенді-кішілі, аяқ-табақ, қып-қызыл, қолма-қол және т.б.



4-тапсырма. Мәтінде кездесетін қос сөздерді теріп жазыңыз

Үй тапсырмасы: Мен болашақта қандай жұмыс істеймін? тақырыбында шығарма жазыңыз

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет