102
2. Сабақ мақсатын проблемалық тапсырма беру түрінде
хабарлау.
3. Сабақ мақсатын арнайы стендіде «Бүгінгі сабақта» немесе
технологиялық картада көрсету.
4.
«Ассоциативті қатар»
Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады.
Оқушыларға бір бетке тақтада жазылған сөзден пайда болған
пікірлерін жазуды ұсынады. Бұдан соң мұғалім парақтарды жиып
алып, оқушылармен бірге жазған ойларын қорытындылайды.
Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-
құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың
қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі).
Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана
емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа
тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.
5.
«Сурет сал»
Мұғалім тақырыпты атайды. Фишкалардың (қызыл, сары,
көк жасыл, қара, ақ) көмегімен оқушыларды әртүрлі төрт топқа
бөледі. Әр топқа 7 минутта аталған тақырыпқа сай бірлесе отырып
сурет салу ұсынылады.
Жұмысқа берілген қысқа уақыт шағын топтарды тез және
үйлесімді жұмыс жүргізіп, кенеттен пайда болған ойларын
суретке түсіруге жұмылдырады.
Шағын топтардың салған суреттері бойынша ортада жалпы
пікір алысады, оларды түсіндіреді. Топтық талқылаудың негізгі
сөздерін мұғалім тақтаға жазады. Бұл сөздер келешекте жаңа
сабақ мазмұнының жоспарын жасауда пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: