Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған


Қазіргі сабақ құрылымына қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет36/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

17. Қазіргі сабақ құрылымына қойылатын талаптар
Дәрістің мақсаты: 
студенттерге бастауыш мектептегі қазіргі 
сабақ құрылымына қойылатын талаптарды меңгерту. Тәжірибелік 
жолмен сабақ жоспарларын жасай отырып, сабақ кезеңдерін 
талдау, үйрену. Кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру.
Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер
Жоспары: 
1.Сабақ кезеңдерінің мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
3.Оқушының субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі. 4.Жаңа 
сабақты оқып – білу кезеңі. 5.Жаңа білімді және іс – әрекет 
амалдарын алғашқы тексеру кезеңі. 6.Жаңа білімді және іс – 
әрекет амалдарын бекіту кезеңі. 7. Жаңа білімді және іс – әрекет 
амалдарын қорытындылау, жүйелеу кезеңі. 8. Бақылау және 
өзін-өзі бақылау кезеңі. 9. Түзету кезеңі , 10.Үй тапсырмасы 
жайында мәлімет беру кезеңі. 11. Сабақты қорытындылау кезеңі. 
12.Рефлексия кезеңі.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Білімділік міндеттері:
1. Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды
қамтамасыз ету.
2. Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау.


100
Сабақ кезеңінің мазмұны:
1. Сәлемдесу.
Барлық оқу жұмысының барысындағы психологиялық 
ахуал мұғалімнің алғашқы сөзіне байланысты. Сыныпқа кірген 
мұғалімге оқушылардың қалай қарайтынына көңіл аудардыңыз 
ба, көздерінен не байқалады? Оқушылар алдымен мұғалімнің 
нені және қалай айтатынын күтеді. «Қайырлы күн, достар! Мен 
сіздерді көргеніме өте қуаныштымын және сіздермен бірге жұмыс 
жүргізгім келеді! Жақсы көңіл-күй тілеймін» – күлімдеген 
ұстаздың аузынан шыққан бұл сөздер баланың сабаққа деген 
жақсы көзқарасын тудырады.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың көңілін аударуды ұйымдастыру.
4. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет