Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған


Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекетінің мынадай



Pdf көрінісі
бет32/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

 
Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекетінің мынадай 
кезеңдері айқындалады:

оқушының оқуға қызығушылығын ояту;
- оқушының білім, білік, тәжірибесін айқындау;
- жаңа тақырыпты меңгеруін ұйымдастыру;
- өткенді пысықтау;
- оқытудың нәтижелілігін айқындау.
Әр кезеңде мұғалім мен оқушының өз міндеттері бар, 
бірақ екеуінің де мақсаты ортақ.
Білім, білік, дағдыны меңгерудегі мұғалім мен оқушының 
бірлескен әрекеттерінің негізгі кезеңдерін сызба түрінде 
төмендегідей көрсетсе болады:
Қабылдау (тапсырма, мәселе қою, өзектілігі, ынталандыру) 
– түсіну(ұғыну логикалық, сезінушілік) – меңгеру (білім, білік, 
дағды) – бекіту (қайталау, есте сақтау) – ұғыну (теориялық, 
тәжірибелік, сөз арқылы) –қорыту (дәлелдер, теориялық 
ұғымдар, тәжірибелік әрекеттер, шығармашылық әрекеттер) – 
диагностикалау.
Оқыту үрдісі қызығушылық оятудан басталуы керек. Осы 
кезеңде балалардың айналадағы заттар, құбылыстар туралы 
түсініктері, ұғымдары қалыптаса бастайды.
Мұғалім оқушыға сұрақ қою, әңгімелесу арқылы өтілетін 
тақырып бойынша бала не білетінін, осы білімді іске қаншалықты 
іске асыратындығын анықтайды. Мұғалім сабаққа дайындалу 
барысында мынадай мақсаттарды көздейді:
- баланың қазіргі білімі жаңа білімді қабылдауға қаншалықты 
жеткілікті екенін анықтау;
- материал, жаттығулар ұсыну;
- жаңа тақырыпқа қызығушылығын тудыру үшін балалардың 
сезімін ояту.
Жаңа тақырыпты айқындағаннан-ақ білімді қабылдау үрдісі 
басталады. Бұл кезеңде мұғалімнің оқушы алдындағы борышы– 
осы жаңа білімнің алдағы өміріне қажеттілігіне көзін жеткізу.
Жаңа тақырыпты түсіну
– ол қабылдаудан дерексіз 
ойлауға, теориялық білімді меңгеруге жол ашады. Оқушы 
көп нәрсені түсінбей есте сақтауы да мүмкін, бірақ бұл жол 
дамуға жеткізбейді. Жалпы айтқанда, түсіну үрдісі белгілі бір 


94
әрекеттердің орындалуын қажет етеді: сараптау, жалпының 
ішінде маңыздыны табу, салыстыру, дерексіздендіру, жақсы 
түсінсе, білім, білік-дағдыға айналып, жақсы меңгеріледі.
Меңгеру нәтижесі – заттардың, құбылыстардың, үрдістердің 
мән-мағынасы туралы оқушылардың түсінігі қалыптасуы.
Осы меңгерілген ұғымдар, түсініктер бекіту кезеңінде өтіл-
ген материалды тәжірибеде қолдану барысында жетіледі. Мұғалім 
бұл кезеңде үнемі қайталаудың маңызын есте сақтағаны дұрыс.
Қорыту кезеңінің мақсаты
– білім, білік, дағдыны жалпы 
бір жүйеге келтіру.
Оқыту үрдісінің соңғы кезеңі – оның нәтижелілігін анықтау. 
Диагностикалау – балалардың білім, білік, дағдыны қаншалықты 
меңгергенін көрсетеді, оқытудың сапасын, кемшіліктерді 
анықтауға көмектеседі.
Оқу үрдісі нәтижелі болуы үшін мектепке келген 6-7 
жасар баланың мектеп өміріне бейімделуіне аса назар аудару 
керек. Балалардың 52-60%-ы 2-3 айдан кейін-ақ ұжымға 
үйреніп, сыныптастарымен достасып, тез араласып кетеді. Бұл 
оқушылар білімге құмарлық, ынта, белсенділік, жауапкершілік 
байқатады. Баланың 30%-ның оқушылық өмірге бейімделуі көпке 
созылады. Олар көпке дейін мұғалім талабын ескермей, оқу 
әрекетінен гөрі ойынды жақсы көріп, сыныптастарымен ортақ 
тіл табыспай жатады. Ал қалған 10-15%-ы оқуды қабылдағысы 
келмей, сыныптастарынан алшақтап жүреді. Осының барлығын 
мұғалім бақылап, әрқайсысының тілін тауып, оларды әрқашан 
мақтап, достастыруға ұмтылуы керек.
Бастауыш мектеп жасындағы баланы оқуға қызықтыру 
мәселелері әрқашанда өзекті. Осы жерде қолданылатын әдіс-
тәсілдер туралы мәселе де туындайды. Оқыту әдістерінің қызметіне 
оқытушылық, оқуға қызығушылық тудыру, дамытушылық, 
тәрбиелік, ұйымдастырушылық қызметтері жатады. Өйткені, 
әдістер тек оқыту құралы емес, олар арқылы қызығушылық 
тудыру, тәрбиелеу, бүкіл оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға 
болады. Оқыту мақсатына жету жолдары өте көп, оның тиімдісін 
табу мұғалім шеберлігіне байланысты. Әдістерді таңдай білу 
үшін, олардың жіктелуіне қысқаша тоқталайық.
1.Білім алу көзіне қарай:
Білім көзіне тәжірибе, көрнекілік, сөз, кітап, бейне 
материалдары жатады. Осы топтастыруға тәжірибелік, көрнекілік, 
сөздік, бейне, кітаппен жұмыс тәсілдері жатады.


95
Тәжірибелік
Көрнекілік
Сөздік
Бейне
Кітаппен 
жұмыс
Тәжірибе 
жүргізу, жаттығу, 
дидактикалық 
ойындар
Иллюстрация, 
көрсету, 
бақылау
Түсін-діру, 
жеткізу 
әңгіме, 
нұсқау беру
Оқу, 
зерттеу, 
мазмұндау, 
жоспар 
құру
Көру, 
компьютер-
мен жұмыс, 
бақылау
2.Қызметіне немесе негізгі дидактикалық мақсатына қарай:
* білім алу;
* білік, дағды қалыптастыру;
* білімді қолдану;
* шығармашылық әрекеттер;
* бекіту;
*білім, білік, дағдыны тексеру;
1.Танымдық әрекеттердің түріне қарай:
* түсіндірме-иллюстрациялық;
* репродуктивтік;
* ішінара ізденіс;
*зерттеушілік әдістерін жатқызуға болады.
1. 
Оқушылардың белсенділігіне қарай:
* белсенді;
* енжар.
2
. Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаттарының табысты шешілуі 
тек қана бір әдіспен шектелмейді. Оқыту әдістерін таңдау мен 
қолдануда төмендегідей дидактикалық факторларды ескеру керек:
- оқыту мақсаттары;
- оқыту деңгейі;
- оқыту мазмұны;
- оқу материалының қиындығы;
- оқушылардың дайындық деңгейі;
- олардың белсенділігі мен қызығушылығы;
- жас ерекшеліктері;
- оқушылардың жұмыс қабілеттілігі;
- оқу дағдыларының қалыптасуы;
- оқыту уақыты;
- оқыту шарттары;
- мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы;
- сыныптағы балалар саны;
- мұғалімнің дайындық деңгейі.
Осының барлығын ескере отырып, сабаққа дайындық 
барысында мұғалім керек әдіс-тәсілдерді өзі таңдайды.


96
3.Сабақ жоспарының сызбасы. 
Уақыты, сыныбы
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет