Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған



Pdf көрінісі
бет29/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

құлын, жұлын, 
күрек, басшы
т.б сөздерді тек есту дағдысына сүйеніп жазуға 
болмайды. Көбіне оларды салыстыру жолымен талдаудың 
жәрдемі тиеді.Сондай-ақ 
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе
сұраулықтарын 
етістіктің болымсыз түрімен, 
мен, бен, пен
септік жалғауларымен 
салыстырудың маңызы күшті. Сөздердің ұқсастықтары мен 
ерекшеліктері, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын, айтайын 
деген ойдың күңгірт, екі жақты болып шығатынын балаларға 
ережені түсіндіргенде де, жаттығу жүргізгенде де, жазуларындағы 
қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы 
зор 
(тұзшы-тұщы, барма-бар ма т.б) 
2. 
Сөйтіп, сауатты жазуға үйренуде аналогия, салыстыру, 
талдау, жинақтау, жалпылау нақтылау сияқты ой операцияларының 
іске асуы ең маңызды шарт болып табылады.
Әрине, сауатты жазуға үйренуде қол қозғалысы арқылы 
қабылдау мен елестетудің алатын орны ерекше екені белгілі. 


87
Көп оқитын, тіпті ережені тамаша білетін оқушы да қолдың 
дағдылануынсыз жазуда қатені көп жібереді және жазуының 
түрі де тартымсыз болады. Сондықтан, әсіресе бастауыш сынып 
балалары үшін танымның есту, айту, тыңдау, көру және қолын 
қозғау арқылы қалыптасатын функцяларын жүйелі түрде үйреніп, 
алғашқы кездің өзінде-ақ жақсы естіп, тындай алып іштерінен 
қайталау т.б тәжірибелерді жинақтаудың тиімді болатынын естен 
шығармауға тиіспіз.
Сөйтіп, жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, 
оқушыларды сауатты жазуға үйрету үшін ескерілетін жағдайларды 
топтап көрсететін болсақ, олар төмендегідей:
1. Мұғалім жазылатын сөздің немесе сөйлемнің мағынасын, 
мәнін оқушылардың түсінетіндігіне әбден көзі жеткеннен 
кейін барып жаздыруға тиіс (оқушы кейде мағынасын жете 
түсінбегендіктен қате жібереді).
2. Сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға, жазғандарына ой 
жүгіртуге бағыт беріп, қатемен жұмыс ұйымдастырады.
3. Үнемі талдау жасау: түбірлес сөздер табу, сөз тіркестері 
арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын 
салыстыру, мұның барлығы оқушының ойлауын арттырып, 
материалды меңгеруге жағдай жасайды.
4. Дыбыстық талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз табының 
қызметі, синтаксистік талдаулар іске асырылып, сөйлеуге 
үйрету жұмыстарымен байланыстырыла жүргізіледі. Арнаулы 
орфографиялық жаттығулар (көшіру), (диктант) тіл дамыту 
жаттығуларымен (мазмұндама, шығарма) кезек жүргізіледі.
5. Сөздік жұмысы үздіксіз жүргізіліп отырады. Әрбір 
оқушының жазудан әлсіз жақтары болады (кейде бір сөздерден 
қате жіберу т.б). Мұғалім ондай балалармен сөздік жұмысын 
жеке жүргізеді.
6. Сауатты жазу дағдысын қалыптастырудың маңызды 
шарттарының бірі – орфографиялық қателерін болдырмау үшін 
алдын ала жинақтау, талдау жұмысы.
7. Белгілі бір жағдайда дағдылану біраз уақыт жаттығуды 
қажет ететіні сияқты, сауатты жазуға жаттығу дағдысы да көп 
қайталауды, жаттығуды талап етеді. Сондықтан өтілгеніне біраз 
уақыт болған материалды жүйелі түрде еске түсіріп отыру 
пайдалы.
Жазуға үйренуде уақытша жүйке байланыстарын 


88
шартты рефлекс арқылы емес, операнттық рефлекс арқылы 
қалыптастырудың мәні ерекше болып табылады. Мұның мәнісі 
балаға дайын жұмысты орындату арқылы дағдыландырудан 
гөрі, өздеріне тапқызу, оларды ізденіп, қиналуға мәжбүр 
ететіндей тапсырмалардың тиімді нәтиже беретіні мәлім. 
Мұның барлығының да мақсаты қалыптасқан уақытша жүйке 
байланыстарын (дағдыны) сақтау (сауатты жазу дағдысы) екенін 
жақсы түсініп, білімін жетілдіріп, педагогикалық шеберлігін 
ұштап отырған мұғалім ғана жұмысын ойдағыдай ұйымдастыра 
алады.
3.
Жазба жұмыстарын тексергенде төмендегі ережелерді 
ұстану қажет:
- Қатенің астын сызу, түзету қызыл сиямен жүргізіледі;
- Қате жазылған әріп немесе тыныс белгісі көлбеу сызықпен 
сызылады, қажетті тыныс белгісі қойылады;
- Қате жазылған сөздің бөлігі, сөйлем жіңішке түзу сызықпен 
сызылып тасталады;
- 1, 2 – сыныптарда сызылып тасталғанның үстіне әріп, 
сөз, сөйлем жазылады;
3, 4 – сыныптарда (дәптер шетіне) жазылады ( / ) – емлелік 
қате, ( V ) – тыныс белгілерінен жіберілген қате;
- Баға тапсырманың оң жағына қойылады;
- Мадақтау жазуларын жазуға рұқсат;
Ескерту, сұраулы ескертулер жазбаған жөн;
- 2, 3, 4 – сыныптарда мазмұндамаларға, шығармаларға 2 
баға қойылады, 
журналдың 1 торкөзіне екі баға қойылады (4/5);
- Жазба жұмыс дәптерлері күнбе-күн тексерілуі керек;
- Қатемен жұмыс жасалады;
4
.Шығармашылық жұмыстарды бағалау мөлшері
2, 3-сыныптарда мазмұндама мен шығармаларда 1 баға – 
мазмұны үшін, 1 баға сауаттылығы үшін қойылады.
/Бақылау/ Қорытынды мазмұндама мен шығармаларға 2 
баға – мазмұны мен емлесіне қойылады.
4-сыныпта үйретуші және қорытынды жұмыстарға 
(мазмұндама, шығарма) екі баға бір торкөзге қойылады.
Шығармашылық жұмыстарды бағалау.
Мазмұны үшін:
«5» – автор мәтінін (мазмұндама) жүйелі әрі дұрыс 


89
баяндағаны үшін қойылады. Тақырып ашылған, сөздік қоры 
бай, сөз қолданысы дұрыс. Сөздік қолданыста 1 қате жіберілген.
«4» – мәтіндегі негізгі ойды толық бере алған (мазмұндама), 
тақырып ашылған, бірақ ойды жүйелі беруде аздаған кемшіліктер, 
мәліметтерді беруде, сөз қолданыста кішігірім қателері бар. 
Сөздік қолданыста 3 қатеге дейін жіберілген.
«3» – мәтін мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген 
(мазмұндама), тақырыптан алшақтаған, негізінен дұрыс 
қолданғанымен ойды жүйелі жеткізуде, 2-3 сөйлем құрылысында 
кейбір кемшіліктері бар. Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателері 
бар. Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 5-тен аспайтын 
қателері бар.
«2» – қорытынды мазмұндама мен шығармалар мазмұнынан 
көбірек алшақта, қателері көп, ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім 
арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң. Жазба жұмысында 
мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп қате жіберілген. 
Сауаттылығы үшін: 
«5» – емле қатесі жоқ, тыныс белгіден қате жоқ, 1-2 түзету 
жіберілген.
«4» – 2 емле қатесі, бір тыныс белгі қатесі, 1-2 түзету 
жасалған.
«3» – 3-5 емле қатесі бар, 1-2 тыныс белгі қатесі бар, 1-2 
түзетулер жіберілген.
«2» – 6-дан көп емле қатесі, 3-4 тыныс белгі қатесі, 3-4 
түзетулер жасалған.
Мектептің бастауыш сатысында шығармашылық жұмыстар 
үйретушілік сипатта болады. Сондықтан қанағаттанарлықсыз 
баға алған жағдайда, ол оқушылармен мұғалім жеке жұмыс 
істеуге міндетті. Өте төмен баға журналға қойылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет