100
Сабақ кезеңінің мазмұны:
1. Сәлемдесу.
Барлық оқу жұмысының барысындағы психологиялық
ахуал мұғалімнің алғашқы сөзіне байланысты. Сыныпқа кірген
мұғалімге оқушылардың қалай қарайтынына көңіл аудардыңыз
ба, көздерінен не байқалады? Оқушылар алдымен мұғалімнің
нені және қалай айтатынын күтеді. «Қайырлы күн, достар! Мен
сіздерді көргеніме өте қуаныштымын және сіздермен бірге жұмыс
жүргізгім келеді! Жақсы көңіл-күй тілеймін» – күлімдеген
ұстаздың аузынан шыққан бұл сөздер баланың сабаққа деген
жақсы көзқарасын тудырады.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың көңілін аударуды ұйымдастыру.
4. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу.
Достарыңызбен бөлісу: