Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған


Үй тапсырмасы туралы мәлімет алу кезеңі



Pdf көрінісі
бет34/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

 Үй тапсырмасы туралы мәлімет алу кезеңі.
(Үй тапсырмасы туралы мәлімет және оны орындау жөніндегі 
нұсқау. Берілген кезеңнің білімділік міндеттерін шешетін 
педагогикалық техниканы көрсету.)
6. 
 Сабақты қорытындылау. 
(Жеке оқушыға және сынып жұмысына сапалы баға беру.)
7. 
 Рефлексия кезеңі.
(Оқушыларың өз көңіл-күйі жайында, өзінің іс-әрекетіне, 
мұғалімі мен сыныптастарының өзара қарым-қатынасына 
рефлексиясын бағамдау.)
5.Сабақтың түрі оқушының білімді меңгеру үрдісінің 
құрылымына қарай құрылады:
Қабылдау → Мәнін түсіну → Есте сақтау → Қолдану → 
Қорыту
Әрбір сабақ түрінің өзіне тән белгілі логикасы болады. 
1-түр. Бастапқы жаңа білімді оқып үйрену және есте 
сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері.
Мақсаты:
оқушылардың қабылдау, мәнін түсіну және 
бастапқы білімді оқып үйрену, есте сақтау әрекетінің әдіс-
тәсілдерін ұйымдастыру. 
Сабақтың құрылымы:
мотивация → түсінуді өзектілеу → 
түсінгендігін алғаш тексеру → алғашқы қайталауды ұйымдастыру 
→ талдау → рефлексия.
Сабақты ұйымдастыру түрі
: дәріс, киносабақ, саяхат 
сабақ, әңгімелесу, сырттай саяхат және т.б.
2-түр. Білімін және іс-әрекет әдістерін жетілдіру.
Мақсаты:
білімді берік орнықтыруды қамтамасыз ету және 
іс-әрекет әдіс-тәсілдерін жетілдіру.
Сабақтың құрылымы:
мотивация → жетекші білімді 
стандартты және өзгерген жағдайда өзектілендіру → білімді 
өз бетінше қолдану → бақылау және өзін-өзі бақылау → түзету 
→ рефлексия.
Сабақты ұйымдастыру түрі
: практикум, семинар-сабақ, 
«ашық ойлар» сабағы, «Брейн-ринг» ойыны, тренинг – сабақ, 
өзіндік жұмыс және т.б.
3-түр. Білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану. 


98
Мақсаты:
оқушылардың кешендік білім және іс-әрекет 
түрлерін өз бетімен қолдануы үшін мазмұндық және ұйымдастыру 
жағдайларын жасау. 
Сабақтың құрылымы:
мотивация → кешенді білім мен іс-
әрекет әдістерін өзектілендіру → ұқсас және жаңа жағдайларда 
білімді өз бетімен қолдану → бақылау және өзін - өзі бақылау 
→ түзету → рефлексия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет