94
әрекеттердің орындалуын қажет етеді: сараптау, жалпының
ішінде маңыздыны табу, салыстыру, дерексіздендіру,
жақсы
түсінсе, білім, білік-дағдыға айналып, жақсы меңгеріледі.
Меңгеру нәтижесі – заттардың, құбылыстардың, үрдістердің
мән-мағынасы туралы оқушылардың түсінігі қалыптасуы.
Осы меңгерілген ұғымдар, түсініктер бекіту кезеңінде өтіл-
ген материалды тәжірибеде қолдану барысында жетіледі. Мұғалім
бұл кезеңде үнемі қайталаудың маңызын есте сақтағаны дұрыс.
Қорыту кезеңінің мақсаты
– білім, білік, дағдыны жалпы
бір жүйеге келтіру.
Оқыту үрдісінің соңғы кезеңі – оның нәтижелілігін анықтау.
Диагностикалау – балалардың білім, білік, дағдыны қаншалықты
меңгергенін көрсетеді, оқытудың сапасын, кемшіліктерді
анықтауға көмектеседі.
Оқу үрдісі нәтижелі болуы үшін мектепке келген 6-7
жасар баланың мектеп өміріне бейімделуіне аса назар аудару
керек. Балалардың 52-60%-ы 2-3 айдан кейін-ақ ұжымға
үйреніп, сыныптастарымен достасып, тез араласып кетеді. Бұл
оқушылар білімге құмарлық, ынта, белсенділік, жауапкершілік
байқатады. Баланың 30%-ның оқушылық өмірге бейімделуі көпке
созылады. Олар көпке
дейін мұғалім талабын ескермей, оқу
әрекетінен гөрі ойынды жақсы көріп, сыныптастарымен ортақ
тіл табыспай жатады. Ал қалған 10-15%-ы оқуды қабылдағысы
келмей, сыныптастарынан алшақтап жүреді. Осының барлығын
мұғалім бақылап, әрқайсысының тілін тауып, оларды әрқашан
мақтап, достастыруға ұмтылуы керек.
Бастауыш мектеп жасындағы баланы оқуға қызықтыру
мәселелері әрқашанда өзекті. Осы жерде қолданылатын әдіс-
тәсілдер туралы мәселе де туындайды. Оқыту әдістерінің қызметіне
оқытушылық, оқуға қызығушылық тудыру, дамытушылық,
тәрбиелік, ұйымдастырушылық қызметтері жатады. Өйткені,
әдістер тек оқыту құралы емес, олар арқылы қызығушылық
тудыру,
тәрбиелеу, бүкіл оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға
болады. Оқыту мақсатына жету жолдары өте көп, оның тиімдісін
табу мұғалім шеберлігіне байланысты. Әдістерді таңдай білу
үшін, олардың жіктелуіне қысқаша тоқталайық.
1.Білім алу көзіне қарай:
Білім көзіне тәжірибе, көрнекілік, сөз, кітап, бейне
материалдары жатады. Осы топтастыруға тәжірибелік, көрнекілік,
сөздік, бейне, кітаппен жұмыс тәсілдері жатады.
95
Тәжірибелік
Көрнекілік
Сөздік
Бейне
Кітаппен
жұмыс
Тәжірибе
жүргізу, жаттығу,
дидактикалық
ойындар
Иллюстрация,
көрсету,
бақылау
Түсін-діру,
жеткізу
әңгіме,
нұсқау беру
Оқу,
зерттеу,
мазмұндау,
жоспар
құру
Көру,
компьютер-
мен жұмыс,
бақылау
2.Қызметіне немесе негізгі дидактикалық мақсатына қарай:
* білім алу;
* білік,
дағды қалыптастыру;
* білімді қолдану;
* шығармашылық әрекеттер;
* бекіту;
*білім, білік, дағдыны тексеру;
1.Танымдық әрекеттердің түріне қарай:
* түсіндірме-иллюстрациялық;
* репродуктивтік;
* ішінара ізденіс;
*зерттеушілік әдістерін жатқызуға болады.
1.
Оқушылардың белсенділігіне қарай:
*
белсенді;
* енжар.
2
. Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаттарының табысты шешілуі
тек қана бір әдіспен шектелмейді. Оқыту әдістерін таңдау мен
қолдануда төмендегідей дидактикалық факторларды ескеру керек:
- оқыту мақсаттары;
- оқыту деңгейі;
- оқыту мазмұны;
- оқу материалының қиындығы;
- оқушылардың дайындық деңгейі;
- олардың
белсенділігі мен қызығушылығы;
- жас ерекшеліктері;
- оқушылардың жұмыс қабілеттілігі;
- оқу дағдыларының қалыптасуы;
- оқыту уақыты;
- оқыту шарттары;
- мұғалім
мен оқушының қарым-қатынасы;
- сыныптағы балалар саны;
- мұғалімнің дайындық деңгейі.
Осының барлығын ескере отырып, сабаққа дайындық
барысында мұғалім керек әдіс-тәсілдерді өзі таңдайды.