85
2. Белова Л.В. В семье – первоклассник. М.; Просвещение,
1980.
3. Венгер Л.А., Венгер А.Л. Готов ли Ваш ребенок к школе.
М., Просвещение 1994.
4. А.Қ.Бидайбекова Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісін
ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар. Алматы, 2010.
5. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев “Педагогика” А., 2002 ж,
6. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 2006.
14. Сауатты жазуға үйрету мәселелері
Дәрістің мақсаты:
Сауатты жазуға үйрену үшін жүргізілетін
жұмыс түрлерін талдау, машықтану.
Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер
Жоспары:
1. Сауатты жазуға үйрету үшін атқарылатын жұмыс түрлері.
2. Сауатты жазудағы ой операцияларын іске асыру кезеңдері.
3. Жазба жұмыстарын тексеру тәртібі.
4. Шығармашылық жұмыстарды бағалау мөлшері.
1. Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді.
Мектепте грамматиканы оқыту неғұрлым жақсы жолға қойылса,
оқушылардың сауаттылығы да соғұрлым жоғары болады. Олай
болса, белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын грамматикалық
құбылыстар саналы түре ұғындырылып, содан кейін қорытынды
шығарылуы қажет. Мұнда ережені мәніне түсінбей, құр жаттап
алудан сақ болған жөн.
Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ережелерін анық етіп
түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді
меңгерту тәсілдерін
қарастыруға тиіс. Мысалы, қандай да болсын сөз немесе оған
жалғанған қосымшалар басқаша болмай, неге солай жазылғанына
оқушы түсініп және оқыған ережесіне сүйеніп, оны дәлелдей
алатын болса, оның ережені саналы меңгергені ал ережені
мүдірместен айтып бергенімен, неге солай жазылып тұрғанын
дәлелдей алмаса, оқушы ережені механикалық түрде меңгерген
болып шығады да, ол білгендерінің сауатты жазуға пайдасы
шамалы болады. Сондықтан балалар мұғалімнің басшылығымен
тіл құбылыстарын, емле ережелерін бақылап, талдауға, оларды
бір-бірімен салыстыруға, ой жүгіртуге, сипаттауға, өз беттерімен
жазған жазу жұмыстарында қолдануға міндетті.
86
Грамматиканы оқу барысында оқушылар тіл құбылыстарын
саналы түсінумен қатар, тілдің нақты фактілерін де білулері
қажет. Мысалы, сөйлемдегі сөздердің жалғауларын ажыратып
айтып та бере алады. Бірақ өздері
сөйлем құрауға келгенде
оны қолдана алмайды. Егер олар сөйлем құрағанда сөздердің
арасындағы байланысты анықтау арқылы, жалғаудың қызметіне
көңіл аударып дағдыланса, мұндай байланысты өздері сөйлем
құрғанда да сақтауға тырысады. Бұл үшін сөйлемдегі бір сөзден
екінші сөзге сұрақ қойып дағдылану қажет. Мысалы, мен (кім?)
мектепке (қайда?) барамын т.б
Сауатты жазуға үйрену үшін аналогия арқылы жаза білудің
де маңызы зор. Ереже, қандай да болсын, тек жалпы ғана нұсқау
немесе түсінік береді. Яғни, онда нақты бір сөзді қалай жазу
емес, бір топтағы сөздердің жазылуы көрсетіледі. Сондықтан
оқушылар бір ережені меңгеру барысында дайын мәтінмен ұқсас
мысалдарды таба білуге немесе өздері мысал келтіре алуға тиіс.
Оқушылар сол ережені оған ұқсас басқа жағдайларда қолдана
алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасты
деп есептеуге болады.
Дұрыс, сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына,
буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге, әріп
алмастырып алмауға бірсыпыра көмектеседі. Мұндай жаттығулар
III-IV сыныптарда да жүргізіліп отырады.
Тіліміздегі жазылуы айтылуынан өзгеше
Достарыңызбен бөлісу: