Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған


Студенттердің өздігінен дайындауға арналған бақылау



Pdf көрінісі
бет25/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

Студенттердің өздігінен дайындауға арналған бақылау
сұрақтары:
1. Әліппеде суреттер берудегі мақсат .
2. Кеспе әліппе.
3. «Жазу үлгісін» пайдалану заңдылықтары.
4. Дидактикалық материалдарды пайдалану
5. Тоқсан бойынша жазба жұмыстарын алу
Пайдаланылатын әдебиеттер::
1. Белова Л.В. В семье – первоклассник. М.; Просвещение, 
1980.
2.Венгер Л.А., Венгер А.Л. Готов ли Ваш ребенок к школе. 
М., Просвещение, 1994.
3. А.Қ.Бидайбекова Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісін 
ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар. Алматы, 2010


80
4.Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев “Педагогика” А., 2002 ж,
5.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 2006
13. Сауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын дамыту
Дәрістің мақсаты:
Сөйлемдегі сөздердің айтылу мен жазылу 
ережелерін меңгерту, сөйлемді оқығандағы дауыс ырғағы, соңына 
дауыс үзілісінің жасалуы, сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен 
басталып, сөйлем соңына нүкте қойылуы, сөйлемдегі бас әріппен 
жазылатын сөздер (кісі, жер-су аттары).
Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер
Жоспары:
1. Сауат ашу кезінде балалардың тілі мен ойын дамыту 
жұмысының міндеттері.
2. Байланыстырып сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жетекші 
әрекеттер.
3. Бастауыш сыныптардағы жазба жұмыстарының түрлері.
1.Соңғы психологиялық зерттеулерге қарағанда бастауыш 
сынып балаларының өзін теориялық ойлауға, жалпыдан жекеге 
көшу, заттар мен құбылыстардың арасындағы байланысты 
аңғаруға үйретуге болатыны анықталды. Мектепке оқуға түскен 
бала заттар мен құбылыстардың негізгі белгілерін әлі айыра 
алмайтын болса, мұның өзі олардың тәжірибесінің аздығынан, 
білімінің жеткіліксіздігінен деп түсінген жөн.
Осыған орай І сынып оқушыларының заттар, құбылыстар 
туралы елестерін анықтап, бір жүйеге келтіру қажет. Бұл жұмыс 
әуелі әліппеден бірілген сөздер арқылы жүргізіледі.
Бірінші сынып оқушылары естігендері, көргендері, 
кейбіреулері оқығандары жөнінде айтып бере алады. Алайда 
олардың сөйлемдері нашар, жүйесіз құрылған, белгілі бір 
жоспармен айта алмайды. Ойы негізгі нәрседен басқаға тез 
ауып кетеді. Мысалы, ойынның түрлері жөнінде әңгімелегенде, 
шешесімен барып, дүкеннен ойыншық сатып алғанына ауысады 
т.с.с. Егер мұғалім әңгімені дұрыс салаға бағыттап отырмаса, 
тіл дамыту құр мылжың болып кетуі мүмкін. Мұндағы негізгі 
міндеттің өзі – балаларды белгілі бір жүйемен сөйлеуге үйрету.
І сынып оқушылары сурет бойынша сөйлегенде де ұсақ 
бөліктерге көбірек тоқталады. Мұның өзі де олардың ойының 


81
жинақы еместігін көрсетеді. Ал мәтін бойынша сөйлегенде көбіне 
сөзбе-сөз айтуға, яғни мәтіннің сөзімен баяндауға тырысады. 
Бұл құбылыс олардың көбінесе естің жұмысына сүйенетінін 
байқатады. Сондықтан балаларды ойлауға, сөздерді «көре» 
білуге, оның мағынасын ұғынуға үйрету жағына баса назар 
аудару қажет.
І сынып оқушысы дыбыстық талдауды меңгеру барысында 
дыбыстар тобын еркін ұғына алады, негізгі типтік дыбыстарды 
абстракциялайды, осының арқасында жазуға үйренеді. 
Оқуды меңгеру барысында да оқушылар әрбір жеке 
дыбысты, оның әрпін естерінде ұстау ғана емес, дауысты, 
дауыссыз дыбыстардың негізгі қасиеттерін де үйренеді. Мұнда 
балалардың көрнекі-бейнелік ойлауы (көрнекі түрде салыстыру, 
қайта құрастыру) пайдаланылады.
2.
Оқушылардың тілін дамыту үшін әліппедегі мәтіндер 
мен берілген сөздер өмірдің әр саласын қамтиды: балалар мен 
үлкендер өмірі, табиғат құбылыстары, баланы қоршаған сан 
алуан заттар, өсімдіктер, жануарлар дүниесі т.б. Сөзді қабылдау 
және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Айтылған сөзді 
дұрыс қабылдамайынша оны ұғыну мүмкін емес. Бұл екі үдеріс 
бір мезгілде жүріп отырады, бір-бірінсіз іске аспайды.
Оқушылар әр топтағы заттармен, олардың қызметімен, 
неден жасалғанымен танысады. Соңында оларды топтастырады, 
негізгі белгілеріне қарай ажыратады. Мысалы, шеті иректелген 
жапырақты ағаштарды бір топқа, қылқан жапырақты ағаштарды 
екінші топқа (шырша, үйеңкі) т.б. жіктей алады.
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік 
қызметінің нәтижесі. Әліппе кезеңіндегі негізгі міндет – 
балаларды ауызша сөйлем құрауға үйрету. Әліппедегі суреттердің 
көпшілігі балаларды сөйлем құрауға үйретуді және олардың 
сөйлеу қателіктерін түзетуді көздейді.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы 1 сынып 
оқушыларының сөз, сөйлем ұғымдарынан тұратыны белгілі. 
Олар сөйлемді сөзге бөледі. Бір сөйлемде қанша сөз бар 
екенін анықтайды, өздері екі-үш сөзден сөйлем құрайды. 
Ертегіні қайталап айтқанда, әңгімелескенде олар сөйлеммен 
сөйлейді. Сөйлеу өзінің қызметін дұрыс атқару үшін екі сипат 
болуы шарт. Ол – сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлілігі. 
Сөздің мазмұндылығы дегеніміз – айтылатын сөздің тазалығы, 


82
айқындығы. Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – адамның сөйлемді 
өзінің эмоциялық бояуымен, сазымен айта білуі. Сөйлеу әрекеті 
тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз 
қуысының бұлшық еттері т.б.) дұрыс қызмет істеуін қажет 
етеді. Байланыстырып сөйлеуге үйрету сұрақ-жауап түрінде 
жүргізіледі. Ол (сұрау) әңгіменің жоспары іспеттес болуы керек. 
Логикалық байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін диафильм, 
мультфильм деформациялық мәтіндер алған жақсы.
Дыбысты бұзып айту бірқатар жағдайда оны дәл қабылдай 
алмағандықтан болуы мүмкін. Мысалы, ұяң дауыссыздарды 
қаттылау айту, айтылуы ұқсас дауыссыздарды ажыратпай, 
түсініксіз айту (с-ш, ж-з, ч-щ, т.б.). Мұндай жағдайды балаға 
осы дыбыстардан қос буын құратып айтқызса, (па-ба, ба-па, 
ка-га, га-ка т.б.) оңай білуге болады.
Дыбыстарды бұзып айту сөзді дыбыстық талдау барысында 
да көрінеді. (Мысалы, шаша, шана сөздерінен «ш» дыбысын 
бөліп көрсеткенде т.б.). Баланың сөйлеу кемшілігін жөндеу әрбір 
баламен үнемі жеке жұмыс жүргізуді талап етеді.
Егер баланың сөйлеуі анық болмаса және ол түзеле қоймаса, 
мұндай жағдайда оны маман мұғалімге-логопедке жіберу керек.
3. 
Бағдарлама талаптары бойынша оқушылардың білім, білік, 
дағдыларының нақты болуы қазақ тілін оқытудың мазмұны мен 
әдістеріне байланысты. Қазақ тілін оқытуда негізгі дидактикалық 
принциптер жүзеге асады.
Білімді меңгеруді қамтамасыз ететін басты дидактикалық 
жағдай – оны жүйелі тексеріп отыру және бағалау. Қазақ тілі 
бойынша негізгі жазба жұмыстарының түрлері: көшіріп жазу, 
сын жұмыстары (түсіндірме, көру, терме, сөздік, шығармашылық, 
бақылау диктанттары), тест жұмысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет